Исмағұлов Сабыржан (1986 жылғы көтерілістің құрбандарына)

 Исмағұлов Сабыржан (1986 жылғы көтерілістің құрбандарына)

Есіме алсам өткен күннің белестерін.
Желтоқсаным ерлік болып елестедің.
Барінеде тек кінәлі Москва ғой ,
Момын қазақ ештеңеде демес дедің.
Қонаевтай нар тұлғаны орнынан ап,
Колбинді əкеп біздерменен кеңеспедің.
Айдаладан басшы болып келген орыс,
Қазағымның қамын мүлде жемес те едің.
Халқым қалай шыдап тұрсын қорлығыңа,
Ежелден ақ қайсар халық емес пе едің.

Ұзақ күткен жандар едік таң атқанын.
Қаламап ек бейбіт күнде қан аққанын.
Қазақты қазақ қана басқарсын деп,
Ұстаған ед плакат пен парақтарын.
Қарапайым қалың елге əскер келді,
Сайланып ап қаруымен жарақтарын.
Талай жасты ұрып соғып сол алаңда,
Қыйды емес пе өмірі мен,қанаттарын.
Суық күні суда шашып сұмырайлар,
Есімізде иттерге де талатқаның.
Кей біреулер ол алаңнан қашып шықты,
Қалтыратып қанға бояп балақтарын.
Ұстап алып маскүнем деп айыптадың,
Ауызына құйып шиша арақтарын,
Жыдыхана деген жерге қамадыңдар,
Оқуданда шығардыңдар санап барін.
Қорлап,зорлап тауға апарып тастадыңдар,
Өз елінде өлімші етіп сабап барін.
Білім қуған студент жастар еді,
Кенес атты ажалынын садақтарын.

Шырқалса жүректің əні,
Ұмытпа халқым мынаны.
Ақталмай кетті-ау көп жастар,
Мойнына алып күнəні.
Арналу керек сендерге,
Қазағымның мың əні.
Кремльде ақтап жастарды,
Мұхтарда болған кінəлі.
Желтоқсан ызғары деп əн салды,
Абдірахман менен Тінəлі.
Алла жар фильмін көргенде,
Жүректе тұрар мұң əлі.
Сарғайып ұзак күттік қой,
Келер деп азат күн əлі.
Айтқан сөзім ақиқат,
Болмасын жұрттың күмәні.
Азат таңда атты ғой,
Сейіліп қара тұманы.
Айтылмай қалған шындық көп,
Шындарға шығар шын əлі.

Толғай кетсе қолымдағы домбырам.
Жырларымды жүректерге қондырам.
Осы айдың он алтысы жеткенде,
Желтоқсаннын ызғарымен тоңдырам.

Желтоқсанда жастар шығып айбатты.
Желтоқсанда елдің қамын ойлапты.
Желтоқсан мен тауелсіздікті айтқанда,
Еске аламын Лəззат,Ербол,Қайратты.

От еді ғой ұл мен қыздар ер еді.
Көп еді ғой келешекке берері.
Азаттықты аңсағанда төгілген,
Қан мен жасты кімдер ақтап береді.

Өткенді еске өкініш пен алам ба?
Ұмытпасын ұрпактарың,балаңда.
Тек казақ деп соғады деп жүрегім,
Қайсар қыздар шығып еді алаңға.

Колбин басшы болса елім оңар ма ед.
Желтоқсанның ызғарына тоңар ма ед.
Талай жасты қыршынынан қыймаса,
Бір үйге əке бір үйге ана болар ма ед.

Алі күнге тоңдырады жел мені.
Айып етпес жараны ашсам ел мені.
Жан түршігіп ата-ана күтіп ед,
Талай боздақ үйлеріне келмеді,

Котеріліс деген сенің ісіңді.
Елің сенің ерлігіңді түсінді.
Желтоқсанның куəсі деп орнатты,
"Тəуелсіздік таңы" атты мүсінді.

Тəуелсіздік таңы атып арайлы.
Қазақ елін бəрі ұлы санайды.
Тəуелсіздіктің тұғыры биік турғанда,
Қазағымның дақы əлемге тарайды.

Жиырма жылда тузеп елім бойыңды.
Келешекте іске асыр ойыңды.
Дуниені дүркіретіп тойлашы,
Келе жатқан тәуелсіздік тойыңды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. abat nurgaliev
    abat nurgaliev 24.04.2019 18:33
    0 + 0 -
    ЖЕЛТОҚСАН-мейрам емес ән салатынғ Ай да емес, бөрік шешіп лақтыратын! Ол айда,КӨП қырылған ЖАҢА-ӨЗЕН бар, Сол айдың әрбір күні-ҚАРАЛЫ КҮН!!!