Ата-аналарға алты кеңес


Ата-аналарға алты кеңес

Баланың әр күнді қарсы алуы, бастауы сәтті болу керек. Ол үшін балаға байыпты көзқарас танытқан жөн.

“Сен жалқаусың, дөрекісің, ақымақсың” деген кері сөздерді мүмкіндігінше ешуақытта ауызға алмаңыз. Қайта: “Сенің кешке дейін түк бітірмей отырғаның жаныма батады. Ішің пысқан жоқ па? Бір кішкентай ғана іс істесең біз ссаған рахмет айтар едік” деген құлаққағыс айтып қойыңыз.

Баланың тентектігін “тентек” сөзбне бетіне басуға болмайды. Даусыңызды жұмсартып, жүрегіне жетерлік сөз ғана айтыңыз.

Мектепке жиі келіңіз. Атақты педагог В. Сухомлинскийдің “Отбасы мен мектеп тәрбиесі біріккенде ғана толық тәрбие болады” деген сөзін есте ұстау керек

Ер жеткен баланы тыңдамауға болмайды. Кейбір сауалдарға жауап бермеген жағдайда үндемеңіз. Егер абайсызда ұрыса қалсаңыз, артынан кешірім сұрау жөн болар. Одан кейін ол мүлде жақсы қырынан көрінуі мүмкін.

Бар нәрсені жасырып, ұл-қызыңызға жоқтан басқыны айтудан сақ болғаныңыз жөн.

Ата-аналар, сіздер үшін

Балаға дұрыс тәрбие беру – ата-ананың моральдық ғана емес, заң жүзіндегі міндеті.

Бала тәрбиесі мәселесінде ата-ана арасында толық келісім болуға тиіс.

Баланың бойындағы ізгілік, жақсылық атаулының бәрін, оның үлгілі болуға тырысқан талабын көтермелеп отыру керек.

Баланың адал да ізгі адам болып өсуі үшін оған ата-анасы үлгі болуы тиіс.

Баланы еңбекке құрметтеу мен сүю рухында жас кезінен тәрбиелеп, оның бойында адамгершілік және рухани мәдениеттің негізін, қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамыту қажет.

Ересектер балаларды күн сайын сипайылыққа, сергектікке, үлкендерді құрметтеуге, әділдікке өз үлгісімен тәрбиелеп отыруы тиіс.

Үйдегі жылылық пен салауаттылықтың алғы шарттары – тазалық пен тәртіп, сондай-ақ барлық отбасы мүшелерінің тату-тәтті тұруға ұмтылуы.

Үй ішіндегі татулық ерлі-зайыптының екеуіне де байланысты. Оның бірінші шарты - өзара сенім, құрмет, өзара түсіністік және сыпайы, әдепті мінез-құлық.

Сыпайлылықтың, әдептіліктің ережесін сақтау табиғи, емін-еркінболып, ешбір жағдайда екіжүзділікке, өтірік, ұялшақтыққа негізделмеу керек.

Тату-тәтті тұру үшін ұстамды болып, өзін-өзі билей білу керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу