file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әмірхан Балқыбек (Кімге айтамын)

 Әмірхан Балқыбек (Кімге айтамын)

Жапырақ,
Сенің бойың биік менен,
Мен деген қырда туып, күйікте өлем.
Кешқұрым,
Ауа тұнық,
Құр отырмын
Дүниенің бар тылсымын түйіп денем.
Құр отырмын,
Көңілім сан-сан сұрақ,
Тыңдай білген құлақты тамсандырад.
Жапырақ, айтшы, сені сүйер кім бар,
Басынан бұтағының қалсаң құлап.
Жапырақ,
Бұта жайлы не білесің?
Жел тұрса жын тигендей егілесің,
Өзіңді өзіменен егіз көріп,
Өзегі сарғыштанды-ау менің есім.
Жапырақ,
Биігіңнен құлап қалсаң,
Бола ма көңіл айтып жылап барсам?
Кімге айтам сол көңілді,
Бұтаға ма,
Бұтаға болады ма сыр ақтарсам?
Бұта сені білмейді,
Сен бұтаны,
Өмірде не тылсым бар енді тағы?
Көңілім,
Кешқұрым,
Ауа тұнық,
Жапырақтан үрленген шаң жұтады.
Япыр-ау,
Бұтам қайда, діңім қайда.
Мен жығылсам бірге ол да жығылмай ма?
Көңілім қалды,
Жырымды Күнге оқып,
Тек қана,
Айтам енді сырымды Айға.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?