_Сынып жетекші папкасы_


СЫНЫП

ЖЕТЕКШІ ПОРТФОЛИОСЫ

Портфолио мазмұны

Сынып жетекші

туралы мәлімет

Сынып туралы мәлімет

Нормативтік құжаттар

Тәрбие жоспары

Тәрбие сағаттары

Сыныптың әлеуметтік жағдайы

Сынып жетістіктері туралы мәлімет

Сынып оқушыларының

тізімі

Тәрбие бағыттары

Ата-аналары туралы мәлімет

Аты-жөні:

Ералиева Меруерт Бастанқызы

Туған жылы:

05.11.1976 жыл

Ұлты: Қазақ

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қазақ – Өзбек Гуманитарлық университеті

Мамандығы: Бастауыш сынып мұғалімі:

Санатым: Сарапшы

Педагогикалық өтілі: 26 жыл

Сынып жетекшілік өтілі: 22 жыл

Зеріттеу тақырыбы: “Оқушылардың шығармашылығын дамыту”

Сынып жетекші

туралы мәлімет

Мақсатым:

Оқушылардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру

Міндеттерім:

Мектептің қоғамдық өміріне тікелей қатысу;

Бала тәрбиесіндегі рухани-адамгершілік, құқықтық, салауаттылық, кәсіби бағытта ықпалдықтар жасау;

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен оқушыларға қол ұшын беру;

Оқу-тәрбие үрдісінде демеушілік көмек көрсету;

Мектептің қоғамдық белсенділігін арттыру;

Сынып

туралы мәлімет

“№152 орта мектебі” КММ-нің 2“А” сыныбында 18оқушы бар. 11 қыз, 7 ер.

Сынып оқушылары өте өнерлі, білімге құштар, жан – жақты. Сынып оқушылары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. 6 үздік, 4 екпінді, 7 орта. Сыныпта спортқа, сурет өнеріне, музыкаға бейім оқушылар көп. Оқушылар сыныптағы бөлініп берілген қызметтерін ыждағаттылықпен атқарады.

«Баланы сүйсең, тәрбиесін сүй», демекші мектепте, сыныпта өтетін, қайырымдылық шараларына оқушылармен қоса, ата – аналар да белсене араласады.

Ата – аналар өзара ұйымшыл, бір – бірімен тығыз байланыста .

Бала тәрбиесіне атүсті қарамай, мектеп, ата – ана, мұғалім үш жақты үнемі жетілдіріп отырады.

Сынып жетекшісі: М. Ералиева

 

 

Менің сыныбым

Атааналар туралы мәлімет

Сынып жетекшінің атааналармен жүргізетін ағарту

жұмысының негізгі формалары.

Ата - ана,

мектеп және

сынып жетекшісі

жұмысының

қызметтері:

1 қызмет

2 қызмет

3 қызмет

4 қызмет

5 қызмет

1 қызмет

Ата - аналарды оқу – тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналарымен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады, өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат, міндеттерімен және тәрбие жумысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бipiгіп талқылайды.

Ата-аналарды оку-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:

балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні ашық сабақтар мен сыныптан тыс ic-шаралар;

мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс ic- шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету;

шефтік көмек;

ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы.

2 қызмет

Ата-аналармен педагогикалық - психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.

Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады:

Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата - аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру;

қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері: дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар, түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата – аналары үшін деп бөліп өткізуге болады;

Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты, оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша;

оны түрлі формада мәселелік кеңестер беру түрінде өткізуге болады.

Психологиялық, педагогикалық, медициналық, заң туралы кеңестер;

Тренингтер;

Ата-аналарға арналған әдебиеттерге шолу, көрмесін ұйымдастыру және оқырмандар конференциясын өткізу.

3 қызмет

Ата-аналарды балалармен бірлескен әрекетке тарту.

Оның формалары:

сынып жетекшісі ұйымдастырған сыныптан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық серуен, сенбіліктер, турнирлер.)

жалпы мектептік дәстүрлі іс – шараларды ұйымдастыруға ата – аналарды қатыстыру (түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу, т.б.)

республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындалуды ата – аналармен бірге жүргізу;

оқырмандар конференциясы;

- отбасылық ойын байқаулары.

4 қызмет

Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу. Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық – педагогикалық кеңестер мен көмектер беру. Көп көңілді отбасындағы жиі кикілжің нәтижесінде психологиялық ахуалы ауыр және қиын бала өсіп келе жатқан отбасына бөлу керек.

5 қызмет

Ата-аналар белсенділері мен ата–аналардың

қоғамдық ұйымдарымен өзара әрекет ету.

Сынып жетекшісінің ата – аналармен жұмысының табысты не табыссыз болуы оның таңдаған ұстамына, қарым – қатынас стиліне, педагогикалық шеберлігі мен кәсіби құзырлығына байланысты болатынын ұмытпау керек.

Сынып жетекшісі отбасын аралағанда келесі шарттарды сақтаған жөн:

отбасына ескертпей келмеу;

отбасында 5-10 минуттан артық болмау;

отбасына келгенде әңгімені табалдырықта тұрып немесе сырт киіммен тұрып бастамау, егер ата - аналар қобалжып өздері айтпаса,әдеппен ғана ұсыныңыз.

әңгімені әкімшілік - әміршілік сыңаймен жүргізуге болмайды;

ата-ананы үйретпеңіз, тек кеңес беріңіз;

негізінде әңгімені баланың көзінше оған да ата - анаға да өзіңізге де қолайсыз

болмайтындай стилді таңдап алып жүргізгеніңіз дұрыс болмақ.

сонымен қатар ата - аналарға тәрбие мәселесін талқылауга шақырған қағазбен 6ipгe сол мәселеге қатысты жадынама жазып жіберу тиімді болмақ.

Сынып жетекшісі отбасысалыстырмалы түрде тәрбиенің тұйық институты, ал ата-аналардың, тәрбиелік күш қуаты мен мүмкіндігінің әр түрлі деңгейде болатынын ecкepyi тиіс. Сондықтан ата-аналармен жұмыста да түрлі амалдар мен формаларды саралап қолдану керек.

Сынып

жиналысының

хаттамалары

Нормативтік

құжаттар

ҚР Конституциясы

ҚР “Білім туралы” заңы

ҚР “Баланың құқықтары туралы” заңы

Сыныптың тәрбие жұмыс жоспары

Сынып оқушыларының

тізімі

Сыныптың әлеуметтік жағдайы

Әдеп сабақтары

орта мектебінің сыныбының оқушылар тізімі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу