Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)

 Қадыр Мырза Али (Жаңбырдан соң)

Жалт-жұлт етіп, сарт-сұрт етіп жалт ойнап,
Жаздай жаңбыр жаумап еді — жұрт айғақ.
Бимаза жел аспан астын аралап,
Бір мезгілде алып келді бұлт айдап.
Сол-сол екен дала нұрға кенелді,
Қара нөсер құйып ала жөнелді.
Ойнап еді бір топ бала ілкіде
Санын соғып, алақайлап,
Ал енді
Жаңбырдың мол селдетерін білгесін,
Жүгірісіп үйді-үйіне жиды есін.
Жоғалды бұлт
Жабыстырып үстіне
Шөпшілердің күнсіп кеткен жейдесін.
Су-су қылып бозторғайды, шымшықты,
Сілкінді де сұп-сұр аспан тыншықты.
Сахна — көк, шымылдық — бұлт сырылып,
Сығалады, нұрын сеуіп күн шықты.
Жұтты гүлдер нөсер суын, шуақты.
Жылғалардан жылжып қана су ақты.
Жаңбырдан соң күлімдеді табиғат
Жақсы баға
Алған бала
Сияқты

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?