Жұмағали Саин (Украина қызына)

 Жұмағали Саин (Украина қызына)

Жайланып, қару-жарақсыз,
Жатырмын, мұнда мен неге?
Өр жүрегім тағатсыз,
Жабырқау тарттың сен неге?
Майдандас достан айырып,
«Жан сауға ма» мені алған.
Сәулетсіз қара тіршілік,
Еттім қашан сені арман!
Төсекке тарттың тән - дене,
Қалды жорық... қалды ду...
Жалынбас ғұмыр пендеге,
Жалынды жүрек, болдың у...
Босат мені, қарағым,
Украина қызы, қарындас.
Қайда екен қару-жарағым;
Қайда майдан, қанда айқас.
Жорыққа мен де енейін,
Оқ жаудыра түн бойлап,
Жаралы жанмын демейін,
Отанды ойлап, елді ойлап
Тұтанып санам, толып ар,
Қысады мені жан-жақтан.
Бер қаруды, бер майдан.
Күреспен өмір артықсын.
Телміріп мұнда жатқаннан,
Тең ұрыста жан шықсын.
Ағалап бір көз жалынды
Қадірлі сұлу қара көз.
Көрсетіп ақ қан қанымды,
Күңірене маған айтты сөз,
— Тоқта, жолдас, тоқта дос,
Жаралы денең жай тапқыз.
Сүйдім ерлер жүрегін,
Сүйдім ұлы жорығын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?