Жұмағали Саин (Мавзолейде)

 Жұмағали Саин (Мавзолейде)

Мраморлы Мавзолейдің,
Кіріп келсем ішіне.
Көзін жұмып жатыр Ленин,
Дақ түспеген түсіне.
Бұл:
Ұлы жан, терең мұхит...
Қалың ойға батқандай.
Бұл әлемге күн нұрындай,
Жаз бергендей — атқандай.
Қолтығынан қызыл жұлдыз
Шығып күлім қаққандай,
Барлық әлем жан рахатын,
Содан ғана тапқандай.
Жатыр әне Мавзолейде,
Ол данышпан, ол қыран.
Онда бақыт, онда сәуле,
Ол ұйқыда; көз жұмған.
Мен де жылда келіп көрем,
Гүл қоямын қасына,
Белгі орнатам өлеңімнен,
Өшпестей ғып басына.
Ұйықта деймін —
Бабам Ленин,
Мұраң, елің қасыңда,
Сен тірісің жүрегімде,
Сенің күзет басыңда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?