Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр)
![Бақыт Беделхан (Аяқталмайтын жыр)](/uploads/posts/2016-05/1463509351_fb35890a-fae2-49ed-b0c3-496a9163ee22_tv.jpg)
Тәтті өмірге келіп еді Ол - ащы үнмен.
Келіп еді Ол - бір алапат тасқынмен.
Сөз-патшасы жүрегінде жаңғырып,
Тайталасты Тағдыр дейтін тақсырмен.
Тайталасты тағдырымен таласты,
Таласудың басы, соңы – бәрі ащы.
Жарасудың жөнін таппай жабығып,
Жазған жыры жан жарасын тағы ашты.
Жыр жазбаса кететіндей жынданып,
Біртүрлі ғой, Ақын дейтін, бұл – халық.
Жазған жырын жел тыңдаса мұңданып,
Ел тыңдаса қалатұғын бұлданып.
Тыңда, ақынды,
көпірі жоқ Көл-Ана,
Тыңда, ақынды, нөпірі көп Жер-Ана,
Тыңда ақынды тіреуі жоқ көк Аспан,
Алау жырдан аунап түсіп, домала!
Домаланған мынау шетсіз дүниеде
Өз мұңыңды тыңдамауға бола ма?
Келіп еді Ол - бір алапат тасқынмен.
Сөз-патшасы жүрегінде жаңғырып,
Тайталасты Тағдыр дейтін тақсырмен.
Тайталасты тағдырымен таласты,
Таласудың басы, соңы – бәрі ащы.
Жарасудың жөнін таппай жабығып,
Жазған жыры жан жарасын тағы ашты.
Жыр жазбаса кететіндей жынданып,
Біртүрлі ғой, Ақын дейтін, бұл – халық.
Жазған жырын жел тыңдаса мұңданып,
Ел тыңдаса қалатұғын бұлданып.
Тыңда, ақынды,
көпірі жоқ Көл-Ана,
Тыңда, ақынды, нөпірі көп Жер-Ана,
Тыңда ақынды тіреуі жоқ көк Аспан,
Алау жырдан аунап түсіп, домала!
Домаланған мынау шетсіз дүниеде
Өз мұңыңды тыңдамауға бола ма?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?