Ғафу Қайырбеков (Шашу)
Қазақстан - менің туған анамсың,
Өзгеде жоқ, өзімде бар даласың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Қазақстан - ғажапстан жер дүлдүл,
Болашаққа самғап ұшқан сен бір жыр.
Ол таусылмас, ол сарқылмас өзіңдей,
Оны талай жырлап өтер ер бұлбұл.
Қазақстан деген жалғыз сөзбенен,
Салмақтырақ тарта берем өзгеден.
Ең шетіңе қойып қойған белгіңдей,
Жолаушыға сені іздеген кез келем.
Бір сәлемге атын түсіп беретін,
Қайран біздің бабалардың заманы-ай.
Өзгеде жоқ, өзімде бар даласың.
Кеңдігіңмен, молдығыңмен момақан,
Ақыл, сабыр үлестірген данамсың.
Қазақстан - ғажапстан жер дүлдүл,
Болашаққа самғап ұшқан сен бір жыр.
Ол таусылмас, ол сарқылмас өзіңдей,
Оны талай жырлап өтер ер бұлбұл.
Қазақстан деген жалғыз сөзбенен,
Салмақтырақ тарта берем өзгеден.
Ең шетіңе қойып қойған белгіңдей,
Жолаушыға сені іздеген кез келем.
Бір сәлемге атын түсіп беретін,
Қайран біздің бабалардың заманы-ай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?