Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?)

 Бақытгүл Бабаш (Сезім солай сөнеді ме, білер кім?)

Сезім солай сөнеді ме, білер кім?
Көшеде-күз, мен де бұлттай түнердім.
Үнсіздігің үгіп бітті жанымды,
Сезімге ерген сергелдеңнің бірі едім.

Өзімді өзім жұбата алмай әлекпін,
Өзімді өзім ұната алмай әлекпін.
Бір таяныш таба алмаған тірліктен,
Жүрегімді уата алмай әлекпін.

Түн қойнында жылағаным не еткенім?
Көкте едім ғой, құлағаным не еткенім?
Тағдырымнан, таң нұрынан, жаңбырдан,
Сені ғана сұрағаным не еткенім?

Бұл не қылған ұзақ ғұмыр бітпейтін?
Бір жолдамын, ешкім де алдан күтпейтін
Сен жалықтың, мен жаңа ұқтым,сенімнің,
Сәукелесін сыйға тартып сүттей түн.

Ақ аспаннан орамалын бұлғады Ай,
Шақыра ма мені көкке, бұл қалай?
Жер бетінен жоғалар ем қазір-ақ,
Жаным,сені көргім келіп тұрғаы-ай...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?