Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....)

 Бақытгүл Бабаш (Көзімнен көктем көшкелі....)

Көзімнен көктем көшкелі,
Тербемед сезім еш мені.
Көңілімнің көркем серігі-ау,
Түсінбей жүрсем, кеш мені!

Қызыға маған қарайсыз,
Биікке бәлкім балайсыз?
Тордағы тоты халіме,
Құштар боп жүрсіз қалай Сіз?

Көгімде үнсіз тұр Ай. Күз.
Көңіл де сынық, шырайсыз.
Жырым да жырым жүректің,
Жағдайын несін сұрайсыз?

Қадірін білмей жарықтың,
Жабығып жүрген ғаріппін.
Ақбөкен-тірлік тұсаулап,
Аулақта маңып қалыппын.

Саялар тау да, төбе жоқ.
Кеудемде бір күн сөнер от.
Көріне ме екем Сізге мен,
Төгілген мөлдір Өлең боп?

Сорқұдық жаққа қонбаңыз.
Тұрлаусыз, тарау жолдамыз.
Жақындап, күйіп не етесіз,
Алыста-а-ан ғана қолдаңыз!

Көзімнен көктем іздеген,
Бір ізгі жансыз Сіз деген!
Мен бұлай сеніп ешкімге,
Сырымнан алқа тізбегем.

Бақытты балап таңыма,
Орайын жыр қып жаныма.
Самал боп үнсіі-із ұшып кеп,
Қонайыншы алақаныңа!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?