Доссорды мекендермін мәңгілікке


Қажеті жоқ Пантеон, Кеңсайың да,

Қауымымен бір жату жөн шайырға.

Өлгеннен соң Доссорға іздеп келсін,

Оқырман білем десе мен жайында.

 

Осында әжелерім, ағалар да,

Қанша жас қияды екен маған Алла.

Бір орын бұйырмай ма әрі кетсе,

Тоқсанға таяп қалған шамаларда.

 

Аңыз ғып айтпаса да атымды Алаш,

Басыма соғып кетер қатын-қалаш.

Топырағы нәр берген туған жерім,

Өзінен шыққан ұлын жатырқамас.

 

Қашан бұйрық келерін жан біліп пе,

Ақыры  болса жақсы мәнді нүкте.

Кезді деп шартарапты сөкпеңіздер,

Доссорды мекендермін мәңгілікке!

 

Есжан Асылбек


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу