Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жуандар)
Жуандар, елді билеп не қылмақсың,
Өздеріңе айтқызсаң – әділ-ақсың.
Мен қарасам, сендердің бетің теріс,
Әбден асып, ақ жолдан адаспақсың.
Мықты жайын айтайын, тыңдап қара,
Ел алып, жауды жеңіп шықпақ дара.
Партияның басшысы – батырың сол,
Қайраты мол, ішкені ант, шашқан пара.
Малын сатып алған соң ел де онікі,
Ерегісер кісі жоқ, жер де онікі.
Қарсы келсең басыңды қағып тастар,
Болмасыңа амал жоқ сен де онікі.
Қанға тойған иті көп қарсы келсең,
Жаның қалар «тақсыр-ау, сен біл» десең.
Көз көрмеске кетерсің, к...іңді қыс,
Күдеріңді үз жаныңнан тек жүрмесең.
Жақын жүрсең жеткендей төбең көкке,
Жуансып дірілдейсің сен де көпке.
Дос болсаң да, айтқанын қате қылма,
Бәрің соның құлы бол тесік өкпе.
Мақсұты – тамам жанды өзі білмек,
Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.
Сатса мейлі, қонаққа сойса еркі,
Халықты қой есепті айдап жүрмек.
«Мынаны қыр» дегенде, қырып таста,
Ол айтқан соң лажың жоқ қырылмасқа.
Жанның бәрін жүргізбек жарлығымен,
Жуандардың ойы жоқ онан басқа.
Басында жеңбек болып бір дұспанын,
Неше түрлі қатерге салар жанын.
Жолы болып алған соң ақтан безіп,
Есі шығып, білмейді не қылғанын.
Тәкаббардың білсеңіз анық жайын,
Бенде екенін ескермей басқан сайын,
Аласұрып аспанға шығып алып,
Әбден мұтып алады бір Құдайын.
Ақ болсын, қара болсын – өзі сынар,
Біреуді қор, біреуді мықты қылар.
Ақ жүрек, ақыл көзбен сынға алыңыз,
Кім болмақшы болып жүр енді осылар.
Қара қылды қақ жармақ болды ма екен,
Байқаңыз, қылған ісі жөнді ме екен.
Әділ болмай, айтқанын қылмақ болса,
Осылар Тәңірі алдында оңды ма екен.
Үміті сүйгенінің бәрі болмақ,
Бір шыбықпен айдаса, көңілі толмақ.
Ақ десе, қара десе – ерік өзінде,
Ойлашы, бұл мінезбен қайтіп оңбақ.
Қарсы келсең, басыңды кесіп алды,
Ұнаса, арамнан да ішіп алды.
Жанның бәрін бір өзі құлданбақшы,
«Мен де – Құдай» демеген несі қалды.
А, Құдай, сондай жаман ойдан сақта,
Өзің кеш, қара болсақ – өзің ақта.
Бір Құдайға құл болсақ, жетеді сол,
Біреуді құлданбаймыз құтырсақ та.
Жігіттер, анау ойдың түбі жаман,
Ондай жолға кірген жан шықпайды аман.
Кім біледі, Тәңірінің өзіне аян –
Оларға өлгеннен соң қандай заман
Өздеріңе айтқызсаң – әділ-ақсың.
Мен қарасам, сендердің бетің теріс,
Әбден асып, ақ жолдан адаспақсың.
Мықты жайын айтайын, тыңдап қара,
Ел алып, жауды жеңіп шықпақ дара.
Партияның басшысы – батырың сол,
Қайраты мол, ішкені ант, шашқан пара.
Малын сатып алған соң ел де онікі,
Ерегісер кісі жоқ, жер де онікі.
Қарсы келсең басыңды қағып тастар,
Болмасыңа амал жоқ сен де онікі.
Қанға тойған иті көп қарсы келсең,
Жаның қалар «тақсыр-ау, сен біл» десең.
Көз көрмеске кетерсің, к...іңді қыс,
Күдеріңді үз жаныңнан тек жүрмесең.
Жақын жүрсең жеткендей төбең көкке,
Жуансып дірілдейсің сен де көпке.
Дос болсаң да, айтқанын қате қылма,
Бәрің соның құлы бол тесік өкпе.
Мақсұты – тамам жанды өзі білмек,
Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.
Сатса мейлі, қонаққа сойса еркі,
Халықты қой есепті айдап жүрмек.
«Мынаны қыр» дегенде, қырып таста,
Ол айтқан соң лажың жоқ қырылмасқа.
Жанның бәрін жүргізбек жарлығымен,
Жуандардың ойы жоқ онан басқа.
Басында жеңбек болып бір дұспанын,
Неше түрлі қатерге салар жанын.
Жолы болып алған соң ақтан безіп,
Есі шығып, білмейді не қылғанын.
Тәкаббардың білсеңіз анық жайын,
Бенде екенін ескермей басқан сайын,
Аласұрып аспанға шығып алып,
Әбден мұтып алады бір Құдайын.
Ақ болсын, қара болсын – өзі сынар,
Біреуді қор, біреуді мықты қылар.
Ақ жүрек, ақыл көзбен сынға алыңыз,
Кім болмақшы болып жүр енді осылар.
Қара қылды қақ жармақ болды ма екен,
Байқаңыз, қылған ісі жөнді ме екен.
Әділ болмай, айтқанын қылмақ болса,
Осылар Тәңірі алдында оңды ма екен.
Үміті сүйгенінің бәрі болмақ,
Бір шыбықпен айдаса, көңілі толмақ.
Ақ десе, қара десе – ерік өзінде,
Ойлашы, бұл мінезбен қайтіп оңбақ.
Қарсы келсең, басыңды кесіп алды,
Ұнаса, арамнан да ішіп алды.
Жанның бәрін бір өзі құлданбақшы,
«Мен де – Құдай» демеген несі қалды.
А, Құдай, сондай жаман ойдан сақта,
Өзің кеш, қара болсақ – өзің ақта.
Бір Құдайға құл болсақ, жетеді сол,
Біреуді құлданбаймыз құтырсақ та.
Жігіттер, анау ойдың түбі жаман,
Ондай жолға кірген жан шықпайды аман.
Кім біледі, Тәңірінің өзіне аян –
Оларға өлгеннен соң қандай заман
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?