Мұхамеджан Тазабеков (Дін Ислам - Діңгегім + видео)
Жігітті жастық шақта еркі жеңер
Сеніммен ұсталмаса сертің егер
Аллаға құл адамға ұл болу ғой
Намазға кеп түйіссе тең тізелер
Ақын намаз оқыса хақты танып
Алдымен аузындағы сөз түзелер
Он күнәнің тоғызы тілден екен
Сөз түзелсе иншалла ел түзелер
Қазаққа иман, иба қайтып келер
Табансыз емес елім тайқып берер
Иманды елге жұртымыз айналар ма
Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел
Жаратса да құлым деп артық көрер
Алла діні ұстаның заты емес қой
Ұнамаса өзіне қайтып берер
Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық
Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық
Түбім түрік, ал дінім хақ ислам
Солай қарай сеніммен аттанайық
Харам менен халалды ажыратпай
Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық
Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар
Бүгінгінің ұраны ап қояйық
Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз
Адасып айдалада жүрген көшпіз
Арабтың тіліндегі дінмен емес
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр
Ұрылардың үлкені мінбеде жүр
Байланысып шекпенді шенеунікпен
Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр
Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес
Ібілістің үлкені іргеде жүр.
Өмірде аз болған соң иманды шақ
Қазағым қай кезде де қиналғыш - ақ
Исламға иіс алмас болса дағы
Иегова, кришнаидке иланғыш – ақ
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп
Исаны құдай көрген Иван құсап
Өзге дінге көбейсе өтушілер
Сол болар тамырыңды қиған пышақ
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге бөлінген Ливан құсап
Ислам дін емес қой қорек қылмас
Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас
Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер
Оны ойлап өз халқына себеп қылмас
Қазанның қайнағанын аңдитындар
Азанның айдағанын керек қылмас
Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр
Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр
Пайдасы өз басынан аспайтындар
Халықтың көз жасынан сескенбей жүр
Бесіктен текті болып өспегендер
Бес күндік екеніне дес бермей жүр
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар
Құдайдың бар екенін ескермей жүр
Өзгелер көп жүргізер үстемді елге
Аллаға ғибадат аз істелгенде
Бұл қазаққа ислам, имам керек
Кісі өлгенде немесе түс көргенде
Неге ілім білімге талпынбайды
Бәрін біліп туғандай іштен пенде
Ертең бірақ өкініп қаламыз –ау
Қарттық келіп қасыңа түстенгенде
Ажардан нұр базардан құның кетіп
Ажалдан адуынды күш келгенде
Адамның таза болса ой дәптері
Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі
Бір кезде Тұрғыт Өзал намазға кеп
Тұрғанда ел көңілі толмап па еді
Кешегі Димекең де жұманы оқып
Шариғатты білген ғой бойлап тегі
Тек құдайдан қорыққан текті атамыз
Мәскеудің сан қаулысын жоймап па еді
Өліктерді өртейтін Алматыда
Крематорий салдырмай қоймап па еді
Дүние жиып нәпсіге ермеген соң
Қырық жыл елге басшы болмап па еді
Сол Алматы бұл күнде тәнін сатқан
Тірі өлікке толар деп ойлап па еді
Қазағым кейде рас Құлагерсің
Құлагер қашанғы енді құлап өлсін
Жарнамаға алданған жастарымыз
Көңіліне қайдан иман, шуақ енсін
Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ
Оған да халқым өзің куәгерсің
Шал басымен қыз іздеп, шарап ішсе
Аузында қайдан оның дуа болсын
Ештеңе тіліп айтпас тіл секілді
Жырлайын туған елім бір шетіңді
Отан сүю ол дағы иманнан деп
Айтқаны бабалардың шын секілді
Соқыр ішектей шошайып жүргендер көп
Сәлем берсең шалқаяр пір секілді
Халықтың көңілі қазір мұң шертіп тұр
Қобызға қолдан таққан қыл секілді
Ұлттық рухын жоғалтқан ұлдарың көп
Қылышына тар келген қын секілді
Тамырын тарата алмас қыздарың бар
Шелекке отырғызған гүл секілді
Құдайсыз ұрпақты да өсірдік - ау
Құмырадан шығарған жын секілді
Жүрміз – ау жүзді білмей бірді біліп
Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық
Дискотекаң жастардың мешітіндей
Бимен зікір салады шын бүгіліп
Майкл Джексон артық тұр азаншыдан
Әніне тәу етеді құлдық ұрып
Қажыға баратындай қуанады
Жарығын жаққан кезде түнгі клуб
Сыра тасып силайды бірін-бірі
Дәрет алған адамдай зыр жүгіріп
Қаймағы бұзылмаған қайран жастар
Қайда кетіп барады мың құбылып
Келмейді бұл қазаққа сырттан қайғы
Сырттағы елге өзі де сұқтанбайды
Алдын алып көрмеппіз аурудың
Дертің де дер кезінде құнтталмайды
Есіріп есі кеткен жас буындар
Ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды
Жастарында тәрбие-тәлім болмай
Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды
Ағаштың да діңгегін ақтап тұрсаң
Өріктің өзегінде құрт болмайды
Сүйгендей айым асқар, күнім шыңды
Еріген май боп елге үнім сіңді
Құранды оқып қадисті тоқығалы
Ой өсіп, санам сергіп, тілім сынды
Заңды ұрпағы болар едік заңғарлардың
Заман жайлы шерте алсақ бүгін сырды
Біздің дәуір қорабы темекінің
Жылтырлармен ораған күлімсіңді
Ұрпақты улап келген жиырма ғасыр
Жанып біткен жиырма тал шылым сынды
Жаратқанға сенбейтін жамағат көп
Жүргенменен дені сау боп саламат боп
Бүгінгінің байына қарап тұрсаң
Қалтасы бар түбінде қанағат жоқ
Бүгінгі кедейлерге қарап тұрсаң
Қайраты бар қолында қаражат жоқ
Тәнін сатқан тәлімсіз ұрпағың бар
Жүзінде иман жүректе махаббат жоқ
Діні пәс, діңгегі бос қариялар бар
Аузында алла артында аманат жоқ
Жиырмасыншы ғасыр да аяқталды – ау
Кедей – кердең, байында шарапат жоқ
Адалдың аспанында бұлт болмайды
Арамның ауласына құт қонбайды
Жүрегінде иманы жоқ адамның
Жүрген кезде табаны нық болмайды
Аллада адамдарды алалау жоқ
Сауап қылсаң, тәубә қылсаң
Күнәңнан түк қалмайды
Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен
Пейіштің есігінде құлып болмайды
Қай қазақ өз иманын тірнектемес
Қай мұсылман өз дінін құрметтемес
Шапаның қырық жамау болса дағы
Ибалы ел иманыңды кірлетпе еш
Адамдар пейіш баққа бару үшін
Меккеде өмір сүру міндетті емес
Желісін ғасырларда жел үзбеген
Тарих пен тағылымды егіз көрем
Кешегі Кенесары тұлпарына
Доңыздың басқан шөбін жегізбеген
Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз
Құнанбайды дәретсіз емізбеген
Атаның бойындағы тазалықтан
Абай туды тектілік негізбенен
Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін
Торқа киіп мінсе де семіз дөнен
Былғанған бұлақтар кеп құйғанменен
Кінә артпаймын халықтай теңізге мен
Осынау аурудан айықса деп
Пайғамбардың баршасы ем іздеген
Туыңды түсірмесін Тәңір қолдан
Тарихқа көз салайық сағымданған
Қараханид дәуірінде һақ ислам
Мемлекеттік дін болып қабылданған
Сол иманды кезеңде кең даламыз
Күркіреп тұрды емес пе дарындардан
Фараби, Баласағұн, Игінүки
Құраннан қуат алып тамырланған
Ибн – Сина, Хорезми, Бухарилар
Шариғаттан нәр алып шамың жанған
Ғылымының негізін діннен тауып
Сақтаныпты сан тарау ағымдардан
Бейбарыс бекер намаз оқымапты
Көне Мысыр елінде әмір болған.
Самарқанды салдырған Жалаңтөс те
Намаз үсті қаза боп дамылдаған
Солардың барлығы да шариғатпен
Жұртты бастап жолынан жаңылмаған
Солардың ұрпағы-ек деп мақтанамыз
Парыз бен сүннетің жоқ орындалған
Аталарға тартып туған ұрпақ болып
Тілегің көп болса екен қабыл болған
Кешегі Құнанбайлар бұрқасындай
Салмақты болған екен кір тасындай
Арсызға қатал қатты болғанменен
Халқына болған құстың ұлпасындай
Қазыналы қарттарым бар ма қазір
Қасиеті сақталған құлпы ашылмай
Ақсақалдық өнегесі болса егер де
Қалмас еді қыз қысылмай, ұл тосылмай
Ермегі елге бөліп, жерге бөліп
Жүзшілдігін және де жүр жасырмай
Сауап емес іздегені сауна болып
Алла емес арақ-шарап шын досындай.
Балық өстіп басынан шіріп жатса
Қала ма ұлт басылмай, жұрт жасымай
Үлкенге үлгі, кішіге демеу болар
Бүгінгі кей қарияның сиқы осындай
Даналар даламыздың кемесі еді
Еліктейтін ел-жұрттың ересегі
Алланың өзі сөзі рас деген
Ұлы Абай үлкен сенім егесі еді
Дін исламды діңгегім деп білмесе
Қара сөз жазып қайғы жемес еді
Алтынсарин сиынып бір Аллаға
Кел балалар оқылық демес еді
Ал Шәкәрім құрбан боп құдай үшін
Кітап боп қалған артта берешегі
Исламға таң қалған Толстоймен
Талай мәрте хат жазып кеңеседі.
Жәкең де Кремльде намаз оқып,
Ысқырған Сталинмен егеседі
Жұмысын иншалласыз бастамаған
Әлкей Марғұлан ғалымның төресі еді
Жұма намаз оқыған Қонаев та
Дін дегенде езілген емешегі.
Дін ғылымның атасы деп жырлаған
Мұқағали ақылсыз емес еді.
Солардың да барлығын толғандырған
Соңындағы ұрпақтың келешегі.
Тарихтан алар болсақ тағылымды
Қашан да құдай деген ел өседі.
Ата діннен ақиқат тапсақ қана
Терезе өзге жұртпен теңеседі
Алланың һақ жолымен жүрсе ғана
Халықтың айдарынан жел еседі
Жалқаулық жаратқанға ұнамайды
Қамсыз қазақ қартайтқан Ұлы Абайды
Балақ түріп қарекет қылғандардың
Бақыт келіп есігінен сығалайды
Еріншектің етігі көлеңкеде
Соқасы күн астында тұралайды
Көршіңіз байып жатса қуаныңыз
Қуанғаннан намысың құламайды
Өйткені сізге бөліп бермесе де
Қол жайып ештеңкеңді сұрамайды
Әріден түсінейік әрбір жайды
Ешкім келіп шамыңды жандырмайды
Аузыңа әкеп ақ майды салмаса да
Өкімет өзегіңді талдырмайды
Пейілің мен ниетің тарылмасын
Сабырлы адам ашуға алдырмайды
Адамдарға ауызды берген құдай
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды
Көбейіп күнә менен күпіріміз
Азайды тәуба менен шүкіріміз
Ертеңгі нанды қалай табамыз деп
Күрт кеміп кетті кейде күтіміміз
Сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен
Рухани жағынан жұпынымыз
Барыс болам деп жатыр кейбір жандар
Оған біз ой қосуға құқылымыз
Азғындықтан халықты құтқармайды
Азайса ар – ұят, қытығымыз
Намысқа тырыспасақ түк өнбейді
Барысқа ұқсаса да бітіміміз
Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма
Іште өлсе иман менен пікіріміз
Өмірде өшу оңай, өсу қиын
Аллаға айтылмаса зікіріміз
Тауда жүріп таусылған барыс құсап
Кеміп кетіп жүрмесін тұқымымыз...
Сеніммен ұсталмаса сертің егер
Аллаға құл адамға ұл болу ғой
Намазға кеп түйіссе тең тізелер
Ақын намаз оқыса хақты танып
Алдымен аузындағы сөз түзелер
Он күнәнің тоғызы тілден екен
Сөз түзелсе иншалла ел түзелер
Қазаққа иман, иба қайтып келер
Табансыз емес елім тайқып берер
Иманды елге жұртымыз айналар ма
Шіреніп жүрген кезде шалқып нелер
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел
Жаратса да құлым деп артық көрер
Алла діні ұстаның заты емес қой
Ұнамаса өзіне қайтып берер
Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық
Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық
Түбім түрік, ал дінім хақ ислам
Солай қарай сеніммен аттанайық
Харам менен халалды ажыратпай
Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық
Бұрынғының ұраны Аллаһу акбар
Бүгінгінің ұраны ап қояйық
Біз қазақ бұл күндері кіммен доспыз
Адасып айдалада жүрген көшпіз
Арабтың тіліндегі дінмен емес
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз
Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр
Ұрылардың үлкені мінбеде жүр
Байланысып шекпенді шенеунікпен
Кісі өлтірген бұл күні кірмеде жүр
Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес
Ібілістің үлкені іргеде жүр.
Өмірде аз болған соң иманды шақ
Қазағым қай кезде де қиналғыш - ақ
Исламға иіс алмас болса дағы
Иегова, кришнаидке иланғыш – ақ
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп
Исаны құдай көрген Иван құсап
Өзге дінге көбейсе өтушілер
Сол болар тамырыңды қиған пышақ
Бір-бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге бөлінген Ливан құсап
Ислам дін емес қой қорек қылмас
Қазақтан ол ешқашан бөлек тұрмас
Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер
Оны ойлап өз халқына себеп қылмас
Қазанның қайнағанын аңдитындар
Азанның айдағанын керек қылмас
Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр
Ақша, пара қалғанын көзге ілмей жүр
Пайдасы өз басынан аспайтындар
Халықтың көз жасынан сескенбей жүр
Бесіктен текті болып өспегендер
Бес күндік екеніне дес бермей жүр
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар
Құдайдың бар екенін ескермей жүр
Өзгелер көп жүргізер үстемді елге
Аллаға ғибадат аз істелгенде
Бұл қазаққа ислам, имам керек
Кісі өлгенде немесе түс көргенде
Неге ілім білімге талпынбайды
Бәрін біліп туғандай іштен пенде
Ертең бірақ өкініп қаламыз –ау
Қарттық келіп қасыңа түстенгенде
Ажардан нұр базардан құның кетіп
Ажалдан адуынды күш келгенде
Адамның таза болса ой дәптері
Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі
Бір кезде Тұрғыт Өзал намазға кеп
Тұрғанда ел көңілі толмап па еді
Кешегі Димекең де жұманы оқып
Шариғатты білген ғой бойлап тегі
Тек құдайдан қорыққан текті атамыз
Мәскеудің сан қаулысын жоймап па еді
Өліктерді өртейтін Алматыда
Крематорий салдырмай қоймап па еді
Дүние жиып нәпсіге ермеген соң
Қырық жыл елге басшы болмап па еді
Сол Алматы бұл күнде тәнін сатқан
Тірі өлікке толар деп ойлап па еді
Қазағым кейде рас Құлагерсің
Құлагер қашанғы енді құлап өлсін
Жарнамаға алданған жастарымыз
Көңіліне қайдан иман, шуақ енсін
Патшаға шындықты айтар ақсақал жоқ
Оған да халқым өзің куәгерсің
Шал басымен қыз іздеп, шарап ішсе
Аузында қайдан оның дуа болсын
Ештеңе тіліп айтпас тіл секілді
Жырлайын туған елім бір шетіңді
Отан сүю ол дағы иманнан деп
Айтқаны бабалардың шын секілді
Соқыр ішектей шошайып жүргендер көп
Сәлем берсең шалқаяр пір секілді
Халықтың көңілі қазір мұң шертіп тұр
Қобызға қолдан таққан қыл секілді
Ұлттық рухын жоғалтқан ұлдарың көп
Қылышына тар келген қын секілді
Тамырын тарата алмас қыздарың бар
Шелекке отырғызған гүл секілді
Құдайсыз ұрпақты да өсірдік - ау
Құмырадан шығарған жын секілді
Жүрміз – ау жүзді білмей бірді біліп
Қазақтан шығып жатыр түрлі қылық
Дискотекаң жастардың мешітіндей
Бимен зікір салады шын бүгіліп
Майкл Джексон артық тұр азаншыдан
Әніне тәу етеді құлдық ұрып
Қажыға баратындай қуанады
Жарығын жаққан кезде түнгі клуб
Сыра тасып силайды бірін-бірі
Дәрет алған адамдай зыр жүгіріп
Қаймағы бұзылмаған қайран жастар
Қайда кетіп барады мың құбылып
Келмейді бұл қазаққа сырттан қайғы
Сырттағы елге өзі де сұқтанбайды
Алдын алып көрмеппіз аурудың
Дертің де дер кезінде құнтталмайды
Есіріп есі кеткен жас буындар
Ертең ұлық болғанда ұлтты алдайды
Жастарында тәрбие-тәлім болмай
Жұлдызы жанып тұрған жұрт болмайды
Ағаштың да діңгегін ақтап тұрсаң
Өріктің өзегінде құрт болмайды
Сүйгендей айым асқар, күнім шыңды
Еріген май боп елге үнім сіңді
Құранды оқып қадисті тоқығалы
Ой өсіп, санам сергіп, тілім сынды
Заңды ұрпағы болар едік заңғарлардың
Заман жайлы шерте алсақ бүгін сырды
Біздің дәуір қорабы темекінің
Жылтырлармен ораған күлімсіңді
Ұрпақты улап келген жиырма ғасыр
Жанып біткен жиырма тал шылым сынды
Жаратқанға сенбейтін жамағат көп
Жүргенменен дені сау боп саламат боп
Бүгінгінің байына қарап тұрсаң
Қалтасы бар түбінде қанағат жоқ
Бүгінгі кедейлерге қарап тұрсаң
Қайраты бар қолында қаражат жоқ
Тәнін сатқан тәлімсіз ұрпағың бар
Жүзінде иман жүректе махаббат жоқ
Діні пәс, діңгегі бос қариялар бар
Аузында алла артында аманат жоқ
Жиырмасыншы ғасыр да аяқталды – ау
Кедей – кердең, байында шарапат жоқ
Адалдың аспанында бұлт болмайды
Арамның ауласына құт қонбайды
Жүрегінде иманы жоқ адамның
Жүрген кезде табаны нық болмайды
Аллада адамдарды алалау жоқ
Сауап қылсаң, тәубә қылсаң
Күнәңнан түк қалмайды
Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен
Пейіштің есігінде құлып болмайды
Қай қазақ өз иманын тірнектемес
Қай мұсылман өз дінін құрметтемес
Шапаның қырық жамау болса дағы
Ибалы ел иманыңды кірлетпе еш
Адамдар пейіш баққа бару үшін
Меккеде өмір сүру міндетті емес
Желісін ғасырларда жел үзбеген
Тарих пен тағылымды егіз көрем
Кешегі Кенесары тұлпарына
Доңыздың басқан шөбін жегізбеген
Тектілік үлгісіндей Зере әжеміз
Құнанбайды дәретсіз емізбеген
Атаның бойындағы тазалықтан
Абай туды тектілік негізбенен
Азғындап жүрген жандар аз ба бүгін
Торқа киіп мінсе де семіз дөнен
Былғанған бұлақтар кеп құйғанменен
Кінә артпаймын халықтай теңізге мен
Осынау аурудан айықса деп
Пайғамбардың баршасы ем іздеген
Туыңды түсірмесін Тәңір қолдан
Тарихқа көз салайық сағымданған
Қараханид дәуірінде һақ ислам
Мемлекеттік дін болып қабылданған
Сол иманды кезеңде кең даламыз
Күркіреп тұрды емес пе дарындардан
Фараби, Баласағұн, Игінүки
Құраннан қуат алып тамырланған
Ибн – Сина, Хорезми, Бухарилар
Шариғаттан нәр алып шамың жанған
Ғылымының негізін діннен тауып
Сақтаныпты сан тарау ағымдардан
Бейбарыс бекер намаз оқымапты
Көне Мысыр елінде әмір болған.
Самарқанды салдырған Жалаңтөс те
Намаз үсті қаза боп дамылдаған
Солардың барлығы да шариғатпен
Жұртты бастап жолынан жаңылмаған
Солардың ұрпағы-ек деп мақтанамыз
Парыз бен сүннетің жоқ орындалған
Аталарға тартып туған ұрпақ болып
Тілегің көп болса екен қабыл болған
Кешегі Құнанбайлар бұрқасындай
Салмақты болған екен кір тасындай
Арсызға қатал қатты болғанменен
Халқына болған құстың ұлпасындай
Қазыналы қарттарым бар ма қазір
Қасиеті сақталған құлпы ашылмай
Ақсақалдық өнегесі болса егер де
Қалмас еді қыз қысылмай, ұл тосылмай
Ермегі елге бөліп, жерге бөліп
Жүзшілдігін және де жүр жасырмай
Сауап емес іздегені сауна болып
Алла емес арақ-шарап шын досындай.
Балық өстіп басынан шіріп жатса
Қала ма ұлт басылмай, жұрт жасымай
Үлкенге үлгі, кішіге демеу болар
Бүгінгі кей қарияның сиқы осындай
Даналар даламыздың кемесі еді
Еліктейтін ел-жұрттың ересегі
Алланың өзі сөзі рас деген
Ұлы Абай үлкен сенім егесі еді
Дін исламды діңгегім деп білмесе
Қара сөз жазып қайғы жемес еді
Алтынсарин сиынып бір Аллаға
Кел балалар оқылық демес еді
Ал Шәкәрім құрбан боп құдай үшін
Кітап боп қалған артта берешегі
Исламға таң қалған Толстоймен
Талай мәрте хат жазып кеңеседі.
Жәкең де Кремльде намаз оқып,
Ысқырған Сталинмен егеседі
Жұмысын иншалласыз бастамаған
Әлкей Марғұлан ғалымның төресі еді
Жұма намаз оқыған Қонаев та
Дін дегенде езілген емешегі.
Дін ғылымның атасы деп жырлаған
Мұқағали ақылсыз емес еді.
Солардың да барлығын толғандырған
Соңындағы ұрпақтың келешегі.
Тарихтан алар болсақ тағылымды
Қашан да құдай деген ел өседі.
Ата діннен ақиқат тапсақ қана
Терезе өзге жұртпен теңеседі
Алланың һақ жолымен жүрсе ғана
Халықтың айдарынан жел еседі
Жалқаулық жаратқанға ұнамайды
Қамсыз қазақ қартайтқан Ұлы Абайды
Балақ түріп қарекет қылғандардың
Бақыт келіп есігінен сығалайды
Еріншектің етігі көлеңкеде
Соқасы күн астында тұралайды
Көршіңіз байып жатса қуаныңыз
Қуанғаннан намысың құламайды
Өйткені сізге бөліп бермесе де
Қол жайып ештеңкеңді сұрамайды
Әріден түсінейік әрбір жайды
Ешкім келіп шамыңды жандырмайды
Аузыңа әкеп ақ майды салмаса да
Өкімет өзегіңді талдырмайды
Пейілің мен ниетің тарылмасын
Сабырлы адам ашуға алдырмайды
Адамдарға ауызды берген құдай
Нәсіпсіз, нәпақасыз қалдырмайды
Көбейіп күнә менен күпіріміз
Азайды тәуба менен шүкіріміз
Ертеңгі нанды қалай табамыз деп
Күрт кеміп кетті кейде күтіміміз
Сыртқа жүнді қампайтып көрсеткенмен
Рухани жағынан жұпынымыз
Барыс болам деп жатыр кейбір жандар
Оған біз ой қосуға құқылымыз
Азғындықтан халықты құтқармайды
Азайса ар – ұят, қытығымыз
Намысқа тырыспасақ түк өнбейді
Барысқа ұқсаса да бітіміміз
Тірліктің мәні бар ма, сәні бар ма
Іште өлсе иман менен пікіріміз
Өмірде өшу оңай, өсу қиын
Аллаға айтылмаса зікіріміз
Тауда жүріп таусылған барыс құсап
Кеміп кетіп жүрмесін тұқымымыз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?