Шәңгерей Бөкеев (Қашқын)
(тау черкешінде болған оқиға)
Киіктей орғып таудан Һарун қашты,
Қояндай бүркіт қуған жаман састы.
Соғыстын Һарун қашқан майданында
Төгіліп шеркеш қаны судай тасты.
Ар, намыс, абырой үшін шаһит болған
Ата мен ағасын тастап қашты.
Бастары жерде жатыр шаңға батып,
Дұшпанның ол айтқан жер аяқ асты.
Ата, аға, өлгендердің кегін алмай,
Һарунды үрейі ұшқан қара басты,
Айырылып мылтық, қылыш қаруынан,
Соғыстан соқа басын алып қашты.
Күн батты сол арада, тұмандатты,
Түнеріп жердің бетін мұнар жапты.
Әлпелдің күн шығыстан иісі келіп,
Жер жүзі перделеніп ақшыл тартты.
Ай туып, балқып жерден сары алтындай,
Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты.
Ағызып маңдай терін демін алып ,
Келеді Һарун шаршап арып-талып.
Ай жарық, тау мен тастың арасынан
Таныды ауыл жұртын көзі шалып.
Тым-тырыс, айналада бір дыбыс жоқ,
Келеді бұқпақтаумен тасаланып.
Соғыстан қан төгілген жараланбай,
Бір өзі аман қайтты жалғыз қалып.
Үйіне бір досының келе жатыр,
Көрінді жалтыраған үйде жарық.
Құнысып кірді Һарун ақырындап,
Есіктен аттап үйге аяқ салып.
Сәлімді дос десе де бұрын Һарун,
«Қош келдің!» деп ол алмады бірден танып.
Бұл келсе, Сәлім ауру, хал үстінде,
Өлуге жатыр екен жан тақалып.
Оғынан шық кәпірдің ұлұғ Алла
Сақталмыш сені пірге бір-ақ Алла!
«Соғыстан не хабар бар?» деді Сәлім,
Жанары кеткен көзін аша салып.
Һаруннан жақсы хабар үміт етті,
Түзеліп көз жанары шырай бітті.
Төсектен көтеріліп ақтық демде,
Ер Сәлім келген достан хабар күтті.
- Соғыстық,- деді,- екі күн қысаң жерде
Ата, ағам шахит болды жұртпан бірге.
Бір өзім жасырындым қашқан аңдай,
Бұқпақтап жерлерменен жүлге-жүлге.
Соқпағы қасқыр, қабан жолым болды,
Баспаған жанды жануар, онан өзге.
Аяғым қанды жара тілкем-тілкем,
Тас жарып, қия сынған кіріп шөңге.
Қырылды біздің черкес, сансыз дұшпан,
Қабыл ал, жалғыз мен ғой қалған достан.
Үйіңе кіргіз, мені! - расул куә,
Өлгенше еммәтіңді сірә ұмытпан.
Һарунға Сәлім - үйден шық, кет! - деді.
Масқара болдың тамам, сен жоқ, - деді.
Кісіге сендей қорқақ пана үшін
Не үйім, не дүр дұғам еш жоқ, - деді.
Қайғылы ұятынан көңілі жарым,
Есітті шілте сөздің әр не бәрін.
Ақырын дыбыс етпей шегіншектеп,
Сол үйден қош алмаған шықты Һарун.
Бір үйге және ақырын аяқ басып,
Тоқтады есігіне қатарласып.
Өң-түстей өткен күні еске түсіп,
Мұздаған жас жүрегі кетті тасып.
Бұл үйге қалай Һарун келіп жетті,
Көңіліне түрлі қиял толып кетті.
Нұр жүзі ғашығының қараңғыда
Жалт етіп көрінгендей болып кетті.
Ойланып Һарун сонда - менмін, - деді,
Бұл үйге қай жігіттен кеммін, - деді.
Шығарда жаны басқа сүйгені - мен,
Дем алған тірілігі менмін, - деді.
Бұл үйге кірейін деп келді Һарун,
Жыр даусы үйден шықты кірмес бұрын.
Қуарып жүзі төмен жүре берді,
Ғашықтың сырттан тыңдап айтқан жырын:
«Ай қалқып ақырын туады,
Ер жігіт жауды қуады.
Мылтық жасар жігіттер
Қыздар оны үгіттер.
Сүйіктім менің құрбым дер,
Қыбылаға жүзің бер,
Тағдіріңе ышанып,
Дұшпанға бол қайтпас ер.
Тайма расул, жолынан,
Берме намыс қолыңнан,
Опасыз болып жақынға,
Қарарсыз болып халқыңа,
Мұқатпай жауды кетпеңіз
Ит өліммен ақырда.
Ар, намысқа шыдамас
Жас жігіттер, шын ерлер.
Қорқаққа кет дер, қарамас
Таудағы сұлу гөзелдер.
Көтермей басын жерден аяқ басты,
Кідірмей бұл үйден де шапшаң асты.
Тамшыдай домаланып уақыт-уақыт,
Тамады тырс-тырс етіп көздің жасы.
Мінекей Һарун келді өз еліне,
Бастады көріп елін жан сүйіне.
Түбінен терезенің дауыс етті,
Кіруге ниет етіп өз үйіне.
- Есік аш, шеше! - деді, мен бір байғұс,
Һарунмын - кенже балаң, берген алғыс.
Оғына көп кәпірдің жараланбай,
Бір өзім саған шеше келдім жалғыз...
- Сен өзің жалғызбысың?
- Жалғыз едім.
- Қалдырып ата, ағаңды қалай келдің?
- Шәйттік тапты расул құзырында,
Жазылды халқы болып жәннет елдің.
- Дұшпаннан кек алдың ба олар үшін?
- Алмадым, зырқырап оқтай бірақ таудың ішін.
Қаруым қылыш, кинжал атып ұрып,
Сарп еттім өз жолыңа қуат-күшім.
Жұбатып көңіліңді қайғы толған,
Мен келдім көз жасыңды сүрту үшін.
- Сөйлеме, залым, кәуір бұ жасыңды,
Қимадың жақсы өлімге бір басыңды.
Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен,
Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды.
Қорқақ құл енді маған бала емессін,
Сүрттірмен ұятыңды көз жасымды! -
Теріс бата, осылайша қатты сөзбен
Тамам боп ақырында сөз басылды.
Кетпеді Һарун даусы жақсы, жаман
Түбінен терезенің біраз заман.
Ұятын, ар-намысын ақырында
Бәрін де алмас қылыш етті тәмем.
Шыққанда ертең тұрып көзі түсіп,
Аударды жүзін өлген баласынан.
Сүйегін ешбір адам жерлемейді,
Шәйіттік таппай қашқан жаласынан.
Ит біткен ырылдасып жалап жатты,
Қандарын аққан жерге жарасынан.
Балалар келемештеп, тас лақтырып,
Кетпеді бұл өлікті еш қасынан.
Ертегі соңғылырға болып қалды,
Һарунның істегені не жасынан.
Болмады қашқын жаны ізгілерден,
Шошынып Ізгілерден безіп жүрген.
Рухы тау мен тастың арасында
Кеш болса қаңғырумен кезіп жүрген.
Түн сайын терезені тықылдатып,
Кіруге үйге мойынын созып жүрген.
Үйіне қараңғыда кірер еді.
Есітіп құран сөзін тез қашады,
Бұрынғы әдетінше қашып көрген.
Киіктей орғып таудан Һарун қашты,
Қояндай бүркіт қуған жаман састы.
Соғыстын Һарун қашқан майданында
Төгіліп шеркеш қаны судай тасты.
Ар, намыс, абырой үшін шаһит болған
Ата мен ағасын тастап қашты.
Бастары жерде жатыр шаңға батып,
Дұшпанның ол айтқан жер аяқ асты.
Ата, аға, өлгендердің кегін алмай,
Һарунды үрейі ұшқан қара басты,
Айырылып мылтық, қылыш қаруынан,
Соғыстан соқа басын алып қашты.
Күн батты сол арада, тұмандатты,
Түнеріп жердің бетін мұнар жапты.
Әлпелдің күн шығыстан иісі келіп,
Жер жүзі перделеніп ақшыл тартты.
Ай туып, балқып жерден сары алтындай,
Көтеріліп бірден-бірге жарығы артты.
Ағызып маңдай терін демін алып ,
Келеді Һарун шаршап арып-талып.
Ай жарық, тау мен тастың арасынан
Таныды ауыл жұртын көзі шалып.
Тым-тырыс, айналада бір дыбыс жоқ,
Келеді бұқпақтаумен тасаланып.
Соғыстан қан төгілген жараланбай,
Бір өзі аман қайтты жалғыз қалып.
Үйіне бір досының келе жатыр,
Көрінді жалтыраған үйде жарық.
Құнысып кірді Һарун ақырындап,
Есіктен аттап үйге аяқ салып.
Сәлімді дос десе де бұрын Һарун,
«Қош келдің!» деп ол алмады бірден танып.
Бұл келсе, Сәлім ауру, хал үстінде,
Өлуге жатыр екен жан тақалып.
Оғынан шық кәпірдің ұлұғ Алла
Сақталмыш сені пірге бір-ақ Алла!
«Соғыстан не хабар бар?» деді Сәлім,
Жанары кеткен көзін аша салып.
Һаруннан жақсы хабар үміт етті,
Түзеліп көз жанары шырай бітті.
Төсектен көтеріліп ақтық демде,
Ер Сәлім келген достан хабар күтті.
- Соғыстық,- деді,- екі күн қысаң жерде
Ата, ағам шахит болды жұртпан бірге.
Бір өзім жасырындым қашқан аңдай,
Бұқпақтап жерлерменен жүлге-жүлге.
Соқпағы қасқыр, қабан жолым болды,
Баспаған жанды жануар, онан өзге.
Аяғым қанды жара тілкем-тілкем,
Тас жарып, қия сынған кіріп шөңге.
Қырылды біздің черкес, сансыз дұшпан,
Қабыл ал, жалғыз мен ғой қалған достан.
Үйіңе кіргіз, мені! - расул куә,
Өлгенше еммәтіңді сірә ұмытпан.
Һарунға Сәлім - үйден шық, кет! - деді.
Масқара болдың тамам, сен жоқ, - деді.
Кісіге сендей қорқақ пана үшін
Не үйім, не дүр дұғам еш жоқ, - деді.
Қайғылы ұятынан көңілі жарым,
Есітті шілте сөздің әр не бәрін.
Ақырын дыбыс етпей шегіншектеп,
Сол үйден қош алмаған шықты Һарун.
Бір үйге және ақырын аяқ басып,
Тоқтады есігіне қатарласып.
Өң-түстей өткен күні еске түсіп,
Мұздаған жас жүрегі кетті тасып.
Бұл үйге қалай Һарун келіп жетті,
Көңіліне түрлі қиял толып кетті.
Нұр жүзі ғашығының қараңғыда
Жалт етіп көрінгендей болып кетті.
Ойланып Һарун сонда - менмін, - деді,
Бұл үйге қай жігіттен кеммін, - деді.
Шығарда жаны басқа сүйгені - мен,
Дем алған тірілігі менмін, - деді.
Бұл үйге кірейін деп келді Һарун,
Жыр даусы үйден шықты кірмес бұрын.
Қуарып жүзі төмен жүре берді,
Ғашықтың сырттан тыңдап айтқан жырын:
«Ай қалқып ақырын туады,
Ер жігіт жауды қуады.
Мылтық жасар жігіттер
Қыздар оны үгіттер.
Сүйіктім менің құрбым дер,
Қыбылаға жүзің бер,
Тағдіріңе ышанып,
Дұшпанға бол қайтпас ер.
Тайма расул, жолынан,
Берме намыс қолыңнан,
Опасыз болып жақынға,
Қарарсыз болып халқыңа,
Мұқатпай жауды кетпеңіз
Ит өліммен ақырда.
Ар, намысқа шыдамас
Жас жігіттер, шын ерлер.
Қорқаққа кет дер, қарамас
Таудағы сұлу гөзелдер.
Көтермей басын жерден аяқ басты,
Кідірмей бұл үйден де шапшаң асты.
Тамшыдай домаланып уақыт-уақыт,
Тамады тырс-тырс етіп көздің жасы.
Мінекей Һарун келді өз еліне,
Бастады көріп елін жан сүйіне.
Түбінен терезенің дауыс етті,
Кіруге ниет етіп өз үйіне.
- Есік аш, шеше! - деді, мен бір байғұс,
Һарунмын - кенже балаң, берген алғыс.
Оғына көп кәпірдің жараланбай,
Бір өзім саған шеше келдім жалғыз...
- Сен өзің жалғызбысың?
- Жалғыз едім.
- Қалдырып ата, ағаңды қалай келдің?
- Шәйттік тапты расул құзырында,
Жазылды халқы болып жәннет елдің.
- Дұшпаннан кек алдың ба олар үшін?
- Алмадым, зырқырап оқтай бірақ таудың ішін.
Қаруым қылыш, кинжал атып ұрып,
Сарп еттім өз жолыңа қуат-күшім.
Жұбатып көңіліңді қайғы толған,
Мен келдім көз жасыңды сүрту үшін.
- Сөйлеме, залым, кәуір бұ жасыңды,
Қимадың жақсы өлімге бір басыңды.
Кет жалғыз, қашқын болған масқараңмен,
Қояйын қарайтпай-ақ ақ шашымды.
Қорқақ құл енді маған бала емессін,
Сүрттірмен ұятыңды көз жасымды! -
Теріс бата, осылайша қатты сөзбен
Тамам боп ақырында сөз басылды.
Кетпеді Һарун даусы жақсы, жаман
Түбінен терезенің біраз заман.
Ұятын, ар-намысын ақырында
Бәрін де алмас қылыш етті тәмем.
Шыққанда ертең тұрып көзі түсіп,
Аударды жүзін өлген баласынан.
Сүйегін ешбір адам жерлемейді,
Шәйіттік таппай қашқан жаласынан.
Ит біткен ырылдасып жалап жатты,
Қандарын аққан жерге жарасынан.
Балалар келемештеп, тас лақтырып,
Кетпеді бұл өлікті еш қасынан.
Ертегі соңғылырға болып қалды,
Һарунның істегені не жасынан.
Болмады қашқын жаны ізгілерден,
Шошынып Ізгілерден безіп жүрген.
Рухы тау мен тастың арасында
Кеш болса қаңғырумен кезіп жүрген.
Түн сайын терезені тықылдатып,
Кіруге үйге мойынын созып жүрген.
Үйіне қараңғыда кірер еді.
Есітіп құран сөзін тез қашады,
Бұрынғы әдетінше қашып көрген.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?