15-17 ғғ. қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті
XV-XVII ғғ.қазақтардың материалдық және рухани мәдениеті
Кенганова Динара
Сағынбек Әділет ВМ-104
Жоспар:
1.Қазақтардың рухани және материалдық мәдениеті
2.Қазақ халқының шаруашылық ерекшеліктері
Салт дәстүр дегеніміз - халықтың жөн-жоралғылардың, ұстанымдардың жиынтығы. Салт-дәстүрлер халыктың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен, қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және оны басқа этностардан ерекшелендіреді
Қазақ әдет-ғұрыптарын олардың қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай
отбасылық
қауымдық-қоғамдық
Отбасылық ғұрыптарға баланың дүниеге келуі, ержетуі,келін түсіру, Кыз ұзату және өлген адамды жөнелту жатады.
Қауымдық-қоғамдын ғұрыптарға бүкіл қауым болып өткізетін, жалпы қоғамдық мәні бар әдет-ғұрыптарды жатқызуға болады. Мысалы, наурыз тойы, құрбан айт, ораза айт, ас беру, т.б
Қазақтың шаруашылыққа, тұрмыс-тіршілікке байланысты әдет-ғұрыптары да бір төбе. Қазақ әдет-ғұрыптарын отбасылық және қауымдық-қоғамдық деп бөлуді шартты түрде ғана түсіну керек. Өйткені отбасылық ғұрыптар мен қауымдық- коғамдық салт-саналар өзара астасып, араласып жатады. Отбасылык ғұрыптар кейде қоғамдық сипат алады, ал бүкіл қауым аткаратын, Катысатың ғұрыптар әр отбасында көрініс табады.
Шашу. Бұл қуанышқа арнап жиналған жұрттың алдында жасалатын ырым. Әдетте, шашуға кұрт, ірімшік, өрік, кейіннен қант, компит пайдаланылған. Шашуды жаңа түскен келінге, алғаш босаға атаған күйеуге, түсауы кесілген балаға, алғаш атқа мінген балаға,т.б. жақсылықтарға шашады. Шашудың мәні -жақсылық, молшылық, кұт-береке тілеу.
Сүйінші-қуанышты хабарды, алдымен, бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-қәдесі. Қуанышты хабар жеткізуші «Сүйінші, сүйінші!», — деп жұртка естірте хабар бере келіп, сүйіншісіне не беретінін де алдын ала сұрап алады. Хабардың маңызына, сүйінші берушінің қолының ашықтығына қарай сүйінші көлемі орқалай болады.
Көрімдік-қандай да болсын бір жаңа дүниені алғаш көрсеткенде көрімдікті ұйымдастырушының алатын сый-қәдееі. Мысалы, қазақ алғаш көрген келінге, күйеуге, нәрестеге, ботаға, жаңа киімге, әшекей затқа, жаңа отауға көрімдік береді.
Отбасылық салт-дәстүрлер.
Бала дүниеге келген күні шілдехана жасалады. Шілдехана жасаудағы бірінші мақсат-дүниеге келген баланың қуанышына кішігірім дастархан жайып сауық өткізу болса, екінші мақсат жаңа ғана дүниеге есігін ашқан сәбиді түрлі жамандықтардан (жын, шайтан) қорғау. Түнімен ән салынып, ойын-сауық құрылып бала жатқан жерге ондай пәле жоламайды деп есептеген. Сондықтан кейбір өңірлерде шілдехананы шілде кузет деп атаған.
Ат қою. Қазақ балаға атты әр түрлі ырымға сүйеніп қойған. Мысалы, баласына соған тартсын деп бір жақсы адамға ат қойғызған, немесе жақсы адамның атын қойған. Мысалы, Абылай, Абай, Шокан, т.б. белгілі, даңқты адамдардың атын берген. Немесе Алдаберген, Қүдайберген, Тілепалды деп қойған. Мұндай аттарды ұзақ күткен, әулие-әнбиелердің басына түнеп тілеп алған балаларға қоятын. Қазақ кейде баласына жағымсыз да ат коятын. Мысалы, Күшікбай, Боқбасар, Қасқырбай, т.б. Әдетте, Мұндай атты баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-аналары тіл-көз тимесін деп қоятын. Қазақта тілеулі аттарда болған, мысалы, Ұлболсын, Тоқтасын, Тұрсын, т.б. Бесікке салу рәсіміне, негізінен, әйелдер шақырылады. Баланы бесікке салу сол ауылдағы сыйлы бәйбішеге тапсырылатын. Бесікті бала атасына тартып өссін деген ниетпен атасының шапанымен, тонымен, атка тақымы мықты болсын деген тілекпен аттың жабуымен жапқан. Бала дүниеге келгеніне 40 күн толғанда қырқынан шығарады. 40 күнге дейін балаға тіл-көз тимесін деп сырт адамға көрсетпеген. Қырқынан шығаруға да көрші-қолаң, туыстардың әйелдері келеді. Бұл күні баланың қарын шашын (туғандағы шашы), тырнағын алады, 40 қасық суға шомылдырады. Бала жүруге талпынғанда оның тұсауын кесу рәсімі жасалады. Түсау кесуге де, негізінен, үлкендер жиналады. Баланың аяғын ала жіппен, не койдың тоқ ішегімен түсайды да, бала жүрейін дегенде түсауды пышақпен кесіп жібереді. Баланың аяғын ала жіппен, тоқ ішекпен түсауда мән бар. Қазақта ала жіп касиетті, адалдықтың белгісі саналған. Өзінің адалдығын білдіргісі келген жан «біреудің ала жібін аттағаным жок» дейді. Бұл бала адал болып өссін деген тілектен туған ырым. Ал енді баланың аяғын ток ішекпен түсау бала өскенде бай болсын, малды болсын деген тілектен туындаған. Бала 4-5 жасқа келгенде оны атқа мінгізіп, ашамайға отырғызған. Ашамай дегеніміз бала аттан құламауға ыңғайланып жасалған ердің бір түрі. 6-7 жасқа келгенде бала өз бетімен атқа мініп әкесімен, не ағаларымен сапарға шыкқан жағдайда ата-анасы баласының тоқымқағар рәсімін жасаған.
Қыз ұзату, келін түсіру. Қазақ ұл-кызының үй болуына үлкен мән берген. «Баланы жастан» деген қағидамен ұлды үйдің қожасы, корғаны, асыраушысы болуға үйретсе, қызды үй ұстауға, бала тәрбиелеуге, тамақ әзірлеуге, қонақ күтуге дағдыландырған. Ұлы өсіп кележатқан қазақ болашақ құда болатын адамдар жөнінде ойлана бастаған. Болашақ келінінің шыққан жеріне, тегіне өте мән берген. Қазақта үйлену тек құдалық арқылы болған. Болашақ қалыңдықты таңдағаннан кейін оның ата-анасына жігіт жағынан жөн білетін бір-екі адам барып, өздерінің ниеттерін білдіреді. Қызжақ қарсы болмаса, белгіленген уақытта жігіт жақ қүда түсуге келеді. Қазақтың дәстүрлі салты бойынша қыз айттырғанда қалыңмал береді. Қалыңмал, былайша айтқанда, бір әулеттен екінші әулетке ауысатын қыз баланың төлем ақысы. Қалыңмал екі бөліктен тұрады: бірі-бас жақсы, екіншісі-қара мал. Бас жақсыға, әдетте, түзу мылтык, берен сауыт, жүйрік ат және малдағы артык белді түйе. Бұл заттардың әрқайсысы төрт ірі малға тең болып есептелетін. Ал қара мал деп атайтын бөлігі екі жақтың келіскен санына қарай беріледі. Осындай қалыңмалмен қатар қыз жағына берілетін қәделер де болады. Олар ілу, тоймал, сүт ақы. Ілу-күйеу жігіт қалыңдығымен алғаш танысқалы ұрын барғанда қыздың ата-анасына берілетін сый. Той мал-қыздың ұзатылу тойына сойылатын мал. Сүт ақы кыздың анасына күйеу жігіт тарапынан берілетін сый. Қазақта «Қалыңсыз қыз болғанмен, қәдесіз қыз болмайды» деген мақал, күйеу жігіт тұрмысына байланысты қалың мал бере алмаса да, қәделерін міндетті түрде беруі керек деген салтты білдіреді. Құдалықта болатын міндетті қәделердің бірі қыз ата-бабаларының рухына арнап берілетін қәде- «әлтірі». Қыз әкесі ұзату тойын жасайды. Ұзатылар қыз үйінен аттанарда сіңсу деп аталатын қоштасу өлеңін айтады. Жігіт еліне келгенде жас келінді отауға оң аяғымен кіргізіп, отқа май құйғызады. Той басталар алдында бір өнерлі жігіт келіннің бетін ашады. Беташар домбырамен қосылып айтылатын ән түрінде жүреді. Беташардың мағынасы жаңа түскен келінді елмен таныстыру, қайын-жүртын келінге таныстыру, келінге әзіл-қалжың түрінде тәрбиелік өсиет айту. Беташардан соң сол ауылдың үлкен, беделді адамы жас жұбайларға бата береді, осымен той кызығы басталып кетеді. Дәулетті адамдар фольклорда әсірелеп айтылатындай отыз күн ойын, қырық күн тойын жасаған, ат жарыстырған, балуан күрестірген, көкпар тартқан. Құдаларды құдайындай сыйлап, киітін, сый-сияпатын беріп, риза етіп аттандырған. Үйлену салтында қыздың жасауы деген дәстүр бар. Жасаудың да мөлшері кыз әкесінің ауқатына, берілген калың малдың мөлшеріне байланысты XIX ғасырға жататын деректер бойынша ауқатты адамдар қызының жасауына көбінесе мынадай заттар кірген: ақ отау, күміс ертоқымды салт ат, сәукеле, төсек-орын, әркай- сысы тоғыз-тоғыздан көптеген киім түрлері, ыдыс-аяқ, жасау артатын бірнеше түйе. Қыз жасауының ішінде шешесінің, тіпті әжесінің жасауымен келген қымбат киімдер, әшекей бүйымдар да болады.
Наурызды қарсы алу. Наурыз тойы көктемгі күн мен түннің теңелу мерзімі 22 наурызда өтеді. Бұл мейрам күнтізбелік ғұрыпқа жатады. Оның шығу тегі Шығыс халықтарының мұсылмандықтан бұрынғы табиғатқа табыну салтымен байланысты. Наурыз мейрамы қыстың аяқталып, көктемнің шығуы кезіне дәл келеді. Наурыз парсы тілінен аударғанда жаңа кун деген ұғымды береді. Шындығында да, бұл жаңаның, жаңарудың мерекесі. Көктем мен бірге табиғат та жаңарады, көк шыға өсіп-өну басталады. Бұл күні жаңару, тазару белгісі ретінде адамдар ауласын тазалайды, жаңа киімін киеді, үйдің ішін кағып-сілкіп тазартады. Бір- бірін қыстан аман шығып, көктемге жеткендігімен құттықтайды, егер бір-біріне өкпе-назы болса, бұл күні ағайын-туыс, дос-жаран бірін- бірі кешіреді де қайта табысады. Бұл мейрамның ең басты гұрпы наурыз көже дайындау. Әдетте, наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады, қыстан қалған сүр етке қосымша су, дәнді дақыл, түз, айран, кұрт, ірімшік қосылады. Бұл жеті түрлі астың өзгермейтін құрамы: су, ет, түз, дән болса, қалғанына қолда барды қоса береді. Қазақтың тұрмысқа, шаруашылыққа байланысты тағы бір ғұрпы ол-жайлауға және қыстауга көшу ғұрпы. Ел жайлауға көшерде бір малын аруақтарға арнап сойып, ағайын-туыс, көрші-қоланына дәм берген. Ертеректе қыстаудан көшерде екі жерге отты лаулатып жағып, малды-жанды көшті соның ортасынан өткізген. Бұл көнеден келе жатқан отпен аластау, әр түрлі пәле-жаладан тазарту ғұрпы. Қыстауға қонарда да осы ғұрыпты жасаған.
Қазақтың мұсылмандық ғұрыптары-ораза айт, қурбан айт. Ораза бітісімен үш күн ораза айты өтеді. Бұдан соң дәл 70 күннен кейін құрбан айт келеді. Құрбан айтта жағдайы келген адамдар кұрбандыққа мал шалады. Әдетте, құрбандыққа еркек және он екі мүшесі сау мал шалынады. Құрбан айтта ауыл-ағайын бір-біріне айттап, әр үйге құран оқып, дәм татысады.
Өлген адамды жерлеу. Адамның демі таусылуға жақын қалғанда молда, не жөн білетін үлкен адам иман айтады. Кісі жан тәсілім болғаннан кейін оның көзін жауып, аяқ-қолын созып (бурісіп қалмас уіиін), үйдің оң жағына аққа орап қояды. Ең жақын туыстарына адам өлімі жөнінде хабар беру естірту деп аталады. Естіртуді суық хабардың өзін адамға өз жөнімен, сабырға шақыра отырып жеткізе алатын адамға тапсырады. Қазақ, әдетте, өлген адамды үшінші күні жерлейді. Жерлерден бір күн бұрын қайтыс болған адамның қонақасын береді. Бұл мәйітті түнде күзетуге келген жақын-туыс, ауыл үлкендеріне берілетін ас. Өлген адамды жерлерден бұрын оны арулап жуады, кебінге орап, жаназасын шығарады. Жаназадан соң бейітке апарып жерлейді. Дүниеден қайткан адамның жетісін, қырқын, жылын береді. Бұл мұсылмандық ғұрып емес, көнеден келе жатқан халықтық салт.Қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығыныңң түп-тамыры сонау қола дәуірінен бастап пайда болып, одан ертерек темір дәуірі кезінде қалыптасып, орта ғасырларда әбден орныққанын біз 10-сынып материалдарынан білеміз. Сондықтан дәстүрлі мал шаруашылығының XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қалпын қарастырамыз.Дәстүрлі мал шаруашылығы XVII ғасыр мен XVIII ғасырдың басында қатты күйзеліске ұшырады. Жоңғар шапқыншылығының кесірінен қазақтың көп тайпалары жерінен ауды, малынан айырылды.Дегенмен XIX ғасырда мал шаруашылығы біршама бұрынғы қалпына келді.ғасырдағы мал шаруашылығы көшпелі, жартылай көшпелі жөне отырықшы болып ұш турге бөлінеді. 1868 жылғы патша окіметінің әкімшілік реформасынан кейін қазақтардың отырықшылыкка карай ауысуы күшейді, егіншілік пен мал шаруашылығының үлес салмағы артты. XIX ғасырдың соңында көшпелі мал шаруашылығы, негізінен, Үстіртте, Батыс және Орталык Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Қызылқұм мен Мойынқүмда ғана біршама таза сақталды. Ал Қазақстанның көпшілік аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.Мал шаруашылығының бұл түрі әсіресе Қазақстанның оңтүстік оңірінде кең таралды. Ал Каспий, Арал теңіздері, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Шалқар көлдері маңында, Сыр,Шу, Іле өзендері жағалауындағы қазақтар мал өсірумен қатар балықшылықпен де, кейде егіншілікпен де айналысты.Қазақтар кой, жылқы, сиыр, ешкі, түйе өсірді. Түліктердің ішінде қазақтың тұрмысында қой малы маңызды орын алды. Қойдың еті мен Сүті жүні мен терісі киім, үй тұрмысы заттарына пайдаланылды
Қазақтар кылшық жүнді, қүйрықты қой өсірді. Аймақтық табиғат ерекшеліктерге қарай қойдың бұл түрінің жергілікті түқымдары да болды. Мысалы, Батыс Қазақстанда -адай,Орталық Қазақстанда -бағаналы, еділбай, Шығыста зайсан, Жетісуда-жетісу тұқымды қойлары.Ғасырдың басында Солтүстік Қазақстанда-сібірлік биязы жүнді қой,Қызылқұмда қаракөл қойы өсіріле бастады.Қазақ халқының мал шаруашылығында жылқы малының алатын орны ерекше. Қазақ жылқысының түрқі аласа, кеудесі ауқымды, жүні ұзын, тарпақ тұқымдас жылқы болды. Ол мініске шыдамды, тебіндеп жайылуға қалыптасқан, аса күй талғамайтын. Олардың тұқымдары да әр түрлі: адай, батысқазақстандық, орталық қазақстандық, жетісу, найман, т.б. Оңтүстік Қазақстанда «қарабайыр» деп аталатын жылқы тұқымы да ұсталды.Ірі қара малды, негізінен, кедейлер мен орта шаруа ұстады. Олар ірі қараны өзен-көлді, сулы-нулы жерлерде көбірек өсірді, мысалы, Сырдың бойы, Жетісу аймақтарында.Қазақ өсірген енді бір түлік түйе. Оның екі түрі бар. Бір өркешті-«нар», екі өркештісі-«айыр». Дегенмен қазақ екі өркешті айыр түйені көбірек өсірді. Оның жүні қалың, суыққа төзімді келеді. Ал бір өркешті нар күшті, шыдамды болғанымен суыққа төзімсіздеу, ол Қазақстанның оңтүстік-батыс аудандарында кең таралды.Сиыр малы мен түйе қазақ тіршілігінде маңызды орын алды. Екеуінің де еті, сүті тамаққа, терісі, жүні шаруашылықка пайдаланылды. Оларды көлік ретінде де кең пайдаланды.Қазақ ешкіні аз ұстады. Ешкі көбіне отырықшы не жартылай көшпелі шаруашылықтарда ғана өсірілді.
Қазақтың мал шаруашылығы жыл мезгіліне тәуелді болды.Қыстау, әдетте, қары аз тауларда, өзеннің талды, ықтасын жағалауларында болады.Көктеу, әдетте, қыстаудан алыс болмайтын, қары ерте кететін, көгі ерте шығатын жерлер. Орталык, Солтүстік Қазақстан малшылары жазда жайлауға Солтүстікке қарай көшсе, қыстаулары көбіне оңтүстік жақта болатын. Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерлерінде жаз жайлауға биік тауларға-Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, ТаласАлатау, Іле, тауларына, Тянь-Шанға шығатын.XIX ғасырдағы мал шаруашылығында көшудің төрт түрі болды. Біріші түрі меридиан бойымен көшу. Бұл жазда Солтүстікке карай, ал қыста оңтүстікке карай көшу. Көшпеліліктің бұл түрі әсіресе арқа қазақтарына тән. Олар жаз айларында салқын аймақтарды (солтүстікті) жайлап, кысқа карай жылы оңтүстікке қарай көшіп, сонда қыстады. Көшіпеліліктің бұл түрінде малшының жылдық көшу қашықтығы 1000 шақырымға дейін баратын.
Көшпеліліктің екінші түрі -тік көшу. Бұл - жазда биік таулы жайлауға көшіп, қыс ойға түсу, немесе таудың етек жағындағы аса биік емес қара тауларды қыстау. Әдетте, көшудің бұл түрі аса қашық емес, әрі кетсе сол 50-100 шақырым.XIX ғасырдың соңында көшпелі шаруашылықтардың отырықшылыққа ойысуына байланысты Солтүстік-батыс, Солтүстік аудандарда 10-50 шакырым мөлшерінде ендікпен (шығыс-батыс) көшетін көшпелілік пайда болды. Бұл көшпеліліктің үшіншітүрі. Шөлді аймақтарда, әсіресе Қызылқұм, Үстірт, т.б. суы тапшы жерлерде мал тіршілігі су көздерімен (құдық, көл) байланысты болды. Сондықтан бұл жерлерде су көзін айнала көшіп, өріс ауыстырыгып отырды. Бұл көшудің төртінші түрі еді. Мұндай жағдайдағы көшу қашықтығы 10-50 шақырымнан аспады.Қазақтың мал шаруашылығы экстенсивті еді. Ол көбіне табиғаттың климат өзгерістеріне тәуелді болды. Мал азығын қысқа жеткілікті дайындай алмаған қазақтың көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығы араға оншақты жылдар салып кайталап отыратын жұттан қатты зардап шегіп, мал саны күрт азайып кететін.Дегенмен қазақ халкы ғасырлар бойы қалыптасқан мал бағу тәжірибесінің нәтижесінде жұттан, әр түрлі малға келетін індеттерден сақтану жолдарын жақсы білді. Мал тұқымын үздіксіз асылдандырып отыру қазақтың мал шаруашылығының ғасырлар бойғы тәжірибесіне негізделген.
Ұлттық тағамдар, ыдыс-аяқ. Қазақ халқының қай тағамы да оның шаруашылығымен, күнкөріс тіршілігімен тығыз байланысты. Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы болғандықтан оның дәстүрлі тағамдары еттен, сүттен жасалады.
Қазақ қысқа қарай соғым сояды. Соғымға ауқатты адамдар бірнеше жылқы, он шақты қой, бір-екі сиыр, кейде бір түйе соятын да, етін тұздап тошалаға іліп сактайтын. Жылқы етінен ішекке салып қазы, шұжық, ішек майын ішекке тығып қарта жасайды. Жылқының жалындағы майынан жал деген сыйлы тағам жасалады.Сиыр етін мүшелеп бұзып тоңазытып іліп кояды да, қой етін көбіне сүрлейтін.Еттің әр мүшесінің қонаққа тартылуында өзіндік рәсім бар. Мысалы, ең сыйлы қонаққа бас және жамбас тартады. Мәні жағынан одан кейін мына мүшелер жүреді: асықты жілік, ортан жілік, жауырын, кәрі жілік және тоқпан жілік.Сүт тағамдары да өте бай. Олар әсіресе көктем, жаз кезінде көп пайдаланылады. Сүт тағамдарына кұрт, ірімшік, сары май, қымызҚымыз, қатықҚатық, шұбатШұбат, айранАйран, іркіт жатады.Қазақтың дәстүрлі тағамдарыныңҚазақтың дәстүрлі салқын тағамдары ішінде дәннен жасалған тағамдар да бар. Қазақтар бидай, қара бидай, тарыны тамаққа көбірек пайдаланған. Қазанға қарма, қатырма нан пісірген. Кей өңірлерде оларды төңкерме, қазан жаппа нан деп атайды. Бидайды қуырыпта жеген. Қазақ тарыдан тары көже, быламық, майсөк жасаған.Тарыны, бидайды келіге түйіп талқан да жасаған. Тары, талқан, май, қант, балды қосып-қоспа немесе жент деген тәтті тағам жасаған.Қазақ әдебиеті тарихында қазақ поэзиясының дамуы үш кезеңге бөлінеді:
Жыраулар кезеңі (XV ғасыр-XVIIIғасырдың бірінші жартысы.
Ақындық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы —XIX ғасырдың бірінші жартысы).
Айтыс кезеңі (XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басы).
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері —Қазтуған, Асан қайғы(XV ғасыр),Доспамбет жырау (XVI ғасыр),Шалкиіз жырау(1465-1650 жылдары),Жиембет жырау,Марқасқа жырау (XVII ғасыр),Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары),Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары),Бұқар жырау (1693-1787 жылдары),Шал ақын (1748—1778 жылдары),Жанақ ақын (1770-1856 жылдары), т.б. жатады.М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды.
Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостар жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік,даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты.XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздеймізҚорқыт — бүкіл түркі өркениетіне ортақ ортағасырлық тұлғалардың бірегейі. Қорқыт —әулие, ақын, жырау, сазгер, қобызшы болған. Қорқыт туралы аңыз-әңгімелер бүкіл түркі халықтарында кездеседі. Ол оғыздардан шыққан, руы — баят, әкесінің аты Қарақожа делінеді. Шешесі қыпшақ руынан.
Қорқыт қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданының жерінде,Сырдың бойындағы ортағасырлық, Жаңакент деген қалада VIII—IX ғасырларда дүниеге келген. Бұл оғыз тайпаларының Сырдың ортаңғы, төменгі ағысында өмір сүрген кезі болса керек.Қорқыттың сегіз қырлы күмбезді, қазақтың киіз үйі тәріздес мазары Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты темір жол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасында болған. Оны 1898 жылы қазақ фольклоры мен этнографиясы мұраларын жинаушы Ә.Диваев суретке түсірген екен. XIX ғасырдың соңында мазардың қалдықтарын Сырдың суы шайып кеткен.1978—1980 жылдары осы маңайда Қорқытқа арнап ескерткіш орнатылды. Бұл ескерткіш қылқобызға ұқсатып жасалған, желдің әсерінен езінен-езі ызыңдап, қобыз үнін шығарып тұрады. Ескерткіштің авторы — белгілі сәулетші, этнограф Бек Ыбыраев.Қорқыт туралы жазба дерек IX-X ғасырларда пайда болып, XV ғасырда хатқа түскен. Қорқыт ата кітабы, Қорқыт жөнінде қазақ ғалымдары —Ә.Марғұлан, М.Әуезов,Ә.Қоңыратбаев, т.б. зерттеген.
"Қорқыт ата кітабын" дүниежүзілік әдеби, тарихи мұраның алтын қорына жатқызуға болады, ол түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы болып есептеледі.Қорқыт 95 жыл жасаған, оғыз-қыпшақ заманындағы төрт-бес хандықты басынан еткізіп, солардың бәрінде бас уәзір болған деген дерек бар.Қазақтың Қорқыт туралы аңыз-ертегілерінде ол әулие, қобыз күйінің атасы, мәңгілік өмір іздеген адам болып суреттеледі.Қорқыт қобызды алғаш жасаған және сонымен күй тартқан адам екен. Қорқыт жырында қобыздың қандай заттардан және қалай жасалатыны былай суреттеледі:Қарағайдың түбіненҚайырып алған қобызым.Үйеңкінің түбіненҮйіріп алған қобызым.Ақ қайыңның безіненҚағып алған қобызым.Әзегінен қара еменОйып алған қобызым.Қыл құйрығын тұлпардыңІшек қылған қобызым.Таутекенің мүйізінТиек қылған қобызым.Қорқыт аңыз бойынша, желмаясына мініп алып, өзінің, елінің өмірін тілеп жүргенде көз жеткізгені — өзекті жанның бөрінің де ерте ме, кеш пе, бұл өмірден озатындығы. Содан қазақта Қайда барсаң да Қорқыттың көрі деген нақыл қалған. Ақыры Қорқыт
Өлімді тоқтатса тек қана өнер тоқтатар
, — деп, Сырдың суына кілем жайғызып, бірнеше күн мен түн бойына отырып, өзінің Өмір деген күйін тартқан екен дейді.
Қорқыт күні-түні тоқтамай күй тартқанда, өлім де бір сәт тоқталыпты деседі. Күні-түні күй тартып әбден шаршаған Қорқыт бір сәт қалғып кетеді. Сонда судан бір қарашұбар жылан шығып, Қорқытты шағып алыпты-мыс. Бұл аңыз-жырдан біз не ұғамыз?
Біріншіден, Қорқыт — шамандық дін өкілі.
Екіншіден, бұл аңызда адам баласының мәңгілік өмір жөніндегі арманы жатыр.
Үшішіден, өмірді ұзартса, артында қалатын өнері ғана ұзартады деген идея жатыр.
Қазақ музыкасында Қорқыттан қалған күйлер — Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңір биі. Бұл күйлерде Қорқыт өзінің қасиетті ата-бабаларын еске түсіреді, олардың ерлігін асқақтата толғайды, ізгілікке үндейді.
Қорқыт дәстүрін қазақ арасында жалғастырған XVIII—XIX ғасырлар күйшілері — Жанақ, Нысанбай, Найман-бала, Қанқожа, Жұмағұл,Құлыншақ,Базар жырау, т. б. Соңғы дәуірде жалғастырғандар — Қойлыбай, бағаналы Балақай бақсы, Досжан, Шоман деген кісілер.
Қорқыт дәстүрін XX ғасырдың басына дейін тамаша жалғастырушылардың бірі Ықылас Дүкенұлы қобыз даусымен Шу, Қаратау, Сарысу бойы, Бетпақдаланы күйге бөледі.
Асан қайғы — XIV ғасырдың екінші жартысында Еділ бойында дүниеге келген ақын,философ,аңыз кейіпкері, үнемі халық қамын, елінің болашағын ойлап жүретіндіктен, замандастары оның Асан атына «қайғы» деген сөз қосып, Асан қайғы атап кеткен.Алтын Орданың ыдырау дәуірінде өмір сүрген Асан қайғы, алдымен,Сарайда, кейін Қазанда Ұлұғ-Мұхаммед ханның ықпалды билерінің бірі болған.
Егде тартқан шағында Дешті Қыпшаққа қайтып оралады, өмірінің соңғы кезеңі жаңа құрылған Қазақ мемлекетінде,Жәнібек пен Керей ханның төңірегінде өтеді. Асан қайғы — кептеген нақыл сөздердің,афоризм,философиялық толғаулардың авторы. Бұлардың бізге жеткен жұқаналарынан көне заманға тән кейбір суреттерді, қазақ халқының құрылу кезеңіндегі белгілі тарихи оқиғалардың елесін танимыз.
Асан қайғы қазақ руларының Әбілқайырдың бөлінуіне қарсы болмағанымен, атамекен Дешті Қыпшақтан кетуге наразылық білдіреді. Жәнібек пен Керейді оңтүстік жаққа емес, батысқа —Жайық,Жем бойына қоныстануға үгіттейді. Алайда Ордадан бөлінген рулар Шу,Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.
Асан қайғы, ең алдымен, хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. Жәнібек ханды:
«Уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының болашағын жете ойламайсың»
, — деп сөгеді.
. Уалиханов көшпелі ноғай-қазақ ұлысының философы деп атаған Асан қайғы туыстас руларды бір орталыққа бағынған мемлекет етіп ұйымдастыру,Қазақ хандығын нығайту жолында елеулі еңбек етті. Біздің заманымызға жеткен толғауларынан оның өз дәуірінде болып жатқан тарихи өзгерістерді байыбына жете түсінгені, Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың бөрінің де құрып бітетінін болжай алғаны көрінеді.
Ақындар шығармашылығы
Қазақ халқының XV-XVIIғасырдағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды.Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды.XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып,феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі («Құтты білік», "Ақиқат сыйы", «Жылнамалар жинағы», т. б.).XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардың поэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда емір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар:Доспамбет, Сыпыра,Қазтуған, Асан қайғы,Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.
Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған.
Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.
Ұлттық бояуы ашық, ершіл романтикаға суарылған толғаныстары көркем тіркестерге өте бай Қазтуған Сүйінішұлы жырлары әлденеше ғасырлар бойы қазақ ақындарына үлгі, өнеге мектебі болған. Қазтуған Сүйінішұлының Мадақ жыры, Туған жермен қоштасу тәрізді шығармалары қазақтың көне поэзиясының таңдаулы нұсқаларының қатарына жатады.
XV ғасырдың екінші жартысында ез қарауындағы руларымен бірге Еділден ауып, Қазақ ордасының құрамына өтеді. Елге аландаған, Еділді қимай артына қарайлаған мына өлеңі сол кезде туса керек:
Алаң, алан, алаң жұрт
Аққала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт.
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт.
Қарғадай мынау Қазтуған
Батыс болып туған жұрт.
Кіндігімді кескен жүрт...
Қайран да менің Еділім!
Қайран да менің Еділім!
Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.
Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы,Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақ эпосының негізін салушы деп біледі.Шалкиіз жырау қазақ жыраулық поэзиясының атасы саналады. Шалкиіз Тіленшіұлы 1465 жылы Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келеді. Жыраудың әкесі сахараның беделді, бай адамы болды. Шешесі Кіші жүздің ұйытқысы болған, Сыртқы Орда деп аталатын ұлыстың билеушісі Мұса бидің қызы екен. Шалкиіз мұсылманша білім алған, оның 1490 жылға дейінгі өмірінен дерек жоқ. Тек 1490 жылы ноғайлы әміршісі Темір бидің жанында болғаны белгілі. Кейбір зерттеушілердің пайымдауларына қарағанда, осы кезде жырау бірде әскер қатарында, бірде әміршінің елші, нөкерлері қатарында Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойын тегіс аралап шыққан.
Темір өлгеннен кейін нағашылары Мұса ұрпақтарының маңайында болады. Кейін бұл топтан бөлініп, Қазақ ордасына біржола өтеді. Шалкиіз 95 жасқа жетіп қайтыс болған деп шамаланады.Шалкиіздің Алаштан байтақ озбаса, Темір биге арналған толғаулары; Жапырағы жасыл бәйтерек,Ер Шобан, т.б. толғау-жырлары бізге жеткен.Темір биді қажылық сапарынан тоқтатуға арналған өлеңінде:Құдайға құлшылық ету тек Меккеге барумен шектелмейді, — дей келіп, былай түйеді:Жығылғанды тұрғызсаң,Жылағанды уатсаң,Қисайғанды түзетсең,Төңіріңнің үйі көбені,Сұлтан ием,Қарсы алдыңнан жасапты.Доспамбет жырау —1490 жылы Азау қаласында туып,1523 жылы Астрахан маңында қаза болған көне қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі және жорық жыршысы. Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрген жыраудың руы — кіші ноғайлы. Өз заманындағы жорықтарға,Қырым,Ноғайлы,Қазан хандықтары арасындағы ұрыстарға қатынасқан. 1523 жылы Астрахан жорығы кезінде Доспамбет жырау бастаған шолғыншылар тосқауылға ұшырайды да, жырау ауыр жараланып, қайтыс болады.
Доспамбет жырау мұрасының дені жоғалған. Ел аузында, жекелеген қолжазбаларда сақталған бірлі-жарым туындылары XIX ғасырдың бас кезінде әр түрлі жинақтарға еі. Кеңес өкіметі тұсында Алдаспан антологиясында (1971 жылы) оның табылған шығармалары толық жарияланды ("Қалаға қабылан жаулар тигей ме", "Қоғалы көлдер, құм, сулар", "Айнала бұлақ басы тең..." т.б.). Жауынгер жырау туындыларының рухы ескілігіне, көркемдеу әдістерінің көнелігіне қарамастан, көңілге әсер етерлік терең, тілі мағыналы. Кейінгі Бұқар мен Махамбет жырларынан Доспамбеттің әсері аңғарылады.
Доспамбеттің «Қоғалы көлдер, құм, сулар», «Азау, Азау дегенің», «Айналайын Ақ Жайық» т. б. өлеңдері белгілі.
Айналайын, Ақ Жайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда
Еңкеймей кірер күн қайда?
Қара бұлан терісін
Етік қылар күн қайда?
Күдеріден бау тағып,
Кіреуке киер күн қайда?
Күмбір-күмбір кісінетіп
Күреңді мінер күн қайда?
Бұқар жырау(1693—1787 жылдары). Оның туған жері — Жиделі Байсын өлкесі. Дәл туған жылы белгісіз, мөлшермен, XVIII ғасырдың соңғы ширегі. Руы — арғын. Бұқар жырау 1702 жылы Бұхарадағы Кекілташ медресесін бітіріп, бірнеше тілде еркін сөйлейтін дәрежеге жетеді. Әсіресе парсы, араб тілдерін жетік үйреніп шығады. Медресе бітірген соң Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи мешіт-медресесі имамының шақыруымен сонда барып, Түркістан медресесінде дәріс береді.
Бұқар жырау менТәуке ханға байланысты мынадай бір аңыз бар:
Тәуке хан мемлекет шаруасын Шығыс дәстүрімен жүргізіп, күз бен
қыста мемлекет ішіндегі ғалым, білімдар адамдарды, діндарларды, сал-серілерді хан ордасына шақырып алып, кеңес құрады екен. Ел сыйлыларынан халық жағдайын, жұрт аузынан сыр тартып, біліп отырады екен. Қайтарда бәріне сый-сияпат беріп, үлкен қошемет керсетеді екен. Сондай бір жиында қонақтар ас ішіп болғаннан кейін, хан бір сауал кояды: "Дүниеде не нәрсе өлмейді, соны тауып беріңдер", — дейді. Сонда біреулер: "Тау өлмейді", енді біреулер: "Су өлмейді", енді бірі: "Аспандағы жұлдыз өлмейді", — дейді. Төрде піл сүйегінен жасалған биік тақта отырған патша "таптың" демеген соң, жұрт тосылып қалады. Сонда ширығып отырған Бұқар: «Алдияр тақсыр, мен тауып берейін", — деп сөйлеп кетеді:
Асқар таудың елгені —
Басын мұнар шалғаны.
Көктегі бұлттың өлгені —
Аса алмай таудан қалғаны.
Ай мен Күннің өлгені —
Еңкейіп барып батқаны.
Айдын шалқар өлгені —
Мұз болып тастай қатқаны.
Қара жердің өлгені —
Қар астында қалғаны.
Өлмегенде не өлмейді —
Жақсының аты елмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Сонда тақта маңғаз отырған хан Тәуке иығына жамылған қамқа тонын шешіп, Бұқардың иығына жапқан екен
Бұқар жырау өмірінің ең жауапты кезі —Абылай ханның бас кеңесшісі болған кез. Бұл бір киын, «Ақтабан шұбырынды», ел басына күн туған, елдің елдігі сыналатын кезең еді. Осынау ел тағдыры шешілер ауыр кезеңде жырау ханға дұрыс бағыт беріп, даналықтың, үлкен сұңғыла-сәуегейліктің үлгісін көрсеткен.
Бұкар жырау шындықты бетке айтатын батылдығымен де дараланады. Бірде Абылай көршілес орыс еліне қарсы жорық ашпақ болғанда, Бұқар жырау оның немен тынатынын болжап, халық үшін қатерлі жаугершілік жолынан сақтап қалады.
Абылайдың асып-тасқанын, жөнсіздігін көргенде, оның хан болып туа қалмағанын есіне салатын:
Ей, Абылай, Абылай!
Сені мен көргенде,
Тұрымтайдай үл едің,
Түркістанда жүр едің.
Әбілмәмбет патшаға
Қызметші болып тұр едің —
Қалтақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едін...
Бұқар жырау орыс отаршылдарының қазақтың шұрайлы қоныс, шүйгінді жерлерін біртіндеп басып алып, сол жерлерге бекіністер сала бастағанын көргенде, олардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырған.
XVIII ғасырдағы жыраулардың ен, көрнекті өкілдері, жорық жыршылары Тәтіқара мен Үмбетей жыраулардың толғауларындағы ел бастаған батырлардың ерліктері өлеңмен өрілген шежіре деп қарауға болады. Мысалы, Үмбетей жырау мен Бұқар жыраудың Қанжығалы Бөгенбай батыр туралы жырында Бөгенбайдың, Қаракерей Қабанбай,Шақшақұлы Жәнібек,Қаз дауысты Қазыбек,Қу дауысты Құттыбай сынды батыр-билермен бірге тізе қосып, жаудан қазақ жерін азат еткендігі жырланады.
Бұқар жыраудың Абылай ханға арналған толғауында Қабанбай,Бөгенбай,Жәнібек, т.б. батырлардың есімдері аталады.
'Қабанбай батыр" жырында ел үстінде жатқан батырдың көңілін сұрайтын Бұқар жырау оны қайнар бұлаққа, дүлділ пыраққа теңей келіп: "Құрбандығыңа арғын мен үйсіннің, керей мен алшынның әрқайсысынан жүз кісі айттым, соның басы әзім болайын‘
, — деп жылайды. Бұл жерде жырау Қабанбай сынды ердің халық перзенті екендігін, оның халқы үшін бағасының қандай екендігін көрсетуге тырысқан
Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.
Қазақ хандығының заңдары "жарғы" деп аталады. "Негізгі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша "жарғы" әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыруы әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі, міне, осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі".Қазақ хандығы заңдарының түп төркіні қазақ халқында ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты. Бұл ғұрып -әдеттік ережелер ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Бізге түгел болмаса да келіп жеткен қазақ әдет-ғұрып құқығының ірі жинақтарының бірі — Тәуке ханның "Жеті Жарғы" заңы. Бірақ бізге бұл заң жинағының XIX ғасырда Г. Спасский мен А.И. Левшин жазып қалдырған кейбір фрагменттері ғана жеткен. Дегенмен де, XVIІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ қоғамында қолданылған құқықтық нормалардың анализі кейбір зерттеушілерге "Жеті Жарғы" жеті бөлімнен құралған деген негіз береді. Олар:
1) Жер дауы; 2) Жесір дауы; 3) Неке-отбасы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар; 4) Сотта іс жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар; 5) Әскери іс және мемлекетті басқару саласындағы құқықтық нормалар; 6)Айып төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары;7)Құн төлеуді көздейтін қылмыстық құқық нормалары. ."Жеті Жарғы" заң жинағын жасауға қазақтың атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. қатысқандығы тарихтан белгілі. "Жеті Жарғы" адам құкықтарын қорғаудағы ерекше құқықтық құжат болып табылғандығында дау жоқ.
Қазақ әдет-ғұрып құкығы билер сотының практикасымен толықтырылып отырды. Прецеденттік құқық - зерттеудің қызығушылық тудыратын объектілерінің бірі болып табылады, ол нақты іс бойынша бидің шығарған шешімі және ол бұдан былай ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынды. Қазақта ауыр дауларды оңай шешкен билер болды. Ол туралы қазақта "Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен" деп билер жайында айтылған фольклорлық деректер көп. Әсіресе мұндай шешімдерді Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. билердің практикасынан көп кездестіруге болады. Тіпті атақты билердің биліктері (үкімдері) ұқсас істерді қарағанда міндетгі басшылыққа алынып отыратын болған. Билер соты практикасының мұндай сот прецеденті әдет-ғұрып құқығынын бастауларының біріне айналды. Оған, мысалы "Тапқан қуанады, таныған алады," "Қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды," "Тұсау ат сақтайды, ат ер сақтайды, ер ел сақтайды," "Қара халыққа хан ие, қара жерге халық ие," "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" т.б. сөздері көптеген билердің даулы істі шешкенде қолданып, кейінгі билерге өсиет ретінде қалдыруын ерекше атап айтуға болады.Қазақ әдет-ғұрып құқығы үнемі қалыптасып, дамып отырды. Барлық әдет-ғұрыптар құқықтың маңызды қайнар көзі болып табылатын билер сотының практикасымен (бидің билігі) толықтырылып, өзгертіліп отырды. Билердің шешімдері XIX гасырдың екінші жартысына дейін ауызша сипатта болды. Олар көбінссе фольклорлық деректерден көрініс тапты. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап билердің үкім-шешімдерінің қысқаша мазмұны жазылған кітаптар енгізілген еді. Билер сотының үкімдері кейде жазбаша құжат түрінде жеке ресімделетін.
Қазақ даласындағы соттық прецеденттерге билер алқалы түрде қатысатын. Билер шешімімен қабылданған үкімдер билер сотының практикасында ұқсас істерді шешуде басқа билер үшін үлгі қызметін атқарған. Билер дауға үкім айтқан кезде Майқы би, Едіге би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т.б. атақты билердін шешімдеріне сілтеме жасайтын. Мұның өзі қазақ әдет-ғұрып құқығындағы соттық жүйенің өте жоғары денгейде болғандығының көрінісі, себебі даулы істі алқалы түрде қарастырған кезде белгілі бір құқық бұзушының кінәлі-кінәсіздігін анықтау оңайырақ. Қазақ әдет-ғұрып құқығына бір жағынан, елеулі әсер еткен және екінші жағынан онын қайнар көздерінің бірі болған — шариғат нормалары. "Жеті Жарғыда" шариғатка байланысты бірнеше қағидалар болды. Мәселен, онда "Кұдайға тіл тигізген адам (7 адам куәлік берсс) таспен атып өлтіріледі, өзге дінге өтіп кәпір болған адам мал-мүлкімен айдалады" деген ережелер болды және олардын орындалуы қатаң бақыланып отырды. Дегенмеи шариғат нормалары қазақ қоғамында ерекше артықшылық жағдайға жете алмады. Олар көбінесе әдет-ғұрып құқығымен тұтастықта болды. Шариғат нормаларының ықпалы әсіресе Қазақстанның отырықшы аудандарында үлкен болды.Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік құрған жылдары 1511 — 1523) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, "жарғы" заңын жасады.
Халық бұқарасы Қасымның шариғатты алмай, ежелден қалыптаскан билер заңы - жарғыны жаңадан көтергенін қатты ұнатып, оны "Қасым ханның қасқа жолы" деп атап кетті. Бұл заңға кірген ережелер мынадай: 1. Мүлік заңы ( мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері). Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза). 2. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат). 3. Елшілік жоралары (майталмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік). 4. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, тұтқауылдардың міндеті)."Қасым ханның қасқа жолы" бір ғасырдай атқарылған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім ханның (1598-1645) тұсында "Есім ханның ескі жолы" деп аталған.
Ел аузында сакталған деректерге қарағанда, Есім хан тұсында "қасқа жолға" қосылған жаңалық: "хан болсын, ханға лайық заң болсын; абыз болсын, абыз сыйлау парыз болсын, би болсын, би түсетін үй болсын" деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады. "Ескі заң" деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан келе жаткан дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да ықтимал."Қасқа жол" мен "Ескі жол" заңдары XVII ғасырдың аяқ кезі мен XVIII -ғасырдың басында қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер енгізіліп дамытылады. Тәуке хан (1680-1718) тұсында "Күл төбенің басында күнде кеңес" өткізіліп, "Қасқа жолдың" бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, "жеті жарғы" ("жеті заң") деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді. "Жеті жарғы" заңы Үш жүздің ойшыл саңлақ билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті.Қазақ хандығы заңдары тілі тұжырымды, есте сақтауға ыңғайлы, ұйқасты, өршімді, шешен сөздермен құрастырылды. Мысалы, "әділ билік — алтын таразы", "қара қылды қақ жару", "тура биде туған жоқ", "жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады", "батыр айғақ, балуан куә", "сорғалаған қан, сойдақтаған із", "ер өлтіріп, өріс бұзу", "ел шауып, мал талау", "табандап ұрып, тап шығу", "бата тимесе, қата тию", "қысасқа қан, оқысқа құн", "жазыққа жаза, айыпқа әнжі", "ханға хандық, биге билік", "мойнына қосақ, артына тіркеу", "семсер астында серт жүрмейді", "иілген басты қылыш кеспейді", "алдыңа келсе атаңның құнын кеш", "жан алып жат болма", "ашыққан ұры — ашынған долы", "мал ашуы, жан ашуы", "алдырған албырт, анасының қойнын ашады", "қойманы не көрген алады, не көмген алады", "ердің құны екі жүз жылқы", "ат тұяғын тай басады", "иттелеуі бір күшік", "әке өлсе, мүлкі мұра", "аға өлсе, жеңге мұра", "ерден кетсе де, елден кетпейді", "дау-айтыс, барымта-қайтыс", "судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді", т.б. Бұлар мақал-мәтел түрінде ел арасында сақталып келді.
Бұл заңдар толық күйінде біздің заманымызға жеткен жоқ, Халиолла Өскенбайұлы, А.И.Левшин қатарлы зерттеушілер жариялаған үзінділер ғана сақталған. Қазақ заңдарының ертеректе жазылған бір нұскасы "Қазақ хандарының рәсмилері" деген атпен Стамбулдағы Сүлеймен Қанұнидің кітапханасында сақталып тұрғандығы байқалды, бірақ мұны зерттеген ешкім жоқ. Сол сияқты "Қазақтың ережелері" деп аталған бір қолжазба 1950 жылдарда Толы аудандық сақшы мекемесінің қолына түскен екен. Мұның қазір қайда екені белгісіз, оның көшірмесі Бежіндегі ұлт зерттеу институтында болса керек.Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?