20 ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: XX ғ. басындағы Қазақстанның мәдениеті”

Орындаған: Назарметов А.А.

109 топ ЖМФ

Тексерген: Абдрахманова К. Ж.

Қарағанды 2010

Жоспар:

Мәдениет

Музыка және балет өнері

ХХ ғасыр мәдениетінің өкілдері

ХХ ғ қазақ әдебиеті

Ахмет Байтұрсынов

Мұхтар Әуезов

Әлихан Бөкейханов

Мәдениет

Мәдениет (араб. “маданият”) – қала, қалалық; лат. Culturalөңдеу, өсіру) – 1) белгілі бір халықтың қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; 3) адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі; 4) агромәдениет.

Мәдениеттің мақсаты – адам бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеті мен эстетикалық сезімді дамыту.

Мәдениет – халықтың мыңдаған жылдар бойы жинақталған шығармашылық мұрасы, онда қоғам мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталған.

Музыка және балет өнері

Ауылдарды аралап жүретін әнші-өлеңші (әншілер), күйшілер, ақындар мен жыршылар ертеден дәстүрлі музыка өнерін таратушылар болып саналады. Жаңа кезеңде музыка өнерінің дамуына ХІХ, ХХ ғасырлар ортасындағы белгілі халық композиторлары мен әншілерінің, композитор-аспапшылардың әсері ерекше болды. Олардың арасында қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаев, Біржан Қожағұлов, Жаяу-Мұса Байжанов, Дәулеткерей Шығаев, Құрманғазы Сағырбаев, Ықлас Дүкенов, Мұхит Мералиев, Балуан-Шолақ, Ақан-Сері, Тәттімбет, Мәди, Қазанғап, Дина Нүрпейісова, Кенен Әзірбаев және басқаларды атауға болады.

ХХ ғасырда қазақтың музыка өнері жаңа музыкалану мен жанр формаларымен ерекшеленді. Аз ғана тарихи уақыттың бөлігінде республика көп дауыспен және еуропалық классикалық музыка-операның, симфонияның, балет инструменталды концерті, кантатаның, ансамбльдің, оркестрлік және хор орындаушылық түрлерінің жанрлық арсеналы жаңа кәсіби композиторлық мектептің негізін қалады. ХХ ғасырдың 30-40-жылдарында ұлттық мазмұндағы органдық синтездің және еуропалық форма негізінде қазақ опера өнерінің классикалық туындылары жарық көрді, олар – Е.Брусиловскийдің «Қыз жібек», А.Жұбановтың, Л.Хамидидің «Абай», М.Төлебаевтың «Біржан мен Сара», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу» және басқа опералар.

Орындаушылық және композиторлық шығармашылықпен қатар республикада музыкаландырудың дәстүрлік формалары дамып, бұқаралық музыканың формалары (рок эстрада, джаз) қалыптасуда, фольклор мен Қазақстан халқының ауызша кәсіби дәстүрлері де дамып жатыр. Республикада түрлі көркем салаларды орындаушылық ұжымдар жұмыс жасауда – мемлекеттік симфоникалық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ халықтық аспаптар оркестрі, мемлекеттік үрлемелі оркестр, хор, халық билерінің ансамблі, Г.Жұбанова атындағы мемлекеттік квартет, эстрадалық ансамблдер, үрлемелі және джаз оркестрлері.

ХХ ғасыр мәдениетінің өкілдері

ХХ ғ. қазақ әдебиеті

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi.

ХХ ғ. қазақ әдебиеті

Сәбит шағын сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда «Исатай-Махамбет» дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ халық поэзиясы.

Өнер және білім. Ахмет Байтұрсынов

Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруда Байтұрсынұлы зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі деп оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласын атауға болады. Онда қазақ халқының рухани өмірінде Абайдың аса ірі тұлға екені, өмірбаяны, шығармаларының мазмұн тереңдігі, ақындық шеберлігі, поэтикасы, орыс әдебиеттерімен байланысы туралы ойлы пікірлер айтылған, ақын мұрасының эстетикалық қадір-қасиеттері ашылған. Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайында» алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 ж. Москвада шығарды.

Ахмет Байтұрсынов

Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 ж. «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркем сөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жан-жақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болды. Бұл еңбегінде Байтұрсынұлы ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің әлеуметтік, қоғамдық мән-маңызын ашудан гөрі адамгершілік, эстетикалық әсемдік әуенін талдауға көбірек көңіл бөлген. Сондай-ақ мұнда жазба әдебиеттегі ағымдар, әдістер туралы ой-түйіндер айтылған. Кітаптың бірінші бөлімі «Сөз өнерінің ғылымы» деп аталады да, онда көркем сөздің толып жатқан қыры мен сыры, тараулар мен тармақтар, тіл әуезділігінің қыруар шарттары, «сөздің өлең болатын мәнісі», өлең айшықтары, «шумақ түрлері», «тармақ тұлғалары», «бунақ буындары», «ұйқастығы» т.б. сөз етіледі.

Екінші бөлімі «Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі» деп аталады да, көркем қара сөз табиғаты, оның тараулары — шежіре, заман хат, өмірбаян, «мінездеме», тарихи әңгіме, «әліптеме, әліптеу тәртібі — мәнді әліптеме, сәнді әліптеме, жол әліптемесі, байымдама, байымдау әдістері, түрлері — пән, сын, шешен сөз, оның түрлері, саясат шешен сөзі, білімді шешен сөзі, уағыз көркем сөз» деп жүйелеп келіп, әңгіме, романға сипаттама береді. Еңбектің «сындар дәуірі, онда шығарма түрлері» атты тарауы өте маныз-ды. Онда сыншыл реализм туралы алғашқы пікірлер нышанын кездестіруге болады.

Байтұрсынұлы Еуропа жұртындағы сындар әдебиетінің бай тәжірибесін меңгеруге бет алушылық, қазақ көркем сөз ізденістерінде сәйкестік, үйлесімділік тапқанын айтады. Байтұрсынұлы әдебиет зерттеушісі ретінде қазақ әдебиетінің даму процесін жеке дара бөліп қарамай, барлық халықтар әдебиетіне ортақ сипаттармен ұштастыра талдауға тырысады.

Байтұрсынұлының жыраулардың мұрасын жетік білетінін осы еңбегінен айқын көреміз. Сөз өнерінің көне дәуірдегі үлгілері, 15-17 ғ-лардағы жыраулар поэзиясының біразы ақын назарына іліккен. Асан Қайғы, Нысанбай жырау, Бұдабай ақын, Наурызбай би, Құбыла ақын, Жарылғап ақын, Алтыбас, Ақмолда, Әбубәкір, Шортанбай, Байтоқ, Сүгір ақын, Мұрат, Досжан, Орынбай, Шернияз т, б. ақын-жазушылар шығармаларынан үзінділер бар.

Мұхтар Әуезов

1918 жылы М.Әуезов Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады.

921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.

Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.

Ұлттық теңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл» атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.

1930 жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып, 1932 жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «Социалистік Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды.

Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелері

Бүгінгі таңда республикамызда 147 мұражайлар мен әр саладағы мұражай-қорықтары істеуде. Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатының жолбасшысы болатын 3495 кітапхана қызмет көрсетеді.

Республикамыздың астанасы – Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы қызмет көрсетуде. Ондағы жиынтықта тарихи мұражай, қоғамдық кітапхана, концерттік зал бар. Қазақстан Республикасының алтын және бағалы заттар Мемлекеттік мұражайы, Қазіргі заман өнерінің мұражайы, Астана қаласының атақты жазушы Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайы. Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Тамғалы шатқалындағы бірегей петроглиф және археологиялық жиынтықты қорғау мақсатында Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық- мұражайы «Тамғалы» құрылды.

2004 жылдың шілде айында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының құрылысы аяқталды.

Қазіргі таңда кітапхана толықтырмалармен айналысуда, өз қорын жинақтауға және кітапхананың web-сайтын жасауға кірісті. Айтып өту қажет, республикамыздағы кітапханалық жұмыстар соңғы технологиялық инновациялардың әсерімен жүзеге асуда. Кітапханалар әлемдік ақпараттық жүйені қамтуда, электронды қолданушыларды мағлұматтық базаға енгізуде.

Кітапханалар жазба ақпараттарымен қоса, аудио-видео кассеталарды және СD шағын-дискілерін, электронды және web-мағлұматтарын тыңдауға мүмкіндік бар. Бірлескен жүйелер ұйымдары құрылуда. Оған мысал Қазақстандық бірлескен каталогиялық Орталықтың жұмыстары, оның мүшелері еліміздегі 14 кітапхана, ол ресей-қазақстандық «Шекарадағы кездесулер» жобасы, оның мақсаты жалпы мағлұматтар базасын құру, біркелкі қолдану интерфейсті барлық топтамаларға кіруге мүмкіндігі бар электронды құжаттарды құрау.

Ақпараттық білімді, мәдени-ағартушылық инфрақұрылымын ары қарай дамытудың мақсатында Қазақстанның археологиялық және этнографиялық Мемлекеттік мұражайын, Абылайхан атындағы тарихи-этнографиялық жиынтықты құру жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ «Ыссық», Шығыс-Қазақстан облысы Қатон-Қарағай ауданындағы ауданындағы «Берел» тарихи-мәдени қорық-мұражайы жасалынуды.

Қазіргі Қазақстанның мәдениет және өнер мекемелері

Жаңа ескерткіш ғимараттарды жөнге келтіру мақсатымен, Қазақстан Республикасының Үкіметі 2001 жылдың 1 наурызындағы қаулысына сәйкес республика аймағындағы монументтер мен ескерткіштеріне Мемлекеттік комиссия құрылды.

ҚР алтын және бағалы металдар Мемлекеттік мұражайы, ҚР Президенттік мәдени орталық қорларының «Алтын жауынгер, сақ қорғандарының қазыналары» көрмесі Мемлекеттік «Мәскеу Кремль» тарихи-мәдени мұражай-қорығында үлкен табыспен өтті. Ал, «Әлеммен мойындалған Қазақстан» атты кітап көрмесі, Ресей мемлекеттік кітапханасында көрермендерді таң қалдырды.

Қазақстанның суретшісі Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Абылхан Қастеевтің туылғанының 100 жылдығына арналып, мүшелтойлық көрмесі ашылды. Мүшелтой шараларының барысында ғылыми-тәжрибелік конференциялар өткізіліп, шығармаларының иллюстрациялы альбомы жарық көріп, естелік тиындары жасалынды. Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайда «Бейнелеу өнерінің: мәселелері мен болашағы» тақырыбында «Дөңгелек үстелдер» өткізілді. Оған көрнекті шығармашылық одағының мәдениет қайраткерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында мәдениетті қорғау және дамуы жөніндегі мәселелер де қозғалды.

2005 жылдың 25 наурызында Жапонияның Аичи қаласында «Экспо-2005» Халықаралық көрмесі өтті. Қазақстанның басты мұражай қорларындағы республикамыздың мәдени әралуандығын елестететін құндылықтарымыз ол жердің халқын бей-жай қалдырмай көрермендерді таң қалдырды. Көрмеге күніне 5 мыңнан астам адам келеді.

2005 жылы 29 наурызында Пекин қаласында тұңғыш рет Қазақстанды-Қытайлық Подкомитетінің мәдени-гуманитарлық қатынас тақырыбында отырыс өтті. Күн тәртібінде Қытай Мемлекеттік кітапханасында «Қазақстан мәдениетінің орталығын» құру мәселесі қаралды. Оның мақсаты Қазақстан мәдениетін өрістету, мәдени құндылықтармен айырбас жасау және қатынасты нығайту. Кейіннен тараптар Қатайдағы «Қазақстанның мәдени орталығын» құруды кеңеседі.

Болашақ жоспарда ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде бейнелеу өнері және қолданбалы-декоративті көрмесін ұйымдастыру бар. АҚШ мұражайларында «Орталық Азиядағы әңгімелесу және мәдени әр алуандылық», «Алтыннан және шөптен: Қазақстанның көшпелілері» көрмелерін өткізу. Көрмеде Ыссық, Берел қорғандарында археологиялық қазбалар кезінде табылған бірегей зергерлік бұйымдар қойылады.

Әлихан Бөкейханов - Алаш Орда үкіметінің төрағасы

20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды.

Алашорда мүшелері

Қорытынды

ХХ ғасырдың басында Қазақстанның мәдениеті өтпелі қоғамның күрделі құрылымын бейнеледі.

ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейханов: “Қазақ даласында Самақан, Бұқара, Стамбул, Қазандағы және басқа да мұсылман орталықтарындағы жоғарғы мұсылман мектептерін бітірген Науан хазірет сияқты ғұламалар көптеп кездеседі. Қазақтардың қанша пайызы сауатты екендігін айту қиын, өйткені оқыту құпия түрде жүргізіледі және статистикалық әдебиетте мәліметтер берілмейді”,-деп атап көрсеткен.

Қолданылған әдебиеттер:

Артықбаев Ж.О, Пірманов Ә.Б, “Қазақстан тарихы”.

Мұхамедов М.Б, Сырымбетұлы Б. “Қазақстан тарихы”.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу