file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)

 Шәмші Қалдаяқов (Ақ сұнқарым)

Есімде гүл терген кез көктемеде
Есті қыз ер жігітті шет көре ме?!
Қапысыз, қайырылмастай, құлай сүйсең
Құрбыжан құр бекерге өкпелеме!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар

Жаным-ау, мен қалайша жатсынамын?
Жан-жүрек бір өзіңе тапсырарым
"Сіз" деген әзіл сөзден шошып қалсаң
Сен дейін баяғыша ақсұнқарым!

Қайырмасы:
Батырым - баяндым
Ақ көңіл - аяулым
Дарқан той - базарлым, ақсұнқарым!
Аяла гуліңді
Ұмытпа үніңді
Бір жырла жырыңды, ақсұнқарым!
Екі дос қаздай
Жадырап жаздай
Жұбыңды жазбай, жақсы жар!
Тыңда да бірге
Шыңда да бірге
Сында да бірге ақсұнқар
Сында да бірге ақсұнқар

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Оқырман Аман
    Оқырман Аман 24.01.2024 12:18
    0 + 0 -
    Шәмші қалдаяқов мықты әнші
    1. Аманжол.
      Аманжол. 12.07.2025 15:38
      0 + 0 -
      Қалдаяқов ешқандай да әнші емес,ол қазақтың бетке ұстар композиторларының бірі.
      Досмұқасанды қазақтың Битлз ы десе,
      Шәмшінің қазақтың Пахмутовасы деп те айтады.