file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Естеу Нүсіпбеков (Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар)

 Естеу Нүсіпбеков (Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар)

Секілді сел сыпырған топты қойлар,
Мазасыз өтті жылдар, өтті айлар.
Күйбеңі ошақ басы, от қасының
Қол байлап,
Жанбай сөнді отты ойлар.

Көлденең көк аттыда кете барды
Сыбаға маған тиер бақ-талайлар.
Ақ қағаз ғылым кенін кемірген күн
Азапты таңға айланды бақты байлар.

Қаңбақтай жел ұшырды із таптырмай,
Мағынасы аз жан шыжғырған шапқын айлар.
Тапталды табандарда шөжіп, сөніп,
Бір еңбек өрге сүйрер тапты ма айбар?!

Ой, қырда қайсы ісім бар жұрт өлшеген?
Бітпепті жел есер бір оңған айдар.
Айрылдым ақыр соңы денсаулықтан,
Күн жақын өмір — бесті атты байлар…

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?