file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Фариза Оңғарсынова (Қызбел)

 Фариза Оңғарсынова (Қызбел)

Табиғат, құпия әлі сырың жұртқа,
сұлулық сыйла әніме мұңымды ұқ та.
Келемін бас июмен талантыңа
ғашық боп ғұмыр бойы сұлулыққа.
Көміліп сен де талай мұнар-мұңға,
өлтірмей өнеріңді шыға алдың ба,
өмірлік өткелдерде сыналдың ба —
білмеймін,
Білетінім — бір ғажабың
көз тартып Қызбел тауы тұр алдымда.
Сағымға оранғанда, дала нұрлы,
керілген кеңдігі мен адамы үлгі.
Сұлулық сирек кезде
Қызбел тауы
талдырып бара жатыр жанарымды.
Қызықтап кезіп келем түзді ерінбей,
дөп басып бабалардың іздерін кей.
Даланың кеудесінде тау жотасы
шынында қынай буған қыз беліндей.
Басынан Қызбел таудың мұнар ұшып,
мөлтілдеп көк тасында тұнады шық.
Біресе жүдеу, жалғыз көрінеді —
Жанына енер ме едім сыр алысып...
Құздар жоқ жіберетін тіреп, демеп,
әлде ойда, әлде назбен тұр өкпелеп.
Аялап сұлулықты сезуге де
кез керек, сосын жота жүрек керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?