Тұрмағанбет Кенжебаев (Арың да, асылың да, анаң да – ақша! Бұл күнде құдiрет жоқ одан басқа...)
Жаратқан ием, күнәһар құлмын
Санасын тұрмыс билеген.
Айтағына ерiп сайтан мен жынның –
Құлқынның қамын күйлеген.
Жаратқан ием, жаңылсам кешiр
Адасқан соқыр пендеңмiн.
Өкiнiшпенен өткiзген есiл
Келер ме қайтып өлген күн?!
Жаратқан ием! Айыбым шексiз
Амал не, бәрiн кеш ұқтым.
Алайда мынау өмiрге ессiз –
Өлердей бiрақ ғашықпын!..
Санасын тұрмыс билеген.
Айтағына ерiп сайтан мен жынның –
Құлқынның қамын күйлеген.
Жаратқан ием, жаңылсам кешiр
Адасқан соқыр пендеңмiн.
Өкiнiшпенен өткiзген есiл
Келер ме қайтып өлген күн?!
Жаратқан ием! Айыбым шексiз
Амал не, бәрiн кеш ұқтым.
Алайда мынау өмiрге ессiз –
Өлердей бiрақ ғашықпын!..
Сергелдең болдым сенделiп,
Сабылып босқа шаршадым.
Алдады арман, ақ үмiт
Айналам тұнған сар сағым...
Таусылды тағат-төзiмiм,
Қырқылды қиял-қанатым
Өтеусiз өткен өмiрiм
Қай жаққа кетiп барасың?..
Күндерiм қайта оралмас,
Түндерiм түнек жамылған…
Жүрегiм мынау – жалаңаш,
Тiрегiм қайда табынған,..
Сенiмнiң сынып семсерi,
Жiгердiң жүзi мұқалды.
Үзiлдi ме әлде жол шегi
Сөндi ме сезiм шырағы?!.
Жеткiзбес жүйрiк уақыт,
Кеудеден қағып қарсы ағын…
Қажетi қанша жұбатып –
Шаршадым, жаным, шаршадым!..
Сабылып босқа шаршадым.
Алдады арман, ақ үмiт
Айналам тұнған сар сағым...
Таусылды тағат-төзiмiм,
Қырқылды қиял-қанатым
Өтеусiз өткен өмiрiм
Қай жаққа кетiп барасың?..
Күндерiм қайта оралмас,
Түндерiм түнек жамылған…
Жүрегiм мынау – жалаңаш,
Тiрегiм қайда табынған,..
Сенiмнiң сынып семсерi,
Жiгердiң жүзi мұқалды.
Үзiлдi ме әлде жол шегi
Сөндi ме сезiм шырағы?!.
Жеткiзбес жүйрiк уақыт,
Кеудеден қағып қарсы ағын…
Қажетi қанша жұбатып –
Шаршадым, жаным, шаршадым!..
Өткiншi бәрi, бәрi де
Өткiншi бақыт, бақ деген.
Алдамшы мынау өмiрде
Өлiмнен шындық жоқ бөтен!
Өңмендеп, өктеп, өзеуреп
Жарқыным, босқа аптықпа!
Даурығып сонша не керек –
Бiр күндiк аштық-тоқтыққа?!
Жанықпа, жаным, желiгiп
Алдың – жар, артың – қара түн...
Дегбiрiң қашып, демiгiп
Құдай-ау, қайда барасың?!
Жанарың жаудай арбасып,
Жағаға қолың жармасып,
Жүргенде көздi шел басып
Өмiрiң өтер сорлатып.
...Жоғалтқан жарық, жылуын
Жүрегiм – жамау, ой – құрау...
Онсыз да қысқа ғұмырдың
Қадiрiн бiлмей қойдық-ау!
Өткiншi бақыт, бақ деген.
Алдамшы мынау өмiрде
Өлiмнен шындық жоқ бөтен!
Өңмендеп, өктеп, өзеуреп
Жарқыным, босқа аптықпа!
Даурығып сонша не керек –
Бiр күндiк аштық-тоқтыққа?!
Жанықпа, жаным, желiгiп
Алдың – жар, артың – қара түн...
Дегбiрiң қашып, демiгiп
Құдай-ау, қайда барасың?!
Жанарың жаудай арбасып,
Жағаға қолың жармасып,
Жүргенде көздi шел басып
Өмiрiң өтер сорлатып.
...Жоғалтқан жарық, жылуын
Жүрегiм – жамау, ой – құрау...
Онсыз да қысқа ғұмырдың
Қадiрiн бiлмей қойдық-ау!
... Әкемнiң көзiн көрген қарттарым-ай,
Бойға күш, дауа берсiн дертке Құдай!..
Селдiреп күзгi бақтай қатарыңның
Күн санап сиреп бара жатқанын-ай!..
Армысың, ақсақалды абыздарым?..
Өткiзген не сұрапыл дауылдарын,
Тәңiрдiң көнемiз де дегенiне –
Өмiрдiң көремiз де жазылғанын.
Аман ба асқар таудай биiктерiм?..
Тағдырдың татқан талай күйiк-шерiн.
Төзiмiң тарқалса да үзiлмедiң –
Сенiмiң шайқалса да иiлмедiң.
Кешегiнi жалғаған бүгiнiңе,
Келер күннiң бұйырар нұры кiмге?!.
Қиқулаған құстардың күз-керуенi
Көз ұшында бұлдырап үзiлуде!..
... Әкемнiң көзiн көрген қарттарым-ай,
Бойға күш, дауа берсiн дертке Құдай!..
Күздегi жел ұшырған жапырақтай
Күн сайын сиреп бара жатқаның-ай...
Бойға күш, дауа берсiн дертке Құдай!..
Селдiреп күзгi бақтай қатарыңның
Күн санап сиреп бара жатқанын-ай!..
Армысың, ақсақалды абыздарым?..
Өткiзген не сұрапыл дауылдарын,
Тәңiрдiң көнемiз де дегенiне –
Өмiрдiң көремiз де жазылғанын.
Аман ба асқар таудай биiктерiм?..
Тағдырдың татқан талай күйiк-шерiн.
Төзiмiң тарқалса да үзiлмедiң –
Сенiмiң шайқалса да иiлмедiң.
Кешегiнi жалғаған бүгiнiңе,
Келер күннiң бұйырар нұры кiмге?!.
Қиқулаған құстардың күз-керуенi
Көз ұшында бұлдырап үзiлуде!..
... Әкемнiң көзiн көрген қарттарым-ай,
Бойға күш, дауа берсiн дертке Құдай!..
Күздегi жел ұшырған жапырақтай
Күн сайын сиреп бара жатқаның-ай...
Құдай бiзге берген екен,
Берген екен мол қылып
Жерiмiздiң асты-үстiн қазынаға толтырып!
Қанша алса да сарқылмайтын
бұл не деген кеңшiлiк –
Қанша шашса таусылмайтын
бұл не деген молшылық!
Құдай өзi берген екен, берген екен аямай!..
Жабыла кеп таласа да балға қонған арадай,
Жабыла кеп тонаса да жан-жағына қарамай –
Тәңiрi өзi несiбесiн артық еткен қазақ-ай!..
Берген екен мол қылып
Жерiмiздiң асты-үстiн қазынаға толтырып!
Қанша алса да сарқылмайтын
бұл не деген кеңшiлiк –
Қанша шашса таусылмайтын
бұл не деген молшылық!
Құдай өзi берген екен, берген екен аямай!..
Жабыла кеп таласа да балға қонған арадай,
Жабыла кеп тонаса да жан-жағына қарамай –
Тәңiрi өзi несiбесiн артық еткен қазақ-ай!..
...Көз жасына қарамай төккен жас пен кәрiнiң,
Жанталасқан, Құдай-ай, бұл не тiрлiк Тәңiрiм?!
Барар жерi бiреу-ақ асыққанмен бәрiнiң,
Жете алмасты қуалап қажетi не, жарығым?!
Сүрiнгендi құлатып, құлағанды ұратын,
Жазықсызды жылатып тапқан кiм бар мұратын?
Желiккеннiң бәрiнiң шыңы бiреу шығатын –
Жын қуғандай жанығып керегi не, қуатым?!
Құтырған аш қасқырдай талаған өз баласын.
Тойымсыздың түбiнде берер Құдай жазасын!..
Жұмыр басты пенденiң тұрағы бiр баратын,
Оған сонша құмартып не қыласың, қанатым?!.
Жанталасқан, Құдай-ай, бұл не тiрлiк Тәңiрiм?!
Барар жерi бiреу-ақ асыққанмен бәрiнiң,
Жете алмасты қуалап қажетi не, жарығым?!
Сүрiнгендi құлатып, құлағанды ұратын,
Жазықсызды жылатып тапқан кiм бар мұратын?
Желiккеннiң бәрiнiң шыңы бiреу шығатын –
Жын қуғандай жанығып керегi не, қуатым?!
Құтырған аш қасқырдай талаған өз баласын.
Тойымсыздың түбiнде берер Құдай жазасын!..
Жұмыр басты пенденiң тұрағы бiр баратын,
Оған сонша құмартып не қыласың, қанатым?!.
Еңiрейсiң етегiң жасқа толып,
Бiр өзiңнен өзгенi басқа көрiп.
Бәрi жаман, бәрi арам, бәрi жауыз
Бiреуi жоқ, Құдай-ау, дос па делiк...
Анау жаман – артында тiрегi жоқ,
Мынау жаман – жалыны, жүрегi жоқ...
Елдiң қамын ескерер бiреуi жоқ –
Ойлайтыны тек қана бiр өзi боп!
Заман жаман, содан соң адам жаман,
Аш қасқырдай жем iздеп жалаңдаған.
Жарқыным-ау, кiм қалды таланбаған –
Алтыным-ау, нең қалды тоналмаған?
Өкiнесiң кәрiлiк жеткенiне,
Қолдан – билiк, бойдан күш кеткенiне.
Күдер үзiп бүгiннен, болашақтан
Қайта-қайта қарайсың өткенiңе.
Тұрған күндей тiрлiктiң тынысы боп,
Жаратқанның iсiнiң бұрысы жоқ.
Неге сонша бәрiнен түңiлесiң –
Неткен жансың Құдайдан үмiтi жоқ?!.
Бiр өзiңнен өзгенi басқа көрiп.
Бәрi жаман, бәрi арам, бәрi жауыз
Бiреуi жоқ, Құдай-ау, дос па делiк...
Анау жаман – артында тiрегi жоқ,
Мынау жаман – жалыны, жүрегi жоқ...
Елдiң қамын ескерер бiреуi жоқ –
Ойлайтыны тек қана бiр өзi боп!
Заман жаман, содан соң адам жаман,
Аш қасқырдай жем iздеп жалаңдаған.
Жарқыным-ау, кiм қалды таланбаған –
Алтыным-ау, нең қалды тоналмаған?
Өкiнесiң кәрiлiк жеткенiне,
Қолдан – билiк, бойдан күш кеткенiне.
Күдер үзiп бүгiннен, болашақтан
Қайта-қайта қарайсың өткенiңе.
Тұрған күндей тiрлiктiң тынысы боп,
Жаратқанның iсiнiң бұрысы жоқ.
Неге сонша бәрiнен түңiлесiң –
Неткен жансың Құдайдан үмiтi жоқ?!.
...Көңiлiмнiң қошы жоқ көптен берi,
Сезiлмейдi жаныма көктем лебi.
Осы ма әлде шабыттың шектелгенi,
Осы ма әлде өмiрдiң өткен кезi?!
Көңiлiмнiң қошы жоқ, бiраз болды,
Жүз құбылып дүние, мың өзгердi.
...Осы ма әлде үмiттiң үзiлгенi –
Осы ма әлде – тұйыққа тiрелгенi?
Көңiлiмнiң қошы жоқ, талай болды,
Талай өтiп өмiрден, талай келдi.
Адасардай ай-күннiң аманында
Құдайым-ау, бұл өзi қалай болды?
Көңiлiмнiң қошы жоқ, қайтсем екен?
Айта алмасаң – арға сын, айтсаң – бөтен...
Өзгелердей өтiрiк көлгiрсiмей
Үндемей-ақ жөнiме қайтсам ба екен?!.
... Қайтсем екен?!
Сезiлмейдi жаныма көктем лебi.
Осы ма әлде шабыттың шектелгенi,
Осы ма әлде өмiрдiң өткен кезi?!
Көңiлiмнiң қошы жоқ, бiраз болды,
Жүз құбылып дүние, мың өзгердi.
...Осы ма әлде үмiттiң үзiлгенi –
Осы ма әлде – тұйыққа тiрелгенi?
Көңiлiмнiң қошы жоқ, талай болды,
Талай өтiп өмiрден, талай келдi.
Адасардай ай-күннiң аманында
Құдайым-ау, бұл өзi қалай болды?
Көңiлiмнiң қошы жоқ, қайтсем екен?
Айта алмасаң – арға сын, айтсаң – бөтен...
Өзгелердей өтiрiк көлгiрсiмей
Үндемей-ақ жөнiме қайтсам ба екен?!.
... Қайтсем екен?!
... Сатылады, бәрi де сатылады
Бағасы бар бұл күнде барлығының
Бағасыздан белгiлi не шығары...
Жасыратын, Құдай-ау, несi қалды?!
Сатылады жандың да, жансызың да,
Сатылады малдың да, малсызың да,
Сатылады арлың да, арсызың да –
Шамаң жетсе болғаны нарқымызға...
Сатылады елiмiз, жерiмiз де
Сатылады терiмiз, төрiмiз де...
Сатылады сенiмiң, сезiмiң де
Сатылмайтын нәрсе жоқ тегi бiзде!
... Жасыратын, жаным-ау, несi қалды?
Бағасы бар бұл күнде барлығының –
Бағасыздан белгiлi не шығары!
... Сатылады барлығы, сатылады!..
Бағасы бар бұл күнде барлығының
Бағасыздан белгiлi не шығары...
Жасыратын, Құдай-ау, несi қалды?!
Сатылады жандың да, жансызың да,
Сатылады малдың да, малсызың да,
Сатылады арлың да, арсызың да –
Шамаң жетсе болғаны нарқымызға...
Сатылады елiмiз, жерiмiз де
Сатылады терiмiз, төрiмiз де...
Сатылады сенiмiң, сезiмiң де
Сатылмайтын нәрсе жоқ тегi бiзде!
... Жасыратын, жаным-ау, несi қалды?
Бағасы бар бұл күнде барлығының –
Бағасыздан белгiлi не шығары!
... Сатылады барлығы, сатылады!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?