Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты)

 Жандарбек Жұман (Бойдақтың Анасына жазған хаты)

Менде бәрі тамаша, алаңдама,
Біраз нәрсе үйретті маған қала.
Сағаттардың сырғуы себеп болып,
Тәмамдауда оқуын балаң,мама!

Жаңа саты.Жаңа күн.Жаңа ғұмыр,
Жар іздеп ем төгетін жанары нұр.
Әлі үзбеп ем үмітті...жан табылды,
Жүректегі жазалар жараны бұл.

Көргенім жоқ: ұрысын, түк шатағын,
Дәл өзімдей қуанад, шықса атағым.
...Сұлулығын, мінезін қарап тұрып-
Әкемнің әйеліне ұқсатамын!

Сырларымды қайтемін ішке бекіп,
Той жасауға дайындал «кішкене» етіп.
Тағдырыма бір қызды кіргіздім мен,
Мерейімді жүретін үстем етіп.

Жүрегіме ол жанды салып қойдым,
Жетегінде кетпеспін қауіпті ойдың.
...Әкеме өзің айтарсың түсіндіріп,
Екеуіңе ақ келін тауып қойдым!

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен