Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тіршілік жан туралы)
Қасыңа қылыш қайратқан,
Досыңа гүлдей жайнатқан,
Ерiк пен талап‚ ой берiп,
Ойыңды сөзбен сайратқан
Жан емес дейдi «бiлгiштер».
Осыған нанған есерлер,
Oйы кем‚ сөзге шешендер,
Ақылмен жанды тексермей,
Денешiл‚ пәншiл кеселдер
Дәлелсiз сөзбен iлгiштер.
Бұл жан басынан бар,
Ойла, тексер ақылмен,
Құр сөзге нанып ден қойма!
Шын таза акылдың таппас заты жоқ,
Ол қасиетiн жойма.
Оларды сөзбен қайраған,
Ақылдан алыс айдаған,
Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған
Баяғы Конттың сөзi едi.
Жаңаны көрсе жүгiрген,
Ақылдан әбден түңiлген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл уды судай сiмiрген
Дененiң соқыр көзi едi.
Дене сезiмiне нанба!
Сағым су ма екен? Барып көрсең таяу сол маңға‚
Бар дене, сезiм түгел алдайды,
Бұл сөзiмдi әбден аңда.
Радийдi бұрын бiлiп пе ең,
Электр ұстап көрiп пе ең?
Бәрiн де тапқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүрiп пе ең?
Көрiнбес зат бар бiрталай,
Шығады жаннан көп қуат.
Спирит, гипноз, телепат‚
Пакризм мен лунатик,
Жан сезу, түскер – бәрi жат.
Жан жоқ болса‚ бұл қалай, ойла‚
Жанның жоғы шын ба?
Сал сөзiмдi терең ақыл менен ой сынға.
Сен бұл дәлелге кетсең тоқтамай‚
Мен тағы айтамын, тыңда!
Электриядан не шықты‚
Iстедiң талай қызықты!
Дәл өзiн көрген адам жоқ,
Шын затын оның кiм ұқты?
Iсiнен бiлдiк барлығын.
Жан iсi онан бiр бөлек‚
Еркiмен ойлап түрлемек,
Жан қожа тәнге, тән құлы.
Ерiксiз айдап жүр демек,
Тән iстер жанның жарлығын.
Жанды билей ме екен дене‚
Болса бiр сипат тәннен шыққан билер жан неге?
Жан өсiрiп тұр тәннiң баршасын‚
Тән жан жаратты деме.
Басында жоқты бар қылған‚
Жоқтықты жойып көр қылған‚
Есепсiз дене жаратып‚
Ерiксiз жиып нәр қылған
Жан емей ендi немене?
Жарықтан бiздi бу қылған‚
Құбылтып буды су қылған‚
Суынан топырақ қатырып‚
Топырақтан жасыл туғызған
Ие кiм сонда денеге?
Жансыз тән қалайша жүрмек?
Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек?
Бас қозғалыс қой жанның атасы‚
Ол жаратады түрлеп.
Сол жаннан талай жан өскен‚
Жанына қарай тән өскен‚
Өсiмдiк жаны нашар боп‚
Олардан жәндiк және өскен‚
Жәндiктен адам жаралған.
Жатында қанды емiзген‚
Ауызсыз қорек жегiзген‚
Туғызып‚ түзеп‚ өсiрiп‚
Өзiңдi өзiм дегiзген‚
Тiршiлiк сөйтiп таралған.
Ендi тоқтадың ба‚ жаным?
«Жолдан тiршiлiк шықты» деген сөзге жоқ наным.
Қой «пәленшекем айтты» дегендi‚
Ол қате екенi мәлiм!
Таза ақыл анық адамда‚
Әлiм бе‚ мейлi надан ба?
Айтқанға нанба – шынға нан‚
Жетектеп ойды әманда‚
Ойланбай салма жарысты.
Ақылдың көзiн байлама
Бiлгiш деп басшы сайлама.
Оқуым‚ дiнiм‚ наным деп‚
Әдетке қарай айдама
Ақылға сынат әр iстi.
Ұқсаң айтқанымды шындап‚
Тағы сөзiм бар‚ ақылыңмен оны көр сындап.
Ол басқы жанда бар ма таза ақыл?
Сен осыны тұр тыңдап.
Құбылған әлем жарысы –
Ақылды жанның табысы!
Басында-ақ онда ақыл мол‚
Мақсатты ретпен әр iсi‚
Тереңнен ойла аңғар да.
Көресiң‚ шырақ‚ сен менi‚
Көрсiн деп бүйткен кiм сенi?
Теп-тегiс қара денеңе‚
Ойламай-ақ қой өзгенi‚
Мақсатсыз бiткен тән бар ма?
Ойлы адамсың ғой сен де‚
Бар ма мақсатсыз‚ тәртiбi жоқ нәрсе әлемде?
Ол меңiреу күш емес байқасаң‚
Пән айтты ғой деп сенбе!
«Сезiмiмiз заттан жаралды»,–
Деген сөз мүлде арам-ды.
Ақылды жанның мүлкi – әлем,
Тәртiппен өсiп таралды,
Осыны неге бiлмеген!
Меңiреуде мақсат бола ма?
Ақылға осы қона ма?
Құбылтып түрлеп бояған
Қу сөзге көңiл тола ма?
Дәлелi миға кiрмеген.
Олар шатақ дiннен қашқан‚
Сөйтiп «жан жоқ» деп
Тiптi алысқа кетiп адасқан.
Бар обалы оның шатақ дiншiлде,
Сол дiндi бояп басқан.
Еркiндiк‚ талап, шын сүю‚
Жирену‚ мақсат, ой түю.
Қуаныш, қайғы, күлкi‚ ашу‚
Денесi caу боп жан күю –
Жансыздан бұлар шығар ма?
«Айуаннан адам өзгерек‚
Жаралған дене бiр бөлек.
Сондықтан ойлап бiлдi адам
Жаны жоқ»,– дейдi психолог
Сау адам мұны ұғар ма!
Көзге көрiнбеген затты
Жоқ деп отырып, ертеңiнде талай сыр тапты.
Ол жан туралы оны ойламай,
Бар жанды жоқ деп шатты!
Бұл Жан туралы өлеңнің мұнан кейінгісін басқа бес буынды, екі тұяқ жырмен жазып, аяғындағы сарынға салған жыр қалдырған.
Шаһкәрім
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлiң, бiр мән де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемдi сол мән жаратқан.
Қозғалмаса көшпейдi,
Көшпеген нәрсе өспейдi.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейдi,
Қозғалыс түрлеп таратқан.
Қозғаған қуат – жан деймiз,
Жан өстi жаннан сан деймiз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән деймiз,
Жанына қарай тән болар.
«Өсiмдiк күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш,
Дым тиiп‚ нұр кеп жылытса.
Өс-тағы жайнап, көңiл аш!» –
Дейтұғын жанда мән болар.
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса яки егiлсе,
Онан да таңы атпай ма?
Орсаң да өлмес бидайы.
Жандықта шаhуат болмай ма?
Жатынға барып қонбай ма?
Құбылып қаннан тән жасап,
Түзелiп әбден толмай ма?
Сiздерге мәлiм әр жайы.
Осыны ақыл ұқпай ма?
Дене жанын тықпай ма?
Бастапқы естi жанды ақыл
Адамнан келiп шықпай ма?
Осыдан өзге шын бар ма?
Айтамын мұны жастарға,
Таза арақ iшкен мастарға.
У iшiп, қулық жинаған,
Айтпаймын қуыс бастарға,
Ол ұғынбас, тыңдар да.
Анықты бiлмес дiншiлдер‚
Өзiмшiл, ойсыз, күншiлдер:
«Жаныңды жолдан қосты» деп,
Шариғат айтып күңкiлдер,
Ойында биттей сәуле жоқ.
Дiн айтты: «Маған нан»‚ – дейдi‚
Адасқан дiндi пән дейдi.
Мағынасын анық бiле алмай,
Рух деген сөздi жан дейдi,
Осыдан жаман әуре жоқ.
Рух деген – дiнсiз таза ақыл,
Мiнсiздiң iсi шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзiм – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң.
Аз ақыл ондай көпте бар,
Айуанда айла‚ еп те бар.
Өсiмдiктерде сезiм көп,
Көбелек жейтiн шөп те бар,
Әлемнен сұра алдасам.
Нәпсi дер рухсыз жандарды,
Мейлi адам‚ мейлi аңдарды.
Үстiртiн қарап ұқпайды,
Қай молда мұны аңғарды,
Мәнiсiн бiлмей шатасқан?
«Тәпсiршi» деген атақ бар,
Қарсы айтсаң, молда қақақтар,
Анығын таппай айтылған
Тәпсiрде талай шатақ бар,
Oй жотамен адасқан.
Пәншi мен дiншi тыңдамас,
Жиренiп мұны ұнамас.
Өйткенi олар бiрезу,
Әдетiн тастап шыдамас,
Арланбай бұған еруге.
Бұлқынып‚ тулар‚ зарланар,
Дәлелiн iздеп қарманар.
Иманын бұзу оңай ма?
Күндер де қызар‚ арланар,
Дәлел жоқ жауап беруге.
Пән менен дiн деп қор болар,
Ойында өзi зор болар.
Ноқтадан басын ала алмас,
Жетекшiл айуан сол болар,
Ақылға анық жүгiнбес.
Көнбеуге талай бұлтақтар‚
Күдiктi болып қипақтар.
Миына түсiп бiздiң шоқ‚
Желкесiн қасып сипақтар,
Онысы бiзге бiлiнбес.
Өзiмшiл нәпсi‚ жайдары-ай!
Көгенде қойың бiрталай.
Күңгiртке көзiн қадалттың,
Аныққа қарар ол қалай?
Бастағы миға қол жетпес.
Ақылын сатып есер қу,
Бал екен деп iшкен у.
Онысын өзi сезбейдi,
Тәнi сау болса, жаны – ауру,
Емдейiн десең, емдетпес.
Күлерсiң мас деп сөзiме,
Мастығым жақсы өзiме.
Тазасын тауып бiр жұтсаң,
Көрiнер едi-ау көзiңе,
Алдыңғы айтқан емдерiм.
Жарамсыз болса бiздiң жол,
Дәлелiңдi айт, жақпаса ол.
Ұқпасаң, қылар лажым не?
Мен кеттiм, сiздер аман бол,
Айуанмен анық теңдерiм!
Жалындап жанба, жүрегiм!
Табылар әлде тiлегiң.
Адамның арты бұл емес,
Кейiн де келер, бiлемiн,
Сынайды солар мұныңды.
Таза ақыл ақты барлайды,
Дәлелсiз сөздi алмайды.
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды,
Жалғанға сатпас шыныңды.
Көнбедi деп күйгенiң –
Тiрiде мақтан сүйгенiң.
Ақылды әбден тасалап,
Мақтаннан перде кигенiң,
Жолама, сiрә, мақтанға!
Баршаға жаның ашысын,
Қышыған жерiн қасысын.
Аузыңнан мейлi сары алтын
Бұлақтай ағып тасысын,
Сонда да түспе қақпанға
Досыңа гүлдей жайнатқан,
Ерiк пен талап‚ ой берiп,
Ойыңды сөзбен сайратқан
Жан емес дейдi «бiлгiштер».
Осыған нанған есерлер,
Oйы кем‚ сөзге шешендер,
Ақылмен жанды тексермей,
Денешiл‚ пәншiл кеселдер
Дәлелсiз сөзбен iлгiштер.
Бұл жан басынан бар,
Ойла, тексер ақылмен,
Құр сөзге нанып ден қойма!
Шын таза акылдың таппас заты жоқ,
Ол қасиетiн жойма.
Оларды сөзбен қайраған,
Ақылдан алыс айдаған,
Ойменен тапқан бұлдыр деп,
Дене мен пәнге байлаған
Баяғы Конттың сөзi едi.
Жаңаны көрсе жүгiрген,
Ақылдан әбден түңiлген,
Осыдан дұрыс жол жоқ деп,
Бұл уды судай сiмiрген
Дененiң соқыр көзi едi.
Дене сезiмiне нанба!
Сағым су ма екен? Барып көрсең таяу сол маңға‚
Бар дене, сезiм түгел алдайды,
Бұл сөзiмдi әбден аңда.
Радийдi бұрын бiлiп пе ең,
Электр ұстап көрiп пе ең?
Бәрiн де тапқан таза ақыл
Аспанда ұшып жүрiп пе ең?
Көрiнбес зат бар бiрталай,
Шығады жаннан көп қуат.
Спирит, гипноз, телепат‚
Пакризм мен лунатик,
Жан сезу, түскер – бәрi жат.
Жан жоқ болса‚ бұл қалай, ойла‚
Жанның жоғы шын ба?
Сал сөзiмдi терең ақыл менен ой сынға.
Сен бұл дәлелге кетсең тоқтамай‚
Мен тағы айтамын, тыңда!
Электриядан не шықты‚
Iстедiң талай қызықты!
Дәл өзiн көрген адам жоқ,
Шын затын оның кiм ұқты?
Iсiнен бiлдiк барлығын.
Жан iсi онан бiр бөлек‚
Еркiмен ойлап түрлемек,
Жан қожа тәнге, тән құлы.
Ерiксiз айдап жүр демек,
Тән iстер жанның жарлығын.
Жанды билей ме екен дене‚
Болса бiр сипат тәннен шыққан билер жан неге?
Жан өсiрiп тұр тәннiң баршасын‚
Тән жан жаратты деме.
Басында жоқты бар қылған‚
Жоқтықты жойып көр қылған‚
Есепсiз дене жаратып‚
Ерiксiз жиып нәр қылған
Жан емей ендi немене?
Жарықтан бiздi бу қылған‚
Құбылтып буды су қылған‚
Суынан топырақ қатырып‚
Топырақтан жасыл туғызған
Ие кiм сонда денеге?
Жансыз тән қалайша жүрмек?
Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек?
Бас қозғалыс қой жанның атасы‚
Ол жаратады түрлеп.
Сол жаннан талай жан өскен‚
Жанына қарай тән өскен‚
Өсiмдiк жаны нашар боп‚
Олардан жәндiк және өскен‚
Жәндiктен адам жаралған.
Жатында қанды емiзген‚
Ауызсыз қорек жегiзген‚
Туғызып‚ түзеп‚ өсiрiп‚
Өзiңдi өзiм дегiзген‚
Тiршiлiк сөйтiп таралған.
Ендi тоқтадың ба‚ жаным?
«Жолдан тiршiлiк шықты» деген сөзге жоқ наным.
Қой «пәленшекем айтты» дегендi‚
Ол қате екенi мәлiм!
Таза ақыл анық адамда‚
Әлiм бе‚ мейлi надан ба?
Айтқанға нанба – шынға нан‚
Жетектеп ойды әманда‚
Ойланбай салма жарысты.
Ақылдың көзiн байлама
Бiлгiш деп басшы сайлама.
Оқуым‚ дiнiм‚ наным деп‚
Әдетке қарай айдама
Ақылға сынат әр iстi.
Ұқсаң айтқанымды шындап‚
Тағы сөзiм бар‚ ақылыңмен оны көр сындап.
Ол басқы жанда бар ма таза ақыл?
Сен осыны тұр тыңдап.
Құбылған әлем жарысы –
Ақылды жанның табысы!
Басында-ақ онда ақыл мол‚
Мақсатты ретпен әр iсi‚
Тереңнен ойла аңғар да.
Көресiң‚ шырақ‚ сен менi‚
Көрсiн деп бүйткен кiм сенi?
Теп-тегiс қара денеңе‚
Ойламай-ақ қой өзгенi‚
Мақсатсыз бiткен тән бар ма?
Ойлы адамсың ғой сен де‚
Бар ма мақсатсыз‚ тәртiбi жоқ нәрсе әлемде?
Ол меңiреу күш емес байқасаң‚
Пән айтты ғой деп сенбе!
«Сезiмiмiз заттан жаралды»,–
Деген сөз мүлде арам-ды.
Ақылды жанның мүлкi – әлем,
Тәртiппен өсiп таралды,
Осыны неге бiлмеген!
Меңiреуде мақсат бола ма?
Ақылға осы қона ма?
Құбылтып түрлеп бояған
Қу сөзге көңiл тола ма?
Дәлелi миға кiрмеген.
Олар шатақ дiннен қашқан‚
Сөйтiп «жан жоқ» деп
Тiптi алысқа кетiп адасқан.
Бар обалы оның шатақ дiншiлде,
Сол дiндi бояп басқан.
Еркiндiк‚ талап, шын сүю‚
Жирену‚ мақсат, ой түю.
Қуаныш, қайғы, күлкi‚ ашу‚
Денесi caу боп жан күю –
Жансыздан бұлар шығар ма?
«Айуаннан адам өзгерек‚
Жаралған дене бiр бөлек.
Сондықтан ойлап бiлдi адам
Жаны жоқ»,– дейдi психолог
Сау адам мұны ұғар ма!
Көзге көрiнбеген затты
Жоқ деп отырып, ертеңiнде талай сыр тапты.
Ол жан туралы оны ойламай,
Бар жанды жоқ деп шатты!
Бұл Жан туралы өлеңнің мұнан кейінгісін басқа бес буынды, екі тұяқ жырмен жазып, аяғындағы сарынға салған жыр қалдырған.
Шаһкәрім
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолғабыс.
Жан де мейлiң, бiр мән де,
Сол қуатпен бол таныс,
Әлемдi сол мән жаратқан.
Қозғалмаса көшпейдi,
Көшпеген нәрсе өспейдi.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейдi,
Қозғалыс түрлеп таратқан.
Қозғаған қуат – жан деймiз,
Жан өстi жаннан сан деймiз.
Сол жандар әсер берген соң,
Жаралды сансыз тән деймiз,
Жанына қарай тән болар.
«Өсiмдiк күннен алады ас,
Күн суық болса, түпке қаш,
Дым тиiп‚ нұр кеп жылытса.
Өс-тағы жайнап, көңiл аш!» –
Дейтұғын жанда мән болар.
Жұмыртқада ұрық жатпай ма?
Олар да тамақ татпай ма?
Жылынса яки егiлсе,
Онан да таңы атпай ма?
Орсаң да өлмес бидайы.
Жандықта шаhуат болмай ма?
Жатынға барып қонбай ма?
Құбылып қаннан тән жасап,
Түзелiп әбден толмай ма?
Сiздерге мәлiм әр жайы.
Осыны ақыл ұқпай ма?
Дене жанын тықпай ма?
Бастапқы естi жанды ақыл
Адамнан келiп шықпай ма?
Осыдан өзге шын бар ма?
Айтамын мұны жастарға,
Таза арақ iшкен мастарға.
У iшiп, қулық жинаған,
Айтпаймын қуыс бастарға,
Ол ұғынбас, тыңдар да.
Анықты бiлмес дiншiлдер‚
Өзiмшiл, ойсыз, күншiлдер:
«Жаныңды жолдан қосты» деп,
Шариғат айтып күңкiлдер,
Ойында биттей сәуле жоқ.
Дiн айтты: «Маған нан»‚ – дейдi‚
Адасқан дiндi пән дейдi.
Мағынасын анық бiле алмай,
Рух деген сөздi жан дейдi,
Осыдан жаман әуре жоқ.
Рух деген – дiнсiз таза ақыл,
Мiнсiздiң iсi шын мақұл.
Айуандағы ақыл ол емес,
Аз ғана сөзiм – аз тақыл,
Құраныңды оқы нанбасаң.
Аз ақыл ондай көпте бар,
Айуанда айла‚ еп те бар.
Өсiмдiктерде сезiм көп,
Көбелек жейтiн шөп те бар,
Әлемнен сұра алдасам.
Нәпсi дер рухсыз жандарды,
Мейлi адам‚ мейлi аңдарды.
Үстiртiн қарап ұқпайды,
Қай молда мұны аңғарды,
Мәнiсiн бiлмей шатасқан?
«Тәпсiршi» деген атақ бар,
Қарсы айтсаң, молда қақақтар,
Анығын таппай айтылған
Тәпсiрде талай шатақ бар,
Oй жотамен адасқан.
Пәншi мен дiншi тыңдамас,
Жиренiп мұны ұнамас.
Өйткенi олар бiрезу,
Әдетiн тастап шыдамас,
Арланбай бұған еруге.
Бұлқынып‚ тулар‚ зарланар,
Дәлелiн iздеп қарманар.
Иманын бұзу оңай ма?
Күндер де қызар‚ арланар,
Дәлел жоқ жауап беруге.
Пән менен дiн деп қор болар,
Ойында өзi зор болар.
Ноқтадан басын ала алмас,
Жетекшiл айуан сол болар,
Ақылға анық жүгiнбес.
Көнбеуге талай бұлтақтар‚
Күдiктi болып қипақтар.
Миына түсiп бiздiң шоқ‚
Желкесiн қасып сипақтар,
Онысы бiзге бiлiнбес.
Өзiмшiл нәпсi‚ жайдары-ай!
Көгенде қойың бiрталай.
Күңгiртке көзiн қадалттың,
Аныққа қарар ол қалай?
Бастағы миға қол жетпес.
Ақылын сатып есер қу,
Бал екен деп iшкен у.
Онысын өзi сезбейдi,
Тәнi сау болса, жаны – ауру,
Емдейiн десең, емдетпес.
Күлерсiң мас деп сөзiме,
Мастығым жақсы өзiме.
Тазасын тауып бiр жұтсаң,
Көрiнер едi-ау көзiңе,
Алдыңғы айтқан емдерiм.
Жарамсыз болса бiздiң жол,
Дәлелiңдi айт, жақпаса ол.
Ұқпасаң, қылар лажым не?
Мен кеттiм, сiздер аман бол,
Айуанмен анық теңдерiм!
Жалындап жанба, жүрегiм!
Табылар әлде тiлегiң.
Адамның арты бұл емес,
Кейiн де келер, бiлемiн,
Сынайды солар мұныңды.
Таза ақыл ақты барлайды,
Дәлелсiз сөздi алмайды.
Танитын жанға кез болса,
Хақиқат жерде қалмайды,
Жалғанға сатпас шыныңды.
Көнбедi деп күйгенiң –
Тiрiде мақтан сүйгенiң.
Ақылды әбден тасалап,
Мақтаннан перде кигенiң,
Жолама, сiрә, мақтанға!
Баршаға жаның ашысын,
Қышыған жерiн қасысын.
Аузыңнан мейлi сары алтын
Бұлақтай ағып тасысын,
Сонда да түспе қақпанға
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?