Ақұштап Бақтыгереева (Адрессіз бала)

 Ақұштап Бақтыгереева (Адрессіз бала)

Алғаш көрген қалада адасуда,
Тұрағы жоқ, келіпті баласына.
Тілдестім де әйелді үйге әкелдім
Мұқтаж болған қиын-ау жанашырға.
Болжауменен үй іздеп кешкірді күн,
Жөн демейді, әрине, ешкім мұным.
Өзіме аян бұл үшін күйеуімнен
Сөздердің де төркіні естір бүгін.
Жасырынған баланы қаладағы
Адрессіз кім қашан таба алады?
Есі ауыс болмаса бұл күнде адам
Жоқ іздей ме біреуге даладағы.
Жасайын деп жақсылық желпілдедім,
«Енді өйтпейтін» тұрақсыз сертім менің.
Өзіме де жүрген жоқ оңай тиіп,
Жыр жазатын талай күн өлтіргенім.
Жылайды әйел, қу бала қымбат та оған,
Оқимын деп жыл бойы үн қатпаған.
Мейірімді ананың жалғыз ұлы
Мейірімсіз болғаны жұмбақ маған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен