Кенен Әзірбаев (Базар-назар)

 Кенен Әзірбаев (Базар-назар)

Зарланасың, ақ ешкі, лағыңа,
Емшегіңнен емізген шырағыңа.
Кел, екеуміз қосылып бір жылайық,
Жетер ме екен Тәңірдің құлағына.

Қайырмасы:
Жалған, дүние-ай, салдың күйге,
Омырауымнан үзіліп түсті,
Екі түйме, ой, дүние-ай!
Базарым-ай, Назарым-ай,
От басында күл шашарым,
Қарағым-ай, ой, дүние-ай!
Базарым-ай, Назарым-ай,
Қу шешектен болды сенің,
Ажалың-ай, ой, дүние-ай!

Бала деген адамға балдай екен,
Сөйлесе тәттілігі жалдай екен.
Арып-ашып алыстан келгеніңде,
Мойыныңа асылып алдайды екен.

Қайырмасы.

Мәтібұлақ жолымен ел өтеді,
Жалаң қабат шапаннан жел өтеді.
Керектігін баланың мен айтайын,
«Қу бас» десе біреудің сөзі өтеді.

Қайырмасы.

Мәтібұлақ жолымен ел көшеді,
Екі ағайын ұрысса «сен» деседі.
Ер жігіттің баласы өле берсе,
Жанып тұрған шырағы демде өшеді.

Қайырмасы.

Көштің көркі болмайды түйесі жоқ,
Таппай айтқан сөз жаман жүйесі жоқ.
Бірте-бірте баламды ала бердің,
Домбырамның қала ма иесі жоқ.

Қайырмасы.

Ешкі қандай байқасаң, лақ қандай,
Лақ ойнап тезекті құлатқандай.
Көптің көңілін көп ашқан бұлбұл едім,
Мен жаздым Тәңірге жылатқандай.
Қайырмасы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?