Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Мылтық пен мергеншілік)

 Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Мылтық пен мергеншілік)

Мылтығың тізу болсын, өзі сырлы,
Сүйменді оғы болсын алты қырлы.
Қолыңда қызыл темір қалың ауыз
Алысы мен талғамас жақын жерді.
Аузы тар, ішкі қыры болсын терең,
Аң қашпайтын қанды ауыз, өзі берген.
Артық салған дәріні көпсінбесін,
Үстіне серіппейтін жақын жерден.
Темірі бір қалыпты болмаса ала,
Ауыр, жеңіл болмасын, орта ғана.
Көрігенді алғандай көңіл шат боп,
Мойнына салып шыққан сахараға.
Мылтығы шаңқ еткенде жерді жарып,
Көздеген көп жеріне тисе барып.
Асығып жан - жағына қарап мерген,
Мақтанып бауыздайды қоразданып.
Қанын сүртпей пышағын қынға салып,
Жаны шықпай тірсегін тесе салып.
Ат пен тымақ өзектің ар жағында,
Сүйретіп оған барар бір дем алып.
Абыр - жабыр жанына тез байланар,
Мұны біреу алар деп көріп қалып.
Тағы да аң көрінсе атайын деп,
Атына ол мінеді даярланып.
Аяғын байқай басқан сауда жүріп,
Тым ұялшақ болады сонда тұрып.
Маңдайынан қарайды жылмырайып,
Қай жерден атамын деп ол ойланып.
Асығыс алабұртып қарағанда,
Жатқан аң екі болар сағымданып.
Сіңбіретін дәрмен жоқ, ол бір тар жер,
Мұрны бітіп тұрса да қамырланып.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?