file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Фариза Оңғарсынова (Арна)

 Фариза Оңғарсынова (Арна)

Күз, саладан, сайлардан
ұмтылып алға өзендер жатыр бұрқанып,
өр екпінімен жолсыз жақтарға бұлтарып.
Кедергілерді келеке еткендей айбынмен
/кездесуге құштар айдынмен/
сескенер емес дүниені түгел дәл қазір
кетсе де тұман-бұлт алып.
Ағыныменен құздарға соғып, бас ұрып,
алай да дүлей ақ толқындары шашылып,
тірлікке түгел нәр беріп жатқан арнаға
жетуге ғана асығып,
бұлқынып ағып, буырқанады бейуақта -
тосқауылдардың көптігінен бе - ашынып.
Тұп-тұнық көк көл тұншығып,
/арынсыз онда бұйығы, тымық тіршілік!/
мөлдіреп мөлтек көрінгенсиды-ау сырт көзге
түбінде бейне тұрғандай балғын гүл шығып,
аласұрғанмен алыс арнаға жете алмай,
қарайды сонау өр ағыстарға
ұмтылған алға құлшынып,
қызығып әрі қымсынып.
Айдынды мекен - жасыл жай, .»
алапат толқын екпіні жазғы жасындай.
Талпынып сонау армандай мәңгі арнаға,
далада қанша бастаулар жатыр ашылмай...
Арнасыз, сусыз тіршілік деген бұлыңғыр.
қалғандай бейне сәулесі Күннің шашылмай
су ма едің сен де, қымбаттым, жүрмін әлі күн
өзіңе деген менің де шөлім басылмай/.
Өр ағыстарға тоқтау жоқ,
жолында талай жатса да тосқын жармасып,
өршеленеді алға асып.
Ағыныменен кетеді шайып, өң беріп,
бытқылдың бәрін қашаннан жатқан
шаң басып.
...Сарқылмас, солмас тасқындар солай ағады
тірліктің мәңгі арналарымен жалғасып.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?