file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Жаспын, әдемімін, бірақ...

әдемі, жас, бірақ, оқиға

Туыстарымызбен бірге қайтыс болған нағашы әпкемнің жүзін соңғы рет көру үшін мазарға барған кезімізде имам бұл тілегімізді қабылдамады. Табытты ашты, бірақ кебіннің басындағы бауларды ғана шешті. Мәйіт қабірге түсірілгеннен кейін қатар-қатар тақтайлар қойыла бастады. Енді оның дүниемен байланысы қалған жоқ. Тек істеген істерімен бірге қалды. Әрбір тақтайды қойып жатқанда менің дүниеге деген сүйіспеншілігім жойылып жатқан еді. Топырақ тасталып жатқанда бұл дүниенің жалған екенін түсіндім. Мазардың беті топырақпен үйілген кезде ол әйелдің өмір сүріп-сүрмегендігі белгісіз болып қалған еді. 
     Біраздан кейін біз ол жерден кеттік. Ол жалғыздан-жалғыз қалды. Міне, сол кезде өз жағдайыма қарап, іштей қынжыла бастадым. 
    «Мен топырақтың астында жалғыз қаламын. Нағыз керек кезде қасымда ешкім болмайды. Олай болса дүниеде әркімнің сөзіне еріп, «сопы деп мазақтамасын» деп неге ғибадаттарымды жасамауым керек?” 
    Үйге келген соң анамнан «артық орамал бар ма?» деп сұрағанымда ол таң қалды. Оған «Жалғыз жерде есеп беруден қатты қорқамын, ана» дедім. Ол қатты қуанды. Ғибадат жасауды бастадым. Күйеуім де қуанды. Бірақ, айналамдағы адамдар маған «Жассың, әдемісің, не болып кеттің, өмір сүріп қалмайсың ба?» дей бастады. 
     Не десем де оларды сендіре алмадым. Сосын оларға былай дедім: 
   «Бұл жерде маған ақыл айтуларыңа болады. Егер мазарда да мені жалғыз қалдырмайтындарыңа сөз берсеңдер, сендердің айтқандарыңды істейін...”


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: әдемі, жас, бірақ, оқиға