Күләш Ахметова (Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық)
Дүниеде мұң ғана мұңнан да ауыр —
Мұңайғанда жол таппай тұрған бауыр,
Кегі кеткен
далама
келдің бе есен,
Тарихи әділетті туған дәуір!
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қан мен жас — өкінішім.
Таулар шөгіп,
батырлар шейіт болған
Тәуелсіздік таңына жету үшін.
Қанды жебе қадалған дала — жүрек
Сыздап тұрып, ертеңге алады бет.
Жарасына ем іздеп жатқан елге
Жолдас болар ма екенсің, жан әділет!
Ұлы сапар сүрлеуі, соқпағы көп,
Белгісіз деп безуге жоқ тағы рет.
Соқтықпалы сор мекен не көрмеді,
Ащы жасын жел сүртсін, тоқта, әділет!
Бағынғанбыз басымыз ноқталы боп,
Ішімізде көмілген көп қабілет.
Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық,
Жанталаста жақтас тек аққа, әділет!
Қайрат таппай есімде қынжылғаным,
Қанымменен жазылды бұл жырларым.
Кім ағытар жететін жүз жылға әлі
Рухани зорлықтың шынжырларын?!
Енді ашуға тиіспіз бүркеме ойды,
Ізгі жолға қанды қол сілтемейді.
Малын, жерін, алтынын, басын берген
Ақы, кегін атамның кім төлейді?!
Құны кімде?
Мойнына кім алады?
Алтын бастар — ақсүйек, қуарады...
Ұнамады — сөйлесең өз тіліңде,
Өз әкеңді мақтасаң — кінәлады.
Қанша уақыт қағажу, қақпай көрдім.
Қардай суық қырауын сақтайды ол күн.
Есікті ілмей қақпаны ашып тастап,
Өз елімде аз болдым, жаттай болдым.
Кеш түсінген сияқты мұны елім де,
Қалай жүрдік өктемдік түнегінде?
Бір үн жетіп санама ғасырлардан,
Ұлы Тұран оянды жүрегімде!
Түңілме, ақын,
Үніңе үміт кірген.
Түбі бірге түрілді түрікке іргең.
Туыстарың түсінер
Ту керегін
Туған Айдың бейнесі біріктірген!
Ақ сәулесін түсірер жорықтарда Ай,
Аңыздарда айтылған алыптардай
Бабалардың жетпеген ұлы Арманын
Болашаққа боздақ ұл алып барғай!
Қарғып өткей қара орлар қазылғанда!
Жолықпағай жауған оқ,
Жазымдар да —
Маңдайына
Қасірет шеккен халқын
Ұлы өткелден өткізу жазылғанға!
Қайтып жатыр оралып түз алтыны,
Алда — биік асқар шың, мұзарт ұлы.
Президент!
Қазақтың дербестігін
Бүкіл дүние таныды Сіз арқылы.
Ұзай алмас. шідерін үзбеген ат,
Ұлы жолда қатса да мұзға қанат,
Тұқыртқанға көнбеді тұлпар — тағдыр,
Сол тағдыры халықтың Сізге — аманат
Сізге аманат — ертеңі армандардың,
Сізге аманат — өркені ормандардың.
Жалғанда жолы даңғыл болған емес
Халқының қамқоршысы болғандардың.
Бұғау үзген бізге бұл бұйырды үлес.
Әзірлігі аз, жүгі ауыр биылғы көш,
Жолбарыстай шеңгелді
батырлықтың
Бағын сынар басталды қиын күрес!
Қиын күрес!
Ерекше елдік егес!
Ұлан асу — бейтаныс белгі, белес.
Емін-еркін дастарқан жая алмаса,
Қазақ үшін бұл теңдік теңдік емес!
Өнердің де сыналар кезі нағыз,
Ғашық едік ғасырлар сазына біз.
Түсіп қалып жүрмегей нар қомынан
Мына көште өлең, жыр — қазынамыз,
Патшалықтың тәжінен ауыр бар ма?
Дауылдарда
тартарсыз қауымды алға.
Жағдай қалай дейтін де кез келгендей
Жат жердегі жәудіркөз бауырларға.
Жат жерден де несібе табылады,
Несібесін қимаса, не қылады?
Бірақ солар
ата жұрт, ақ бесігін
Қазақтың сағынышымен сағынады!
Естігендей жүрегім бөлек үнді,
Бір сағыныш кернейді өлеңімді.
Қазақтың сағынышы неге шексіз,
Қазақтың сағынышы неге мұңды?!
Жібермеуді үйрендік сөзден есе,
Кім үйретер өнерді өзге неше?
Тәуелсіздік кім үшін,
Туған халқың
Тұтастығын сақтауды көздемесе?!
Не етсем екен? Жыласам, күлсем бе екен?
Басқанікі сияқты жүрсем мекен.
Әрбір жолға гүл болып шықсам ба екен,
Әрбір үйге самал боп кірсем бе екен?
Өлең жазсам, жаныма осы ем бе екен?
Жан сарайын қалайша әсемдетем?
"Қазақтың жауы — қазақ"
болар болса,
"Әйелдер, ұл тумаңдар!" — десем бе екен?
Жатқа сенбең!
Байқалмас бар қастығы.
Жасқанбай айт, ақынның алмас тілі!
Бүгін дос боп тұрса да, жат түбірден
Опасыздық көрінбей қалмас түбі...
Төсі нала кең дала — мұңлы алыптың,
Көз тіккендер көп болған сұрланып тым.
Бір халықтың қалуы — екіталай,
Адалдығы болмаса бір халықтың!..
Тыңдағанда дағдарған дала түрлі ән,
Самғай алмай,
Қайрылып қанатынан,
Бір талпынып,
бір құлап,
тұрдың-ау сен,
Ел екенсің сынаққа жаратылған.
Ертеңінен ел-жұртың не күтеді?
Әрекетсіз отырсаң, не бітеді?
Арсыздардың алдында мына заман
Арлылардың ер басын кемітеді.
Елге барсам — құрулы қақпандар көп,
Ептілерге жем болып жатқандар көп.
Момынның ақысын жеп жатқандарға
Айқайлағым келеді: "Тоқтаңдар!" — деп.
Біз ұшырдық үміттің құсын кеше,
Дұшпан оғы жерге атып түсірмесе..,
Азаттықтан не пайда,
аудармасыз
Баламның тілін әкем түсінбесе?!
Бауырында даламның шер көп деп ем,
Айтқызбаса, астарлап өрнектегем.
Мейірімнен тапшылық көруі анық —
Өз қолымен бесігін тербетпеген.
Не болғанын жүретін білмей қалып,
Жер бетінде бар ма екен мұндай халық?
Теңдік бар да,
теңге жоқ,
жеткіншегім,
Меншік келсе, кетпей ме құлға айналып?!
Қараңдаршы басқа жұрт, басқа ауылға,
Қайнарлардың тағдыры — бастауында.
Мүмкіндіктер есігін ашқан игі
Ең алдымен жаны ізгі жас қауымға.
Қорғай алмай
Жүз мың қыз гүл намысын,
Жалғыздықтан
Жабырқап тұрғаны шын.
Менің қайғым —
Өкінсе аруларым
Қазақтың қызы болып туғаны үшін.
Жүрегімді сыздаған ағыс кернер,
Көбейгенін қайтейін жаңа іскерлер.
Қыздар жылап тұрғанда босағаңда,
Бостандықтан не қайыр, намысты ерлер?!
Аяп,
Сүйіп,
Қараймын саған, мекен,
Көңіліме кіреді алаң бөтен.
Бұл ғаламда бақытты елдер қанша,
Иығың тең солармен болар ма екен?
Біз бақытқа жетерміз шын аңсаған,
Тозып кетпей, туған жер тұра алса аман.
Төзім — сенің егізің,
Екінші атың,
Шыда, жұртым, берілген шыдам саған.
Мықтылығы біртіндеп білінген ел,
Назарына әлемнің ілінген ел.
Бір арысқа тілеуқор болармысың,
Үш хан сайлап, үш биге жүгінген ел?
Тәуелсіздік туралы сөз қылған ел,
Бақ пен сорды басынан оздырған ел,
Қайда бара жатырсың,
арақ ішіп,
Абайсызда ұрпағын аздырған ел?
Ай таңбалы, бөрілі байрақ елім,
Бірде тұнжыр, бірде шат, сайран елім,
Есебі жоқ, ебі жоқ қалпыңменен
Қайда бара жатырсың, қайран елім?!
Сақтау үшін өрісті, қонысты аман,
Бостандыққа боларсың жол ұстаған.
Еліктегіш мінезден арыла алмай,
Арманыңды іздерсің алыстаған.
Арманыңа жете алсаң,
Сүйінші бар.
Мезгіл келер заманның сыйын сұрар.
Тәуелді боп үйренген елге
бірден
Еркіндікке үйрену қиын шығар.
Алғызбайтын саясат — алыспасаң,
Адырнадан оқ тиер намысқа сан!
Құрық тимей, ғұмыр жас
Құрбан болмай,
Келіп еді
Далама жеңіс қашан?
Ер мұраты болмағай елден бөлек,
Ізгілікпен жеңілдер жер — дөңгелек.
Бір адамның қолынан бәрі келмес,
Бәрімізден күш керек, жәрдем керек!
Біз ертерек көрейік Еркін Елді,
Еркіндіктің аулына жол тірелді.
Қабілеті адамның — шексіз,
жұртым,
Өзіңдікін өзің ал, жең түр енді.
Байтақ елің бірлікке талпынса әман,
Жеңістерге жетер-ау шарқың, шамаң.
Бастан биік
Ұлт туын
Ұстау үшін,
Қайсар жүрек тілеймін, халқым, саған
Орындалып ақыры шықты ойдағы,
Алыс жолда көтерген жүк — пайдалы.
Біздің күрес біткен жоқ бүгінгімен,
Біздің күрес біткен жоқ,
бітпейді әлі!
Жоғалтқанын табады дала қайдан?
"Елім-ай" деп егіліп, аралайды ән.
Қаһарман ел, басыңды жоғары ұста,
Жолы қашық, бұл шеру жаңа майдан.
Мен Алладан сұраймын мінәжат қып,
Заман бізге жасамай, сірә, жаттық,
Бұл далама,
Ұлтыма,
Ұрпағыма
Шын мәнінде келгей деп шын Азаттық
Аруақтар да қалмағай мақұл көрмей,
Жер-Ананың тәніне зақым келмей.
Ұлы үлестен
Ұлы күш
Ұрпағыма
Ұлы еншісін алатын ақыл бергей!
Мейлі бізге қиын жол қисын азап,
Тербегенде табиғат — күйші ғажап,
Адамзаттың баратын дәуіріне
Аман-есен барса екен иісі қазақ!
Мұңайғанда жол таппай тұрған бауыр,
Кегі кеткен
далама
келдің бе есен,
Тарихи әділетті туған дәуір!
Еске түсіп, езіліп отыр ішім,
Тарих қойны қан мен жас — өкінішім.
Таулар шөгіп,
батырлар шейіт болған
Тәуелсіздік таңына жету үшін.
Қанды жебе қадалған дала — жүрек
Сыздап тұрып, ертеңге алады бет.
Жарасына ем іздеп жатқан елге
Жолдас болар ма екенсің, жан әділет!
Ұлы сапар сүрлеуі, соқпағы көп,
Белгісіз деп безуге жоқ тағы рет.
Соқтықпалы сор мекен не көрмеді,
Ащы жасын жел сүртсін, тоқта, әділет!
Бағынғанбыз басымыз ноқталы боп,
Ішімізде көмілген көп қабілет.
Теңдік үшін мұхитқа қайық салдық,
Жанталаста жақтас тек аққа, әділет!
Қайрат таппай есімде қынжылғаным,
Қанымменен жазылды бұл жырларым.
Кім ағытар жететін жүз жылға әлі
Рухани зорлықтың шынжырларын?!
Енді ашуға тиіспіз бүркеме ойды,
Ізгі жолға қанды қол сілтемейді.
Малын, жерін, алтынын, басын берген
Ақы, кегін атамның кім төлейді?!
Құны кімде?
Мойнына кім алады?
Алтын бастар — ақсүйек, қуарады...
Ұнамады — сөйлесең өз тіліңде,
Өз әкеңді мақтасаң — кінәлады.
Қанша уақыт қағажу, қақпай көрдім.
Қардай суық қырауын сақтайды ол күн.
Есікті ілмей қақпаны ашып тастап,
Өз елімде аз болдым, жаттай болдым.
Кеш түсінген сияқты мұны елім де,
Қалай жүрдік өктемдік түнегінде?
Бір үн жетіп санама ғасырлардан,
Ұлы Тұран оянды жүрегімде!
Түңілме, ақын,
Үніңе үміт кірген.
Түбі бірге түрілді түрікке іргең.
Туыстарың түсінер
Ту керегін
Туған Айдың бейнесі біріктірген!
Ақ сәулесін түсірер жорықтарда Ай,
Аңыздарда айтылған алыптардай
Бабалардың жетпеген ұлы Арманын
Болашаққа боздақ ұл алып барғай!
Қарғып өткей қара орлар қазылғанда!
Жолықпағай жауған оқ,
Жазымдар да —
Маңдайына
Қасірет шеккен халқын
Ұлы өткелден өткізу жазылғанға!
Қайтып жатыр оралып түз алтыны,
Алда — биік асқар шың, мұзарт ұлы.
Президент!
Қазақтың дербестігін
Бүкіл дүние таныды Сіз арқылы.
Ұзай алмас. шідерін үзбеген ат,
Ұлы жолда қатса да мұзға қанат,
Тұқыртқанға көнбеді тұлпар — тағдыр,
Сол тағдыры халықтың Сізге — аманат
Сізге аманат — ертеңі армандардың,
Сізге аманат — өркені ормандардың.
Жалғанда жолы даңғыл болған емес
Халқының қамқоршысы болғандардың.
Бұғау үзген бізге бұл бұйырды үлес.
Әзірлігі аз, жүгі ауыр биылғы көш,
Жолбарыстай шеңгелді
батырлықтың
Бағын сынар басталды қиын күрес!
Қиын күрес!
Ерекше елдік егес!
Ұлан асу — бейтаныс белгі, белес.
Емін-еркін дастарқан жая алмаса,
Қазақ үшін бұл теңдік теңдік емес!
Өнердің де сыналар кезі нағыз,
Ғашық едік ғасырлар сазына біз.
Түсіп қалып жүрмегей нар қомынан
Мына көште өлең, жыр — қазынамыз,
Патшалықтың тәжінен ауыр бар ма?
Дауылдарда
тартарсыз қауымды алға.
Жағдай қалай дейтін де кез келгендей
Жат жердегі жәудіркөз бауырларға.
Жат жерден де несібе табылады,
Несібесін қимаса, не қылады?
Бірақ солар
ата жұрт, ақ бесігін
Қазақтың сағынышымен сағынады!
Естігендей жүрегім бөлек үнді,
Бір сағыныш кернейді өлеңімді.
Қазақтың сағынышы неге шексіз,
Қазақтың сағынышы неге мұңды?!
Жібермеуді үйрендік сөзден есе,
Кім үйретер өнерді өзге неше?
Тәуелсіздік кім үшін,
Туған халқың
Тұтастығын сақтауды көздемесе?!
Не етсем екен? Жыласам, күлсем бе екен?
Басқанікі сияқты жүрсем мекен.
Әрбір жолға гүл болып шықсам ба екен,
Әрбір үйге самал боп кірсем бе екен?
Өлең жазсам, жаныма осы ем бе екен?
Жан сарайын қалайша әсемдетем?
"Қазақтың жауы — қазақ"
болар болса,
"Әйелдер, ұл тумаңдар!" — десем бе екен?
Жатқа сенбең!
Байқалмас бар қастығы.
Жасқанбай айт, ақынның алмас тілі!
Бүгін дос боп тұрса да, жат түбірден
Опасыздық көрінбей қалмас түбі...
Төсі нала кең дала — мұңлы алыптың,
Көз тіккендер көп болған сұрланып тым.
Бір халықтың қалуы — екіталай,
Адалдығы болмаса бір халықтың!..
Тыңдағанда дағдарған дала түрлі ән,
Самғай алмай,
Қайрылып қанатынан,
Бір талпынып,
бір құлап,
тұрдың-ау сен,
Ел екенсің сынаққа жаратылған.
Ертеңінен ел-жұртың не күтеді?
Әрекетсіз отырсаң, не бітеді?
Арсыздардың алдында мына заман
Арлылардың ер басын кемітеді.
Елге барсам — құрулы қақпандар көп,
Ептілерге жем болып жатқандар көп.
Момынның ақысын жеп жатқандарға
Айқайлағым келеді: "Тоқтаңдар!" — деп.
Біз ұшырдық үміттің құсын кеше,
Дұшпан оғы жерге атып түсірмесе..,
Азаттықтан не пайда,
аудармасыз
Баламның тілін әкем түсінбесе?!
Бауырында даламның шер көп деп ем,
Айтқызбаса, астарлап өрнектегем.
Мейірімнен тапшылық көруі анық —
Өз қолымен бесігін тербетпеген.
Не болғанын жүретін білмей қалып,
Жер бетінде бар ма екен мұндай халық?
Теңдік бар да,
теңге жоқ,
жеткіншегім,
Меншік келсе, кетпей ме құлға айналып?!
Қараңдаршы басқа жұрт, басқа ауылға,
Қайнарлардың тағдыры — бастауында.
Мүмкіндіктер есігін ашқан игі
Ең алдымен жаны ізгі жас қауымға.
Қорғай алмай
Жүз мың қыз гүл намысын,
Жалғыздықтан
Жабырқап тұрғаны шын.
Менің қайғым —
Өкінсе аруларым
Қазақтың қызы болып туғаны үшін.
Жүрегімді сыздаған ағыс кернер,
Көбейгенін қайтейін жаңа іскерлер.
Қыздар жылап тұрғанда босағаңда,
Бостандықтан не қайыр, намысты ерлер?!
Аяп,
Сүйіп,
Қараймын саған, мекен,
Көңіліме кіреді алаң бөтен.
Бұл ғаламда бақытты елдер қанша,
Иығың тең солармен болар ма екен?
Біз бақытқа жетерміз шын аңсаған,
Тозып кетпей, туған жер тұра алса аман.
Төзім — сенің егізің,
Екінші атың,
Шыда, жұртым, берілген шыдам саған.
Мықтылығы біртіндеп білінген ел,
Назарына әлемнің ілінген ел.
Бір арысқа тілеуқор болармысың,
Үш хан сайлап, үш биге жүгінген ел?
Тәуелсіздік туралы сөз қылған ел,
Бақ пен сорды басынан оздырған ел,
Қайда бара жатырсың,
арақ ішіп,
Абайсызда ұрпағын аздырған ел?
Ай таңбалы, бөрілі байрақ елім,
Бірде тұнжыр, бірде шат, сайран елім,
Есебі жоқ, ебі жоқ қалпыңменен
Қайда бара жатырсың, қайран елім?!
Сақтау үшін өрісті, қонысты аман,
Бостандыққа боларсың жол ұстаған.
Еліктегіш мінезден арыла алмай,
Арманыңды іздерсің алыстаған.
Арманыңа жете алсаң,
Сүйінші бар.
Мезгіл келер заманның сыйын сұрар.
Тәуелді боп үйренген елге
бірден
Еркіндікке үйрену қиын шығар.
Алғызбайтын саясат — алыспасаң,
Адырнадан оқ тиер намысқа сан!
Құрық тимей, ғұмыр жас
Құрбан болмай,
Келіп еді
Далама жеңіс қашан?
Ер мұраты болмағай елден бөлек,
Ізгілікпен жеңілдер жер — дөңгелек.
Бір адамның қолынан бәрі келмес,
Бәрімізден күш керек, жәрдем керек!
Біз ертерек көрейік Еркін Елді,
Еркіндіктің аулына жол тірелді.
Қабілеті адамның — шексіз,
жұртым,
Өзіңдікін өзің ал, жең түр енді.
Байтақ елің бірлікке талпынса әман,
Жеңістерге жетер-ау шарқың, шамаң.
Бастан биік
Ұлт туын
Ұстау үшін,
Қайсар жүрек тілеймін, халқым, саған
Орындалып ақыры шықты ойдағы,
Алыс жолда көтерген жүк — пайдалы.
Біздің күрес біткен жоқ бүгінгімен,
Біздің күрес біткен жоқ,
бітпейді әлі!
Жоғалтқанын табады дала қайдан?
"Елім-ай" деп егіліп, аралайды ән.
Қаһарман ел, басыңды жоғары ұста,
Жолы қашық, бұл шеру жаңа майдан.
Мен Алладан сұраймын мінәжат қып,
Заман бізге жасамай, сірә, жаттық,
Бұл далама,
Ұлтыма,
Ұрпағыма
Шын мәнінде келгей деп шын Азаттық
Аруақтар да қалмағай мақұл көрмей,
Жер-Ананың тәніне зақым келмей.
Ұлы үлестен
Ұлы күш
Ұрпағыма
Ұлы еншісін алатын ақыл бергей!
Мейлі бізге қиын жол қисын азап,
Тербегенде табиғат — күйші ғажап,
Адамзаттың баратын дәуіріне
Аман-есен барса екен иісі қазақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?