file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сөзi)

 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз сөзi)

Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен?
Деме менi тұрақсыз.
Болар едiм,әттең,саған тәттi өлең,
Махаббатта болмайды екен сынақсыз.
Өмiр өтед өзендейiн тасып мың,
Кедергiсiн келтiрмесiн бiзге бiр.
Сенесiң бе, ғашықпын,
Айта алмайды қыз-көңiл.
Менiң нәркес жанарымнан сез ендi,
Қыз сезiмiм iштей ғана көсiлед,
Сезем сен де ұнатасың,өзендi
Жiгiт болсаң,кешiп өт.
Орнасыншы арамызда теңдiк мың,
Адалдықтың жолы нық.
Иә,иә! Мен сендiкпiн гой,сендiкпiн!
Соны ұқ!

Сенiң маған болмысың ұнап тұрды.
Бiрақ,әттең,көңiлде сұрақ тұрды.
Өйткенi сен өтiрiк айтқан сайын,
Қыз-жүрегiм қайғыдан жылап тұрды.
Деп едiм-ау сезiмге айналар бақ,
Қыз көңiлi,айтшы ендi,қайда қалад?
"Неге?" дедiм аспаннан,бұлттан сұрап,
"Неге?" дедiм жұлдызға,айға қарап.
Жүрегiмде мөлтiлдеп қалды жаңбыр,
Алдамашы,шын сенген жанды нандыр.
Өтiрiкпен мың рет өлтiргенше,
"Сүймеймiн" деп көңiлдi мәңгi қалдыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?