Алмас Темірбай (Кішкентай күнә)
─ Күнәң бұл, осымен нешінші?!
─ Күнәсіз адам жоқ... Кешірші...
Кешірші кішкентай күнәмді,
Кешірер Құдай да кінәмді.
Қасыңа жатпадым мен неге,
Басыма жастанып Құранды?!.
Бейтаныс бір әйел азғырды.
Алдады. Арбады. Аздырды.
Мойныма мініп ап сол сайтан,
Қойныма кіріп ап... мәз қылды.
Әлгінің әккісін айтам-ай,
Бүлдірдім,
Бүл-дір-дім байқамай!
Қолымнан келетін дәрмен жоқ,
Соңымнан қалмай жүр, сайтан-ай!
Ойыны о, неткен күшті еді,
Ойына келгенін істеді.
Бір кәрі қаншықтай құтырып,
Тырнады. Талады. Тістеді...
Жылама, қой енді, жылама,
Жылауға хақың жоқ, сірә да.
Бейкүнә еркектің барлығы,
Батып жүр осындай күнәға...
Бір пәле бүлкілдеп ішімде,
Берекет болмай тұр ісімде.
...Көзіңе шөп салдым, ия, рас,
Кешірші... мен кеше... түсімде...
─ Күнәсіз адам жоқ... Кешірші...
Кешірші кішкентай күнәмді,
Кешірер Құдай да кінәмді.
Қасыңа жатпадым мен неге,
Басыма жастанып Құранды?!.
Бейтаныс бір әйел азғырды.
Алдады. Арбады. Аздырды.
Мойныма мініп ап сол сайтан,
Қойныма кіріп ап... мәз қылды.
Әлгінің әккісін айтам-ай,
Бүлдірдім,
Бүл-дір-дім байқамай!
Қолымнан келетін дәрмен жоқ,
Соңымнан қалмай жүр, сайтан-ай!
Ойыны о, неткен күшті еді,
Ойына келгенін істеді.
Бір кәрі қаншықтай құтырып,
Тырнады. Талады. Тістеді...
Жылама, қой енді, жылама,
Жылауға хақың жоқ, сірә да.
Бейкүнә еркектің барлығы,
Батып жүр осындай күнәға...
Бір пәле бүлкілдеп ішімде,
Берекет болмай тұр ісімде.
...Көзіңе шөп салдым, ия, рас,
Кешірші... мен кеше... түсімде...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?