Бақытгүл Бабаш (Қаңтар, сені жек көрем!)
Қаңтар, сені жек көрем!
Өзегімді өртеген өкініш боп жеткен ең.
Қара шәлі жамылып, қараша жұрт қамығып,
Қанатында ажалдың қайрылмастан кетті Өлең!
Жанарынан жалғанның жасы тамды Үміттің,
Алдайтынын арманның, е, мен қайдан біліппін?
-Апа!, - деймін әлі де, ең бір қатал мейірмен,
Шығатындай алдымнан, көздерінде күліп күн.
Аруанасын іздеген бота сынды бұл күнде,
Тым мұңдылау боп алдым, кірпікке шық ілдім де.
Тұманытқан тағдырым құлатарын білдім бе?
Жұдырықтай жүрекке жүк артарын білдім бе?
Қаңтар, сенің қайғыңнан аспанымда Ай тұтылып,
Мен де кете бардым-ау қу тірлікке жұтылып.
-Апа!, - деймін тағы да, қалай табам жан емін,
Өлеңге орап жүрмісің онда барзақ әлемін?
-Апа!,- деймін, жабығып Жайықтың жарқабағы,
Бір сағыныш кеудемді, е-ей, сыздатып барады.
Сен-елессің, ал бірақ, күндейтіндер ақынды,
Аққа қара жұқпасын білмейтіндер бар әлі...
Жеті қат жер астына апалаған жетпеді үн.
Көз жасымды көл қылып, жоқтау жазам деп пе едім?
Кешіре алмай қойдым-ау, сені әкеткен сол күнді,
Аз болды ма бір басқа осынша азап шеккенім?

Ақіреттің бір күні келетінін білсем де,
Қасіреттің бетімнен өбетінін білсем де,

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?