Бала тәрбиесі- басты құндылық
Тақырыбы:
«Бала тәрбиесі - басты құндылық»
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Отбасы жарастығы, татулығы, шыншылдық, сыйластық
Мақсаты: Оқушаларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тұлға болып қалыптасуға, құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу – тәрбие процесінде ұйымдастыру.
Міндеттері:
1. Білімділік: отбасындағы сүйспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту.
2. Дамытушылық: отбасында өзара сыйластық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Нұрға бөлену
Тыныштық сәті
Сұрақтар: «Кім жүйрік» әдісі
1. Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі қандай?
2. «Осынау бір түп-тамыры дана дәстүр, ата-бала-немере секілді ұрпақтың үш тармағын берік етіп бекітіп тастағандай» деген тұжырыммен келісесіңдер ме? Неліктен?
3. Сендердің отбасыларыңда ұрпақтар сабақтастығы сақталған ба? Әңгімелеп бер.
4. Мұрат қандай құндылықтарды бойына сіңіріп өсті?
5. Отбасыңның тарихынан не білесің? Ата-бабаларыңнан қандай асыл мұра (рухани) қалды? Сенің оған көзқарасың қандай?
1. Отбасы деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел санайық екеуміз.Бас бармағым — атам,Балан үйрек — апам,Ортан терек — әкем,Шылдыр шүмек — анам,Кішкентай бөбек — мен.Біз үйде нешеуміз?Біз үйде — бесеуміз.Мұғалім сыйы.
Отбасы татулығы
Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.
Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттықты бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді.Сонда қарт үнсіз ғана жүз рет « сүйіспеншілік », жүз рет « кешірімділік », жүз рет « бірлік » деп қағазға мұқият жазып шығады.
Үш сөзді оқыған патша таң қалып:
Осы –ақ па?
Ия, - деді ақсақал. –Бірлік жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады, -деді, сәл ойланып, « және шыдамдылық » деген қосып қойды.
Сұрақтар:
Бұл әңгіме не жөнінде айтылған?
Әңгімедегі қарияның іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер?
Сендер отбасыларың тату болу үшін не істейсіңдер?
Әңгімеде қай құндылық туралы айтылып жатыр?
Ата-анаң саған не үйретті?
«Жанұя бақыты» суретін салу
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?