18 ғасырдағы Қазақстан мәдениеті


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы.

Тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті

Орындаған: Колбаева А.А.

110 топ ЖМФ

Тексерген: Абдрахманова К.Ж.

Қарағанды 2010

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

XVIII-XX ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан Мәдениеті

Халық ағарту ісі

Ғылым және Қазақстан ғылыми зерттеу

Қазақтардың материалдық мәдениеті. Әдет ғұрыптары мен ырым жорлары

Қазақстандағы ақпан революциясы

Пайдаланылған әдебиеттер.

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Қазақстан Ресейдің Англяның, Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған. Сөйтіп өлкені өнеркәсіптік – көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру ийтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе сол халықтың тарихы болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғадық санада берік орнатты.

XVIII-XX ғғ. Бас кезіндегі Қазақстан Мәдениеті

Халық ағарту ісі

XIX ғ. Ортасына дейін қазақ балаларын оқыту – құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Мұсылман мектептерінде негізінен ер балалар оқыды. 1884 ж. Верный, Қапал және Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А.Құнанбаев, С.Торайғыров, М.Жұмабаев, Б.Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткерлер шықты. Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. 1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішнде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж бұл Ы.Алтынсарин табысты бітіріп шықты.

.

Ғылым және Қазақстан ғылыми зерттеу

Қазақтар Ресей бодандығын алысымен өлке ғылыми зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдары мен әр түрлі зерттеушілер отрядтарының іс-қызметтері шеңберіне берік енді. Қазақстанда дара-дара болса да ғылыми мекемелердің тармақтары құрылды. Олардың кейбіреулері мемлекеттің каржыландыруы есебінен жұмыс істеді, ал екінші біреулері энтузиастардың (ынта коюшылардың) күш-жігер жұмсауы арқасында пайда болды.

Қазақтардың материалдық мәдениеті.

Әдет ғұрыптары мен ырым жорлары

Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды «ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейімдендіріліп салынды.

Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды.

Қазақстандағы ақпан революциясы

Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің майдандардағы жеңілісі, елдегі жұмысшы және аграрлық қозғалыстың қарқын алуы, соның ішінде өздерінің жеңіліске ұшырағанына қарамай Орта Азия мен Қазақстанның жергілікті халықтарының 1916 ж. көтерілістері Ресейдің революциялық күйзеліс шепнде тұрғанын, оның демократиялық күштері, соның ішінде жұмысшы табы мен шаруалар царизмге қарсы шешуші шабуылға дайындалып жатқанын дәлелдеді.

1917 ж. ақпанда Ресейде халық жек көретін царизмді құлатқан буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп шықты. Петроградтағы ақпан оқиғалары туралы хабар тез арада Қазақстанға да жетті. Царизмнің құлатылғанын құттықтаған жүмысшылардың және басқа еңбекшілердің көп адамдық митингілері мен демонстрациялары наурыз айының бас кезінде Қазақстанның барлық ірі қалалары мен темір жол станцаларында болып өтті.

Пайданылған әдебиеттер.

Алексеенко Н.В. Население

дореволюционного Казахстана. Алматы. 1981

Ж.Қ. Таймағамбетов. «Қазақстан тарихы очеркі»

Х.К.Ермұханова, Ж.О.Артықбаев. Қазақстан тарихы

Дәлмұхамедов Е., Ф. Маликовтың мәліметтері

бойынша. Очерки истории рабочего класса

дореволюционного Казахстана. Алматы. 1963ж.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу