Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын балдақ)
![Біржан сал Қожағұлұлы (Алтын балдақ)](/uploads/posts/2016-04/1460228812_a2xvyuznreu.jpg)
Қолыма алынғаным алтын балдақ,
Мен келдім Әкемкерді суға жалдап.
Құйрығын екі - екіден талдап өріп,
Қылмитып мініп шықтым қалқаға арнап.
Болғанда кешке жақын апақ - сапақ,
Алдымен шықты сәулем бейне шапақ.
Кигені қара камшат оқалаған,
Басында бір шоқ үкі бұлғалақтап,
Атымның шаужайынан ұстай алды,
Мен кеттім со қалқаны сөзбен алдап.
Мен келдім Әкемкерді суға жалдап.
Құйрығын екі - екіден талдап өріп,
Қылмитып мініп шықтым қалқаға арнап.
Болғанда кешке жақын апақ - сапақ,
Алдымен шықты сәулем бейне шапақ.
Кигені қара камшат оқалаған,
Басында бір шоқ үкі бұлғалақтап,
Атымның шаужайынан ұстай алды,
Мен кеттім со қалқаны сөзбен алдап.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?