Туған жерге арнау


Той тойлап жатыр бүгін Амангелді атырабы,
Кең даланы сазды әуеннің тербетіп жатыр әні.
Бұдан артық біздерге қуаныш бар ма,сірә?!
Тамыры терең тартып,жайқалса жапырағы.

Ашық аспан астында ауылым тербеледі,
Өзіңе қарай бұрдым мен де жыр-кемені,
Сендегі мөлдір,тұнық таза ауаға,
Білмеймін,қай жердің ауасы тең келеді?!

Туған жерім,тарихын бар көнелерден басталған,
Сыр шертеді бұл күнде сол көнеден жас қалам.
Айналдым сендегі ең білімді жастардан
Амангелді бабамыздай қалың қолды бастаған.

Барша жанға ашық әркез туған жердің құшағы,
Туған жерден әр бір жан қанаттанып ұшады.
Бір өзіңнен артық жер жоқ мен үшін,
Туған жерім,туған елім сөнбесінші ошағың.

Туған жердің арайланып,ата берсін ақ таңы,
Құлпыра бер қызғалдақтай,қызыл гүлдей бақтағы.
Мен өзіңе бар бақытты,бар шаттықты тілеймін,
Жақсылықтың болсын әркез қуанышты жақтары.

Ауезова Кенжегуль



Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу