file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Алматы туралы өлең


Алматым -махаббатым!

Көгіңде күнің сенің шалқи тұрды

Түнің де ұрлап жүр бар ұйқымды,

Мына әлем біле ма екен мына сенің

Мың жылдық қан мен терлі тарихыңды?!

 

Қиын кездер өткізгенің санамда тұр,

Бауырыңда сан түрлі адамдар жүр.

Тарихы тереңдегі бұл Алматым,

Дәл қазір бейбітшілік заманда тұр.

 

Қазақ дейтін бұл қаланың демеуі бар

"Алматы - арман қала" теңеуі дәл,

Өзгелерге мақтан тұтар бұл қаланың,

Шымбұлақ,Көк төбе мен Медеуі бар!

 

Сен менің арман қала Алматымсың,

Сан адамның шынында бар бағысың.

Ғимараттар тұрғызып, әсемдеді,

Димаш ата бабалардың жалғап ісін.

 

Батырлардың қайыспаған ер қанаты.

Бабалар жырлап өткен жер жанаты.

Көгіңде қыран бүркіт қалықтасын,

Мәңгілік тұғырлы бол сен Алматы!

 

 Нурдаулет Саматулы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу

Ілмектер: алматы, махаббат, өлең