file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сәнқойлар)

 Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сәнқойлар)

Шедірейіп, шекиіп,
Қасын керіп кекиіп,
Қолдан пішін жасаған,
Біреу келер секиіп.

Шырт түкіріп, шынтақтап
Жүз құбылып, қылтақтап.
«Сұлуын-ай шіркіннің»
Дегізбекші жұрт мақтап.

Мұнымен мақтау алмақ па?
Шамалап өзің салмақта.
Мұнша әдемі көрініп,
Көңлі қызға бармақ па?

Мен қыз емес, өзің қыз,
Осы күнде сындасыз.
Өз бетіңді өзің бұз,
Үйте алмаймыз, жаным, біз.

Бояған пішін бола ма,
Оны қылған оңа ма.
Ерте бастан айтқаным –
Сол пішінге жолама.

Бір сал мойын сал келер,
Омырауы дал келер.
Бақайынан келмес-ақ,
Өзінен басқа пенделер.

Құлағын киер тымақтың,
Мойны бостау шырақтың.
Мас кісідей талтақтар,
Осыны қайтіп ұнаттың?

Жүрсе, тұрса, бұлықсып,
Мұнысы тапқан қылықсып,
Өнер қылар, ат мінер,
Жығыла жаздап толықсып.

Осындай салғырт салымыз,
Көтеріп аттан алыңыз.
Аяғын жерге анықтап
Баса алмайды, наныңыз.

Өзіне-өзі өң берген,
Терісін түзеп жөнделген.
Осындай шебер елде көп,
Өз қылығын жөн көрген.

Сен өзгерме, өзің бол,
Жаратты ғой, болар сол.
Құдайдан шебер болмассың,
Қылмай-ақ қой онан мол.

Есіл түзу пішінді,
Түзете алмай қысылды.
Сен құбылмай тек отыр,
Түзетсін Құдай ішіңді

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?