Apple құрылу тарихы
APPLE
ҚҰРЫЛУ ТАРИХЫ
APPLЕ компаниясы 1976 жылдың 1 сәуірінде құрылды. Компанияның негізін Стив Джобс, Стив Возняков және Рональд Уейн салған. Алғашқыда компанияның аты “Apple Computer, Inc.” болған. Ал оның логотипі компанияның атына сай алма болды. 30 жыл аралығында компания тек компьютерлермен ғана айналасты. Ал кейін компания баскада техникалармен айналаса бастады. Сол үшін 2007 жылдың 9 қаңтарында Computer сөзі алынып тасталды.
Компанияны құрғаннан кейін Стив Джобс пен Стив Возняк компьютерлерді құрастырып оларды сата бастады. Алғашқыда олар Apple 1 компьютерлердің 200-ден астамын сатып жіберді.
Bell & Howard фирма көмегімен олар Apple 2 компьютердерді құрастырып, 1978 жылы сатуға шығарды. Олар 2 млн компьютерлер сатып, әлемге танымал боды. Apple 1 мен Apple 2 Стив Возняк құрастырды.
1980 жылы басты екі оқиға болды
Біріншісі ол компания өзінің акцияларын биржаға шығарды. Сол уақытта олар ең көп акцияларын шығарған компания болды. Акцияларды Лондон биржасында және Nasdaq биржасында сатып алуға болатын еді.
Екінші оқиға Apple 3 компьютердің шығарылуы сәтсіз аяқталды. Оған қарамастан Apple өзінің дәрежесін сақтап қалды
Macintosh
1984 жылы компания жаңа Macintosh компьютерлерін шығара бастады. Macintosh 70-жылдардан бастап құрастырыла басталды. Macintosh бұл американдық алма сорты, бұл сортты Macintosh проекттінің бастығы Джеф Раскин жаксы көрген. Macintosh-та графикалық интерфейс және тышқан белсенді қолданды. Macintosh-та фирмалық операциялық жүйемен жабдықталған Motorola процессорларымен жұмыс істеген.
1985 жылы АҚШ-тың президенті Рональд Рейган техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін Джобс пен Вознякты медальдармен марапаттайды.
Сол жылы Стив Джобс компаниядан кетіп, жаңа NeXT фирмасында жұмыс істеді. Уақыт өте келе Apple NeXt фирмасын сатып алды. Джобс кеткеннен кейін компания шығындары арта берді.
1997 жылы Стив Джобс компанияға қайта оралып, компанияның жағдайын қайта жақсарта бастады.
2001 компания өзінің жаңа құрылғысы аудиоплеер Ipod-пен халықты таң қалдырды. Оны халық белсенді сатып ала бастады, сосын ол нарықта көш бастады. Аудиоплеерді қолдау үшін оған арнайы онлайн-дүкен iTunes Store, ашылды. Онда белгілі баға үшін Ipod-та тындау үшін өлеңдер сатылды.
iPhone мен iPad
2007 жылы нарыққа жаңа тауар шықты ол сенсорлы ұялы телефон iPhone. Бұл тауар жаңалық болып, әлемге танымал болды.
2010 жылы нарыққа тағы бір жаңа тауар шықты. Ол планшетті компьютер iPad. iPad шығуымен әлемде жаңа компьютер нарығы пайда болып, онда iPad көш бастап тұрды.
iPod iPhone iPad
Осы жаңа өнімдерді шығару арқасында Apple өзінің қаржылық жағдайын біршама жақсартып алып, 2011 жылы 10 тамызда компанияның нарықтағы бағасы 338 млрд долларға жетіп, ExxonMobil мұнай компаниясын басып озып, ең қымбат компанияға айналған.
Қазіргі уақытта Apple тек қана техника шығаратын компания ғана емес, ол сонымен қатар программаларды сатады.
Компания техниканың көп түрін шығарады: мультимедиялық плеер, ұялы телефондар, серверлер, компьютерлер мен ноутбуктар шығарады.
Қазіргі уақытта Apple компаниясы дамып келе жатыр. Және жоғарғы дәрежелі компания болып қалып келе жатыр.
1) Apple компаниясы қай жылы құрылды?
A) 1986 жылы
B) 1964 жылы
C) 1978 жылы
D) 1976 жылы
E) 1984 жылы
2) Компанияны Стив Джобспен біргк кім құрды?
A) Марк Цукерберг
B) Стив Возняк
C) Билл Гейтс
D) Тим Кук
E) Павел Дуров
3) Неше Apple 1 компьютерлері сатылды?
A) 100 астам
B) 500 астам
C) 300 астам
D) 200 астам
E) 400 астам
4) Apple 2 компьютерлері қашан шығарылды?
A) 1978 жылы
B) 1980 жылы
C) 1979 жылы
D) 1985 жылы
E) 1981 жылы
5) Apple 2 компьютерлерін шығаруға қандай фирма көмектесті?
A) Sony
B) Microsoft
C) Siemens
D) Bell & Howard
E) LG
6) Macintosh қашан шығарыла бастады?
A) 1980 жылы
B) 1985 жылы
C) 1983 жылы
D) 1984 жылы
E) 1986 жылы
7) Қашан Стив Джобс пен Стив Возняк техникалық үдерістің дамуына үлес қосқаны үшін қашан медаль алады?
A) 1995 жылы
B) 1990 жылы
C) 2000 жылы
D) 1985 жылы
E) 1989 жылы
8) Стив Джобс компаниядан кетіп, қандай фирмада жұмыс істеді?
A) Next
B) Sony
C) Facebook
D) Nokia
E) Beats
9) 2007 жылы нарыққа компания қандай тауар шығарды?
A) Iphone
B) Ipod
C) Ipad
D) Macbook
E) Ipad mini
10) Стив Джобс компанияға қашан оралды?
A) 2000 жылы
B) 2004 жылы
C) 1998 жылы
D) 1997 жылы
E) 2002 жылы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?