Нұрболат Жолдасбек (Шолпан)

 Нұрболат Жолдасбек (Шолпан)

(Құл а-уузу бираббиль фаляқ.)
Мен кім едім? Кіммін мен? Білесің бе?
Әлде кіммін ақ орам пірі өсірген.
Раббысына ақ таңның сиынамын,
Жігер болмай жатқаннан күресуге.

Қауыс түні артпайды мұңын дәуір,
Қара қырдың естімей ыңылдауын.
Масайған бақша ішінде боп – боз тұман
Жерді иіскеп келеді,дуылдауы
Бітейді ойды құлақтың шыңылдауын.
Күн суытса қазақта шылымды ауыл.
Боп – боз тұман сақалдай біте шыққан
Жел келсе ғой иектен қыруға оны.
Итке ғана бұйырған үру бағы,
Үсеновтың кешегі жырындағы.
Менен биік аппақ ай жарын іздеп
Өлең жазған ақындай қырымдағы.

Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен?
Елді қорғар батырмын білегіммен.
Сардарларды жерлеген күрегімнен
Тамған қаны қап қойған сүйегімде
Өмір кітап секілді,оқып бітсең
Қызықсыз боп қалатын.
Сүйемін мен!
Гүл өңірді сезім бар иісінде,
Бұл өмірді,жұптардың сүйісінде.
Жігерімді жұтылған жанарыңда,
Жүрегімді кеңдіктің үйі сыңды.
Сүйемін мен шалдарды,аспанды да,
Ұлылықты сеземін тастан мына.
Иығында таты бар өткенімнің
Жастарды да сүйемін асқарды да.

Сүйемін мен ақ өзен,құрлықтарды,
Құрлықтарды қартайған кім құтқарды?
Білесің бе кіммін мен? Кім едім мен?
Зардабымын кешегі сұмдықтардың,
Періштесі едім мен құрлықтардың...

Ерініңнен сүйемін жиі жаным,
Менен,қалқа,бабалар биік әлі.
Күнаһары қап – қара түндердің кіл
Раббысына ақ таңның сыйынады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Гүлзат Аманкожоева
    0 + 0 -
    Ой жараткан эм Бул не болған сезім Болды эмі ашык болмаймдесемде Тыншталган жүрөгүмө кайтадан бүлүк салып Бүлүксалып сезімге ойгосалып Кейде коркам жынданып кетембадеп Колумсілтеп кетсемба Баары менен костасып Бул өмүрдө жанды кыйып Сөгүмжерди кушактап тыншталып . О жараткан эм Мен коркамын пенделердін көзінен Мен коркамын пенделердін сөзінен Дымболмаса келші курбым Отыралык аншыркап Отырысты гүл кылайын жыр арнап.