Шәмші Қалдаяқов (Шаттығым)

 Шәмші Қалдаяқов (Шаттығым)

Сағыныш күйі жанымды тербеп самсаған
Бақ гүлім сенсің шаттығым сенсің аңсаған
Пәнидің жарық сәулесі сөніп біткенше
Өзіңді сүйіп өзіңді жыр ғып ән салам

Көзіңді байлап тұрса да қанша мұнар күн
Сәулесін шашып көгімде күн боп тұрармын
Тілегі лебіз жүрегі егіз жаралған
Нәр алған сенің махаббатаңның сыңарымын

Сен жүрген жермен жүргім келеді
Сен көрген түсті көргім келеді
Сен сүйген әнді ғашығым менің
Өзіңмен бірге салғым келеді

Аймалап аппақ жүзіңді самал ескенде
Көзіңді жұмып ғаламат сезім кешкенде
Мен сені сүйдім сен мені солай сүйе алсаң
Махаббат қылын үзе алмас еді-ау еш пенде

Сен жүрген жермен жүргім келеді
Сен көрген түсті көргім келеді
Сен сүйген әнді ғашығым менің
Өзіңмен бірге салғым келеді

Сен жүрген жермен жүргім келеді
Сен көрген түсті көргім келеді
Сен сүйген әнді ғашығым менің
Өзіңмен бірге салғым келеді

Сен жүрген жермен жүргім келеді
Сен көрген түсті көргім келеді
Сен сүйген әнді ғашығым менің
Өзіңмен бірге салғым келеді

Сен жүрген жермен жүргім келеді
Сен көрген түсті көргім келеді
Сен сүйген әнді ғашығым менің
Өзіңмен бірге салғым келеді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен