Ұлы дала да оқылған жыр



Дала, қыр іздеп өткенің бәрін,

Тым үнсіз болып, жатқаның мәлім.

Қиқулатып жүрген кең дүниені,

Сай, тасын бөлеп әнменен күйге

Жүруші еді бұлбұлдар күнде.

Дала, қыр сонда қайтіп тұрушы ең,

Әнмене күйге шалқып тұрушы ең.

Тауменен,тасың орман мен көлің,

Теріскейің жайнап, күңгейің қайнап,

Маужырып сонда балқып тұрушы ең.

Дала қыр сонда жайнап тұратын,

Бұлбұл құсы сайрап тұратын

Көгілдір көлі, мөп-мөлдір тұнық,

Сылдыр қағып ақ тұратын.

Үнсізсің дала бүгін сонша ма?

Заманан қашып, үркіп шошы ма,

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған далада мынау,

Болған деседі бұрымдылары.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған дала мына,

Болған деседі ақ кимешектегі,

Бұрынғының нағыз бұлбұлдылары

Бұлбұлдың бүгін дала қырлары,

Болған деседі ұлы далада,

Бұлбұлдар салған дара жолдары.

Бұрынғының нағыз бұлбұлдылары,

Болған деседі бойында ұят,

Жүрегі толы иманға жаны.

Салтпенен дәстүр санада болған,

Ұрпақтан-ұрпақ санаға құйған,

Деседі бұлбұл бұрынғылары.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Асылдың бір кез сынығы болады,

Заманың қыңыр қылығы болады.

Заманан жеткен бұлыңғырлары.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары

Жоғалтып алған далада мына,

Болған деседі, баһадүрлері,

Қасқайып тұрып қалмақты қырған,

Намысы қатты найзағай болған,

Алаштың бұлбұл баһадүрлері-ай.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған далада мына,

Туғансың алаш ұлдары болып,

Заманың сенен үркіді шошып,

Жер ана жатыр үнсіздік етіп,

Алаштың арда азаматтары-ай.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған дала да мына,

Болған деседі, әулилері,

Заманың олар сәулесі еді,

Ахмет, Мәшһүр,сәуегейлері.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған далада мына,

Шәкәрім,Абай, Махамбеттерді,

Заманың қалай түзелмек енді.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алған дала да мына,

Заманан озық ұлыларды.

Заманым, енді құрыды бәрі.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Болған деседі далада мыны

Ұлы далада қашалып тұрып,

Жазылған ұлы бабалар заңы.

Бұлбұлдың бүгін бұлыңғырлары,

Жоғалтып алдық далада мына,

Асылдың сынықтарын,

Тектіліктің ұлық қанын,

Заманан бұғып қалдық,

Ұлы баба жолдарын ұмытып қалдық,

Нар кескен намысымызды суытып алдық.

Уа, баба жолдары біз сені ұмытпадық.

Қай жерде жоғалтсам намысымды,

Сол жерге жалғаймын жаңа сымды.

Ұлы дала рухым қайда?

Тау мен тасқа өрлеген.

Тұлпар мініп төске шауып,

Кең дала да терлеген.

Қайда жерде жоғалтсам рухымды,

Сол арадан жалғаймын жаңа сымды.

Шаршаған сана, қажыған қайрат бәрі де,

Бұлбұл заманан қалғандар бар ғой әлі де.

Өткен заманың бұлбұлдарына қарап мен,

Ұлы дала төсінде оқып тұрмын ұлы өлең.

Тағзым жасап,өткенге кеткенге де,

Басымды ием өмірден өткендерге.

Мың тағзым жасағым келет менің,

Мына күнге біздерді жеткізгенге.

Өткен дәуір өзектерді өртеді,

Жалмап талай жауыздықтың дерттері.

Өткен күндер өмір емес,өрт еді,

Айналаны қызыл шоқпен өртеді.

Өткен күнің аяншты түсі бар.

Келген күннің қаһарлы бір ізі бар.

Жанарына жас боп қатқан көз жастай,

Замананың қайғысы мен мұңы бар.

Азап күннен таң атты азат күнге,

Еткен еңбек,төккен жас,қан мен терде.

Тілегі қазағымның қабыл болып,

Азаттықтың ақ таңы келді бізге...

Ұлы дала бабалар жолдарына,

Жүріп өткен жолаушы тағзым жаса.

Бұл фәнидің бір күндік тіршілігі,

Сан ғұмырдың татиды жалғасына,

Салып кеткен бабалар салтын бұзба,

Ұлы дала бабалар жолдарына,

Жүріп өткен жолаушы тағзым жаса.

Оянып дала қарайды өткеніне,

Ғасырлардан сарқыт боп жеткеніне.

Үнсіздікке толы дала, қырларым,

Қайтқан құстарды есіме аламын.

Үстінде тұрып жер ананың,

Түсіп кеткендерді есіме аламын.

Сайып даланың төсінде анау,

Теріскей мен күңгейге ұқсас,

Жарық даланың пішін мынау.

Елік Бердімұрат.

Байланыс:87477532718.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу