Тұңғыш президент күні (Нұрсұлтан Назарбаев, елбасы)


Құрметті оқырмандар 1 желтоқсан - Тұңғыш президент күні құтты болсын! Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев, Елбасы, президен туралы өлеңдерді жарияладық. Сіздерге ұнайды деп ойлаймыз!


Халқымның көшбасшысы
Тәуелсіз қазақ елім,
Бақ қонған ғажап елім.
Нұрсұлтан Назарбаев
Артамыз сізге сенім.
Елім деп, жерім деген,
Адымдап сенімменен.
Халқымның көшбасшысы
Еңбектен ерінбеген.
Президент ең алғашқы,
Қырандай самғап ұшты.
Халқымның көшбасшысы
Келер күн құшақ ашты.
Жұртымның көшін бастап,
Елімнің үмітін ақтап,
Ұлтымның көшбасшысы
Бірлікті берік сақтап.
Асамыз асулардан
Құламай тасулардан
Әлемнің алды болу
Ол үшін асыл арман
Үлгі боп келешекке
Балаға,ересекке
Президент даңқымызды
Көтерер келешекте
Биік боп көздегені
Бірлік боп іздегені
Халқымның көшбасшысы
Жастарға ол сенеді
Уәдені біз сақтаймыз
Біз жастар құр жатпаймыз
Үмітін елбасының
Шынында біз ақтаймыз


Шымкент қаласы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ФМБ 8Е сынып оқушылары, Пірімхан Нұрасыл
қазақ тілі сабағы,пән мұғалімі Дина Күдерқызы.



Пайдалы сілтемелер:


 Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!


Тіліммен Дінім, Ұятым, Арым, Берекем!
Еліммен Жерім, Арманым, Мұңым, Мерекем!
Алатау Тұлға, Оранған нұрға бақ дарып,
Тәңірден тағлым бұйырған дара Ер екн!
Елбасым, Елбасым!
Айбарым, Ардағым!
Елбасым, Елбасым,
Ойлаған Халқының арманын.
Кемеңгер, көрігім,
Тасқыны жаңа жыр арнаның!

Тамырын терең тарихтан тартып екшеген,
Жүзінен нұры, жүректен жыры өшпеген!
Тәуекел қайық, бақытқа бастар жол ауыр,
Келеді Елі бастаған ұлы көшпенен!

Даналық, мәрттік, ірілік, иман, мың өнер,
Дарабоз, дархан туған ұлым деп біледі ел!
Қай заманда да жол бастар ұлы тұлғалар,
Халқыңның мына бақытына аман жүре гөр!

Елбасым, Елбасым,
Айбарым, ардағым!....


Тұңғыш президент күні құтты болсын

Елім менің сәлем бердім армысың
мейрамдатып бүгін өзің жатырсың,
елбасының мерей тойы ол бүгін
айың сенің оңынан болып ол тусын.

Құтты болсын елбасының мейрамы
мынау халқым тойлатып ол жатқаны,
тұңғыш біздің елбасымыз қазақтың
біздер өзі сайлап алған ол тағы.

Үш күн бойы мейрам берді еліне
тойлатамыз бүгін біздер ертең де,
тойлатыңдар бүгін бәрің шалқытып
қуанышты шаттық мынау өмірде.

Елбасының мерей тойын тойлатып
жатырмыз біз бүгін тағы қуанып,
елбасымыз аман болып бұл күнде
тыныш заман сүрейік біз шаттанып.

Көз тимесін тіл тимесін қазаққа
ешқашанда қалмайық біз мазаққа
Туымызды желбіретіп нық ұстап
қазақ елі жетсін мынау азатқа.

Заманымыз тыныш болсын әрқашан
жетейік біз армандарға аңсаған,
тыныштық пен бейбітшілік болсын деп
жалбарынып тілейік біз Алладан.

Әр қазақтың отбасына, тілеймін мен амандық
ешқашанда болмасын, біздерде еш жамандық,
қазақ елі тату болып бәрімен де әрдайым
орнасыншы арамызда бақыт пенен адалдық.

Көк туымыз биіктерден желбіресін
қазағымның аяғы ешқашанда сүрінбесін,
ұрпағымен ұзақ жасап тыныш заман
Аллам өзі бақытты өмір нәсіп етсін!!!
Ерік Еренғазыұлы
01.12.2018.ж.


Аллаға жалғыз сыйынып,
Алдында Хақтың иіліп!
Қолға алдық ізгі бір істі,
Намазды қыздар жиылып.

Қазақта тұңғыш Елбасы,
Пана боп Алла, қолдашы!
Тілменен Дінді сақтаған,
Бар Қазақ Сіздей болсашы!

Анадан туар Алыптар,
Ана тіл деген қалып бар!
Уызбен құйған мәйегін,
Мырзамен Әлжан Аналар!

Иманның шамын жандырсақ,
Елменен түлеп, жаңғырсақ.
Атынан Әлжан Ананың,
Медресе, Мешіт салдырсақ!

Шақырсақ туыс, жақынды,
Асарға деген мақұл-ды.
Тілекті сонда берер ме,
Жаратқан Ие рахымды!
Жаратқан Ие рахымды!


Сенің атың Нұрсұлтан
Туған елің Қазақстан
Мен Сізден үлгі алам
Қазақстаныммен мақтанам! 


Қажетті сілтемелер:



 НҰРСҰЛТАН 

Сөзі, Әні: Серікбай Маханұлы

“Нұр”-жарық,”Сұлтан”-басшы ел білгенге,
Ежелден қамқор болған тілегенге .
Жаңартып ата саптын - елін ойлап ,
Өмірді жалғастырды күйзелгенге .

Қайырмасы :
Күн көзінен көрінген ,
Жарық сәуле өрілген .
Ел басшысы Нұрсұлтан
Халқына шын берілген .
Нағыз батыр - ер жүрек
Бейбіт күнге зор тірек.

“Нұр” - ойнап жаратылған келбетіне ,
Тыныштық тілегені жер бетіне .
Елтаңба , Ту көтерді Әнұранмен ,
Қазақтың Астанасы нақ төріне .

Қайырмасы :
Достықпен дүниені табындырдың ,
“Киелі” кең далаңа ел қондырдың .
Нұрсұлтан жасай бергін-бейбіт жолы,
Әлемге қазақ елін таныстырдың ,
Қайырмасы :


Достық туын көтеріп

Сөзі, Әні: Серікбай Маханұлы

Өмір шамың қайта жанды сөнгенде,
Нұрсұлтаным Президент боп келгенде.
Шаттықпен адам жүзі күлімдеп,
Дауыс берген сайлау күні бар пенде.

Қайырмасы:
Достықтың туын көтеріп,
Еліңе бақыт келтіріп.
Президент болдың Нұрсұлтан,
Қазақтың салтын тербетіп.

Сансыз бұлақ ағып жатты бұлқынып,
Таңым атты шұғыладан нұр құйып.
Шетте жүрген бауырларым бас қосып
Егеменді “Қазақ”-деген ел болып.

Қайырмасы:
Еркіндіпен достық орнап еліңе,
Көк байрақты желбіреттің көгіңе.
Жер бетінен барлық қазақ жиналып,
Көш бастады ұлылықтың төріне.
Қайырмасы.


Елбасыма


Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі,
Арай тұнық, махаббаттың нұр таңы!
Түркістан боп аялаған санамды,
Ұлы Бидің шұғылалы бұрқағы!
Аспандағы ай, жұлдызым сен менің,
Қадір түнім, таңғажайып ертеңім!
Меккедегі Қағбадай көз тартасың,
Аққу құсым, қиялдағы ертегім!
Ұлы Патшам, сол қабағың тартты ма,
Жүрегіңе сағынышым батты да!
Жақсылықтың періштесі болып кел,
Зәмзәм мөлдір, кәусәр бұлақ, ақ тұма!...
Жаным менің, Жүрегімнің іңкәрі...


Қара Жер жаралғалы қазағымның,
Шын сүйіп, шын түсінген азабын кім?
Жүрекке қолды қойып ниет қылдым,
Жетті деп тарихымды жазатын күн.
Уақыттың диірмендей тасы айналад…
Ұл туса, бауырыңа бас аймалап.
Тағдырды Алла ғана нәсіп етіп,
Тарихты Тұлға ғана жасай алмақ!
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Күн шықты арай шашып аспаныма,
Дүния кілт айналды басқа ағымға.
Ол Ана ұл тумапты, нұр туыпты
Бүгінгі өзек болар дастаныма.
Ол ұлдың заты – Нұрдан, аты – Сұлтан!
Кеш туған зарықтырып уақытынан.
Жаралған жан әлемі Күлтегіндей,
Халықтың арман, тілек, бақытынан.
Қалауын қабыл қыл деп құс – көңілдің,
Асығы алшысынан түскен ұлдың.
Алладан мәдет тілеп жатқан шығар,
Бауырында Әбіш әкей Үшқоңырдың.
Адал боп ақыреттік жан-жарына,
Қарайлап қоңыр тірлік, мал-жанына.
Ұлтына тұтқа болар перзент сыйлап,
Ол да, әне, үнсіз жатыр Әлжан-Ана.
Жанардың жәудіретіп нұрын ала,
Бұл күнді күтті қанша Ұлы Дала.
Ұл туды бір Анасы Алты Алаштың,
Күн шықты арай шашып құбылаға.
Ел үшін Жерді шарлап ұшқан ұлым,
Ұлт үшін аямаған күш-дарынын.
Қазақта Ер тумайды енді Сіздей,
Жарылып кетсе де өті дұшпанымның.
Бабалар армандаған ізгі үмітпен,
Арылды дана халық жүз күдіктен.
– Нұраға, о не дейсіз? Біз дайынбыз!!!
Тарих тұр сахнадан Сізді күткен…
Автор: Маралтай ЫБЫРАЕВ
 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 13
  1. Гость Орынбек
    Гость Орынбек 27.11.2020 14:29
    1 + 1 -
    Тамаша керемет
  2. Заң
    Заң 18.11.2020 00:15
    2 + 2 -
    президент туралы мыкты олендер мен тақпақтар
  3. Серикбай Маханов
    2 + 2 -
    ЖЫР АРНАДЫМ МЕН САҒАН . ( Ақын Нармахан Бегалыұлының Алпыс жасына ) Тылсым жатқан дүниелер тізіліп , Табиғат та , оянады тіл бітіп . Ормандағы жасыл желек шалғындар Шабыт берді ақын жанға тербеліп . Жарқыратып «Шаттық күйін» сыйладың , Ойға тұнған асыл сөзді жыйнадың . Талай түнде ақ парақты шыймайлап Өлең үшін қанша ірет қыйналдың . Ғұмыр бәйге көз алдыңнан өткенде , «Жиде гүлі жұпар шашты» көктемде . Биіктелдің , көтерілдің шыңдарға «Жотадағы жолды» іздеп жеткенде . Тебіреніп шаттандың ба , толғанып , «Ботакөздей бұлағыңды» қолға алып ? Азамат боп , мәртебеңді өсіріп Барасың ба өлең – жырға айналып ? Шын сағаты алпыс жасты соққанда , Сөз салады жетпіс , сексен – тоқсанда . Оралғанда Ордабасым жыр болып Киелі ел өз үлесін қосқанда . Нұр шапағын шашыратты Күн де кеп , Тіршілікте бос жүрмейтін пенде көп . Аз ба , көп пе , шаруаң бар тындырған Төрелігін мезгіл айтар кімде деп ? Сенім артқын ақын , лирик Нармахан , Толқып ағар – өмір өзен арнадан . Өлең жырдың шамы жансын өмірге Деп өзіңе жыр арнадым мен саған . 16 . 04 . 2003 . ж . 192
  4. Серикбай Маханов
    3 + 4 -
    Керемет көп рахмет !
  5. Тогжан Суйеубергенова
    2 + 1 -
    иа
  6. Ансар Адилбек
    Ансар Адилбек 26.02.2016 07:37
    3 + 0 -
    Үстідегі тақпақты неге шымкент деп койган . Мен жазгам гой
  7. Айдос Кудайбергенов
    2 + 2 -
    Оте жаксы
  8. Сымбат Шойбекова
    1 + 1 -
    Керемет!
  9. Султан Ахметов
    Султан Ахметов 25.11.2014 19:28
    1 + 1 -
    МАГАДА УНАДЫ
  10. Aноним
    Aноним 18.11.2014 18:58
    1 + 1 -
    Керемет олен шумақтары, әрине Нурсултандай алтын атамызға оның бари аз болар!!!Рахима курбыма қосыла отырып, Нурсултан. Назарбаевка ұзақ омир тілеймін
  11. Мади Куатпеков
    Мади Куатпеков 18.11.2014 12:53
    1 + 2 -
    Кушты
  12. Рахима Ескендир
    0 + 0 -
    Ескендир Рахима
  13. Рахима Ескендир
    0 + 1 -
    Нұрсұлтан Назарбаевқа менің ризашылығым шексіз.Елінің,жерінің,халқының қамын ойлап,үлкендердің көңілінен шығып,батасын алып отырған біздің елбасымызға неге ризашылық білдірмеске.Мен Н.Ә.Назарбаевқа біріншіден:зор денсаулық,екіншіден:ұзақ өмір,үшіншіден:отбасының амандығын тілеймін.Әлі талай-талай белестерді бағындырасыз деген үміттемін.