Әбубәкір Кердері (Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын)

 Әбубәкір Кердері (Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын)

Сұлу қыз, көрмесек те аманбысын,
Қонақты қондырмайтын сараңбысын?
Ер болмасаң, ердің жайын білер едің,
Шет жерге жолаушылап барармысын?
Үйіңде әкең тұрып, өзің шықтың,
Берекет бұ мінезден табармысын?
Көрінер жүзің жылы бір көргендей
Танысып күні-түні бір жүргендей.
Байқаймын осы күнде еш ойың жоқ,
Құдайды бір, құранды шын білгендей.
Болған соң атың әйел шара бар ма.
Ер болсан қондырар ең тірілгендей.
Келдің бе осынша елге сыйлағаннан?
Аршын төс, алма мойын асылға қыз,
Айтамын жамандыққа қимағаннан.
Жоқ шығар құт құйдырған жұрттын бәрі,
Қартайса, кетед екен қыздан әрі.
Сұрасаң менің атым Әбубәкір,
Қауындай жеңсік көрген жұрттың бәрі.
Қыз болсаң сен де қонақ, мен де қонақ,
Қонақты қонақ қумақ болмас жол-ақ.
Үйінде өзі отырып, қыз шығарған,
Байқаймын, әкең менен шешең дорак.
Пиғылсыз, жазды күні қонба дейсін,
Тұр ма еді, қарың жауып, күнің борап?
Көргенмін талай жерде сендей қызды,
Беп-бекер сөйлей берме алдымды орап.
Бір қызсың жез оймақтай жымырылған,
Пиғылың жас басыңнан қуырылған.
Үйіне қызын қойып, өзі шықса,
Тая ма әке-шешең тұғырынан?
Жаярмын талай жерге дыбысынды,
Жүйрікпін әрбір топта суырылған.
Менің бұл айтқан сөзім жаман ба екен,
Сен қыздың түндегі айтқан сыбырыңнан?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?