file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ербол Бейілхан (Күзден Көктем іздеп жүрем...)

 Ербол Бейілхан (Күзден Көктем іздеп жүрем...)

Күзден Көктем іздеп жүрем, Қыстан Жаз!
Бұлт үркітіп, мамырлайды ұшқан Қаз.
Түн келгенде аспан жақтан үркектеп,
Мұң жұлдызым жүрегімде қыстайды аз.

Жұлдыз үркер, дауысынан байғыздың,
Хатын күтем, түн жамылып Ай қыздың.
Жесірдей боп шашын жайып қара түн,
Аңқыма есіп жантаяды жалбыз мұң!

Жалбыз мұңым, жан серігім, қастерлім,
Сен ой салып, қара сөзден таспа өрдім.
Сарғаймайтын жапырағы ең жанымның,
Кеше сенің жанарыңнан жас көрдім...

Жазды күтіп жүргенімде күзімнен,
Мұңайтады тырна ізі түзілген.
Ұршық алып шуда бұлттан жіп есіп,
Жалғаудамын арманымды үзілген.

Түн жалайды жүргегімнің тыртығын,
Бөрі мұңым, айға созды тұмсығын.
Жерінсе де, сағынатын сен бар деп,
Көңілімнің жамап қоям жыртығын...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды