file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аққала)

 Тыныштықбек Әбдікәкімұлы (Аққала)

Боран бар-тын,... бораудан ол жалықты.
Аяз да жоқ, қылпыған зарлауық тіл.
Өрнегінен тылсымның шашу шашып,
бүгін қайта жарықтық қар жауып тұр.

Айбөшім-ау, тәп-тәтті жүзімдей қыз!...
Екеуара аққала мүсіндейміз.
Мүсіндейміз... көрші үйдің жүгермегі
біз кеткен соң бұзарын түсінбейміз.

Дегенмен де, көңілге бұл күн - емші.
Бас мүсінші - үш жаста, дипломсыз.
"Таяқшамен дуалап" аққаласын,
сыбырлап жүр!
Бола ма сиқыр онсыз?!

Қошемет те жоқ емес қарқылдаған.
Балақайдың сыйы осы, бәлкім, маған:
аққаланың көзін-ай, - көгілдір мұз,
тынысындай перінің, жалтылдаған!

Танауы да - сүңгі-мұз - құлағы да.
Жүрегімен толғанар, сірә, бұ да?
Ең болмаса, бір күнге тұрсыншы аман,
қорғай көр, я, Құда!..

Е-ее-й...
Өте берер уақыт оқтай ағып.
Өкінішсіз бала кез жоқ баяғы...
Жан бітетін секілді аққалаға,
түрте қалса Қыдырдың көк таяғы.
Қасымдағы періштем пыс-пыс етіп:
- Ата, ол ... тоңып қалмай ма?!.. - деп қояды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?