Исмағұлов Сабыржан (Пендеміз ғой)

 Исмағұлов Сабыржан (Пендеміз ғой)

Пендеміз ғой бас имейтін ешкімге.
Пендеміз ғой су құятын кеш гүлге.
Пендеміз ғой көп нəрсенің қадірін,
Ең соңынан түсінетін кеш мүлде.

Бұл өмірде есеппенен санау бар.
Пендемиз ғой көіңілдерде жамау бар.
Сəл түзелсе жағдайымыз шіреніп,
Пендеміз ғой көтеретін танау бар.

Талай ойым сыртқа шықпас құлпым бар.
Өзге елден бөлінетін ұлтым бар.
Өзі тойса көзі тоймас көп адам,
Пендеміз ғой бәрімізде құлқын бар.

Бəрімізде арман деген алау бар.
Үміт болып алыстардан алаулар.
Көп күнəға бой алдыртып аламыз,
Пендеміз ғой нəпсі менен қалау бар.

Жалған дүние жетемін деп мұны қу.
Оңай болмас тас жүректі жылыту.
Пендеміз ғой жадымызда жамандық,
Жақсылықты оңай бізге ұмыту.

Бұрын біздер тəрбиелі текті едік.
Бекер жүріп бетімізбен кетпедік.
Пендеміз ғой қазір жүрміз көк тіреп,
Ашуланып болмашыға кектеніп.

Пендеміз ғой көзімізде сыншылдық.
Жетпіспейді қазір бізге шыншылдық.
Көре алмасақ бірімізді біріміз,
Түбімізге жетер біздің күншілдік.

Ал ағайын осы жерден тоқтадым.
Білесіздер бұл жүректің тоқтарын.
Қарапайым болайықшы бəріміз,
Ұмытпайық тозақ барын от барын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?