Валентин күні
Жастардың болғаны ма еліктегіш?
Ой келеді неліктен желікті тыс?
Бөтен елдің дәстүрін тез қабылдап,
Биледі ме сырттан бір ерікті күш?
Желінің əсері ме? Күшін кескен,
Рухани əлсіздік пе? Пісіп өскен.
Əр нəрсеге қуанып алданамыз,
Қабылдап, мағынасын түсінбестен.
Көбейгені белгілі шат күндердің,
Беймəлім, белгілеген тап кімдердің.
Менсінбей наурыз тойын, атап өтіп.
Тойлаймыз мерекесін жат діндердің.
Тастағандай сананы қайып, тоқып,
Шағаладай шиқылдап қайық шоқып.
Өзге ұлт дəстүріне жармасамыз,
Зерттеп, біліп алмастан тарихты оқып.
Білмегенге күнəлі іс, ұдайы көп,
Қорықпай ақыретте сұрайды деп.
Жөнін білмей адасып жүргендер бар,
Валентинді махаббат құдайы деп.
Барлығынан өз дінім таза маған,
Жүрекке сіңіп санамды тазалаған.
Жезөкшені қорғаған Валентинді,
Заманында дарға асып жазалаған.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?