file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Тынышбай Рақым (Жүрегім сені ойласам - тулар бірден)

 Тынышбай Рақым (Жүрегім сені ойласам - тулар бірден)

Мен ерте, сен кештеу сәл туғаныңмен,
Жүрегім сені ойласам - тулар бірден.
Ақындық өмірім-ай, көңілім-ай
Сезімге ерік беріп уландым мен.

У ішсем - мен ішейін, сен ішпеші,
Тағдырдың тұсауына келіспеші.
Жарқырап аймаңдайың бағыңды ашсын,
Аман жүр махаббаттың періштесі!

Қонды ма көңіліңе ұнап үнім,
Сыршыл ғой мұңшыл жанның жыр-әні кіл.
Кешір сен, кешір мені жазығым сол -
Ғашық боп қалғаныма кінәлімін.

Сүйдім мен, сүйдім сені шын беріліп,
Шатастым бейне күнім түн көрініп.
Қырмызы көктем қайта оралғандай
Көкейде бұлбұл сайрап, гүл керіліп.

Басам деп ынтықтырған жан құштарын,
Бір сәтке ойламаппын қарғыс барын.
Арғымақ көңілімді арындаған
Сен өзің көмектесіп, зорға ұстадым.

Келмеді, сәулем, сені өкіндіргім,
Сөнеді, сөнеді әлі отым бір күн.
Гүл қойып қабіріме сонда менің
Жылашы, шын жылауға бекін, құрбым!..

Белгісіз енді маған жолығарың,
Жолықпай кетсең -мәңгі сағынамын.
Бақытты боласың ба, кім біледі,
Ақынның бақытынан соры қалың.

Аймаңдай бір сұлу қыз үшін өліп
Кетсе ақын - оның сырын түсінелік.
Мен сүйген махаббаттың періштесі
Жүрші сен сағынғанда түсіме еніп.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?