буллинг-Ата-аналар үшін нұсқаулық


Ата-аналар үшін нұсқаулық

Буллинг

Буллинг дегеніміз не?

Буллинг (bullying) ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Адам үйде, мектепте, автобуста немесе интернетте, жалпы айтатын болсақ, кезкелген жерде буллингке ұшырауы мүмкін. Бұл кез келген адамның басында болатын жағдай

Қоғамда «буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады» деген түсінік қалыптасқан. Шын мәнінде, кез келген жастағы адам үйде, көшедежұмыста, оқу орнында, қысқасы, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.

Буллингтің қандай түрлері бар?

Қарым-қатынаста жағымсыз, ерекше мінез-құлық, «азаптаушы» мінез-құлық, қауесеттің таралуы, әлеуметтік оқшаулану (мысалы, кітаптарын жасырып қою, қорқыту әрекеттері).

Физикалық – біреудің мүлкіне зиян келтіру, итеру, аяқпен тебу, қолмен ұру, ұрып-соғу немесе кез келген күш қолдану.

Жыныстық қатынас қалауынан тыс физикалық байланыс немесе жыныстық қорлайтын пікірлер.

Вербалды ат қою, сарказм, қауесет, мазақтау.

Кибербуллинг интернеттің барлық саласында, соның ішінде электронды пошталар мен интернеттегі чат арқылы буллинг, мәтіндік хабарлар мен қоңыраулар арқылы мобильді қауіп-қатер, тиісті технологияларды, мысалы, камералар мен видеоларды орынсыз пайдалану.

Экономикалық-материалдық буллинг бөтеннің мүлкіне зиян келтіру, бопсалау. Мысалы, күш қолдану немесе қорқыту арқылы бірдеңе, әсіресе ақша беру талабы.

Отбасы мүшелері арасында агрессивті қарым-қатынас жолдарына мүмкіндік бермеңіз

Балаңызбен буллинг жайлы ашық сөйлесіңіз

-

Балаңыздың физикалық және психоэмоционалды жеке шекараларын құрметтеңіз.

Өз ойын еркін айтуға ынталандырыңыз.

Балаңызды жиі мақтаңыз.

Мектепте балаңыз буллинг жасаған болса, оны қорғап ақтауға тырыспаңыз.

Балаңыз буллингке ұшыраған болса, оны айыптап кінәламаңыз.

Сынып және мектеп іс-шараларына белсенді қатысыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу